400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен өз Отанымның патриотымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан туралы білетіндерін сұрау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен өз Отанымның патриотымын!»

( «Мəңгілік ел» – патриоттық акциясы.)

Сабақтың мақсаты:

- Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру;

- Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тəрбиелеу;

- Оқушыларға патриоттық, адамгершілік тəрбие беру;

Сабақтың міндеті:

- Туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

- Елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сəлеметсіздер ме балалар, мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Тыныштық сəті.

Баққа ойша серуен.

Мұғалім:

Балалар ыңғайланып, денелерімізді тік ұстап отырыңдар. Көзімізді жұмамыз. Таңертең сабаққа келе жатырсыз. Кенет күлімдеп күн шығып саған нұрвн төкті. Сол кезле сенің бойыңда керемет күш пайда болды. Бұл нұр сəулесінің саған беріп жатқан жылылығы, жақсылығы, қуанышы. Оны сен достарыңа беруге мектепке қарай асықтың. Кенет алдыңнан бақ кездесті. Бақтың ішіне кіріп едіе тамаша табиғат, мөлдір бұлақ, тау самалынан есккн самал жел, бəрі-бəрі тамаша, керемет күйге енесің. Сен сол жақсылықты достарыңмен, ұстазыңмен тезірек бөлісуге асығып мектебіңе келдің.

- Ал, балалар сен мектепке келе жатқанда қандай сезімде болдың?

- Туған жеріңді көз алдыңа қалай елестеттің?

(Оқушылар пікірі тыңдалады)


Кіріспе сөз.

- Отан - əр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос-жарандарың, туған туысқаные. Отан – бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз өз еліміздің патриотымыз!

Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін,

Досым білгің келе ме?

1-оқушы:

Отан – деген атамекен,

Оиан – деген туған жер.

Отан – ана, Отан – пана,

Қазақстан туған ел! (Алдияр)

2-оқушы:

Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

3-оқушы:

Отан - тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз – халқын.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын. (Азамат)

4-оқушы:

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың. (Мұрагер)

5-оқушы:

Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл! (Мадина)


Хор: «Отан»

- Біздің Отанымыз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

- Қазақстан Республикасының елбасы кім?


Ел болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады.

Тəуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағаеды, Шымкент, Қостанай, Көкшетау, Ақтау, Опал, Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорла, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар - əдемі қалалар.

Астана – отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасынла орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

Қазақстан – тəуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер жəне т.б ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тəтті, бірліте өмір сүріп жатыр.

Мемлекеттік тіл -қазақ тілі. Қазақ тілін білу - əрбір қазақстандық азаматтың борышы.

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтар Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекеттің Ата заңы қорғайды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері қабылданды. Олар: Ту, Елтаңба, Əнұран.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран жəне ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

Тудың авторы: Шəкен Ниязбеков.

6-оқушы:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сəулесінлей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.

Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мəлібеков.

Шот-Аман Уəлиханов.



7-оқушы:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен əйбəт, əдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортасында аспан əлемі.

Кез-келген мемлекеттік рəміздердің ең маңыздысы – Əнұран. Əнұран мемлекеттік əн. Ол халықты əйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Əнұранның əнін жазған: Шəмші Қалдаяқов.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нəжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев.

8-оқушы:

Оттай жанып жанарың,

Одан қуат аламын.

Əнұран ол – тынысы,

Кең жазира даламның.


Мұғалім:

«Тəуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республмкасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан Отанымыздың тəуелсіз еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімін дүрсілдеп тұрған жүрек əнұранымызға əуен қосып, əнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тəуелсіздік туының желбірегеніне ле міне, 25 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді əлем жұртшылығы құрметтейді.

Балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

- Білімді, өнерлі,қылды, еңбексүйгіш.

-Дұрыс айтасыңлар, ендеше Отан, туған жер туралы қанлай мақал-мəтелдер білеміз?

1) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

2) Отан – оттан да ыстық.

3) Əркімнің туған жері өзіне ыстық.

4) Туған жер – алтын бесік.

5) Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

Əн: «Достық»

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.


Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жер ортақ,

Ортақ бізге барлығы.


Туыспыз біз бəріміз,

Біз Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.



Қорытынды:

- Міне, балалар, бүгін өздеріңді тəуелсіз еліміздің болашағы екенлеріңді яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі жерлесіміз ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі, -деген екен.

Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Əнұранымыз, Ата заңысызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркінлігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатынларыңа сенімдімін.

Сен неткен Отан-Анам ғажап едің,

Əспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі