400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен өз отанымның патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен өз отанымның патриотымын
Материалдың қысқаша нұсқасы


 
Тақырыбы: Мен өз отанымның патриотымын.
Ма
қсаты: 
1. Білімділік:
 Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер        жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету7
 2. Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
3. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу. 
К
өрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба-белгілер т.б.      
                                         Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні  орындалады
 
Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717.3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.
 Осындай ке
ң-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.   ҚР-ның Ата заңының 9-бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.
Біздер т
әуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан –жерім,Отан - суым,
Отан
қуат, нәр береді..
Отан
- ұран, Отан - туым,
Отан м
әңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана
қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
 1991 жылы 16 желто
қсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желто
қсанда Қазақстанның ел басшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
 Ата За
ңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
                                 
Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты д
үние әлемін!
Б
ұл даланы анам жаспен суарған,
Б
ұл далада атам қолға ту алған.
Б
ұл далаға жылап келіп, уанғам,
Б
ұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Б
ұл далада өскен жанда жоқ арман!
 Ке
ң байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшы
қталған ортасы.
Б
үгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Б
ұның бәрі Елбасының арқасы.
Шы
қты тарап ой-данадан,
Бері
қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімні
ң бар Президенті
 Оянады к
өңілден қайдағы арман,
Ба
қыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар мені
ң елі түгел,
А
қ киізге көтеріп сайлап алған.
Бас білгізіп жер тарпы
ған тарпаңға,
Жасы т
ұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Т
үлігіне дейін салса  ен – таңба ?!
 Мемлекеттік елта
ңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.




Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында
қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шары
қтаған таза күй.
Б
ұл таңбасы елімнің,
Елдігімні
ң белгісі.


Бейнелеп сан
ғасырды
Елта
ңбасы елімнің,
Таратады хас
үлгі
Киесіндей жерімні
ң.
Бабам т
ұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Т
ұлпар барда қанатты,
Шай
қалмайды шаңырақ.
Т
әуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Н
ұр төгеді елтаңба
А
қ орданың төрінде.

 Тұғырлы туымыз.
Б
әрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік,
өрлік, өнер  де.
Жа
һандағы  ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге ?


2-жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Туды
ң авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Туды
ң сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Айнымайды аспаннан
Бізді
ң тудың болуы
Оны халы
қ қашанда
Биікке іліп
қояды.

Жанатын да өзі отша
Жалын шарпып беті
ңді
Туымыз да
қазақша
С
өйлеп тұрған секілді

Матасы қандай, матасы-көк түстерден таңдалған,
Қазақтың ою-өрнегі, қыраны және самғаған.
Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,
Туымды мені
ң көргендер қызыға қарап таңданған.
Батырлы
ққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын , өзі әнші халықта , Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?
 Ас
қақтаған Гимн.
 Кез келген мемлекеттік р
әміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн-мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнд3  түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Мені
ң Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының ресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Ал
ғашқы рет Қазақстан Республикасының Гимні ретінде

«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Б
ұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
 
Әнұран
Әнұраным –жан ұраным
Айтар
әнім, сөйлер сөзім
Ту
ған жерім сағынарым
Ба
қыт-бірлік күн талабы.
То
қтамайды дабыр әні
М
әңгі бақи шырқалады
Республикам
Әнұраны!
Барша халы
қ таныған
Бізді
ң үміт, тілекті.
Шыр
қалғанда әнұран
Шатты
қ кернер жүректі
Же
ңіс туын көтерген
Жарыстарда сан
қилы,
Жетіп бізге шетелден
К
өкке әнұран шалқиды.
Ш
әмші атаның сазды үні
Жігер беріп
қайратты,
Б
әрімізді мәз қылып,
Жа
ңғыртады аймақты.

Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным  алды жаулап  ғұмырды .
Боса
ғада  қалып келген Елтаңбам
Бая
ғыша төріме кеп ілінді.
1-топ:  
Өзіңдікі туың да,
             От пен ауа, суы
ң да.
              Жаса
Қазақстаным,
              Белді бекем буын да!
2-топ:   Елта
ңбасы елімнің
       
      Неткен көркем, әдемі.
              Т
ұнығындай көңілдің
              Ортада аспан
әлемі.
3-топ:  
Әнұраным, жан ұраным,
              Айтар
әнім, сөйлер сөзім.
              Ту
ған жерім-сағынарым,
               М
әңгі-бақи шырқалады
 Осы к
өк туымызды желбіретіп ұстап, гимнді асқақтата шырқайтын біздерміз.
Біз
Қазақстан Республикасының сенімді болашағымыз! Осы рәміздеріміздің еңсесі ешқашан түспесін, оны кір шалмасын, мәртебесі өсе берсін.!

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 34-бабында «Әркім Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» делінген.
Олай болса,
өз мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеп, қастерлейік!
 Б
ұл – біздің Гимн!
 Б
ұл – біздің Ту!
Бірге: Б
ұл – біздің Елтаңба!
2.Ж
үргізуші Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Т
өлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында,
Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3.
Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

  • Сабақты қорытындылау.

  • Ән : « Атамекен »











Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса,
қазағым менің. 
Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
А
ңсаған бабам, аңсаған елім!
Бостанды
қ еді – ау асыл арманың.
Қайырмасы:
Елім мені
ң аңсаған,
Тас б
ұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың- оу,
Берік болсын –ау боса
ғаң.
 
Бабамны
ң қаны, анамның жасы,
Сі
ңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке –бірлік
қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.
 К
үйінсін жауың, сүйсінсін досың,
Жиылсын
қауым, құйылсын көшің.
Ерте
ңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есі
ң.
 
Қайырмасы:
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атаме
кен жер үшін.
Берекең мен бірлігің – оу,


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
422
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі