400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен өзімді танимын

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып, 1 сабақ. ҚМЖ. Мен өзімді танимын. ҚМЖ 5 сынып. 5 сынып 1 сабақ. Сабақ жоспары. Жоспар 5 сынып, 1 сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

5 сынып, 1 сабақ

Тарау:

Таным қуанышы

Педагогтің аты-жөні

Жусупова Дана Қалқожақызы

Күні:


Сынып: 5

Қатысушылардың саны:


Қатыспағандардың саны:


Сабақтың тақырыбы №1

Мен өзімді танимын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді және өз өмірінде оларды басшылыққа алуға ұмтылады.

Құндылық:

Ақиқат

Қасиеттер:

Адалдық, қарапайымдылық, әділдік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адамның өзін-өзі танудың маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

- «өзін тану» ұғымы туралы түсінік беру.

- ізгі іс-әрекеттер арқылы өзін-өзі түсінуге, өзін-өзін тануға үйрету.

- адалдыққа, қарапайымдылыққа, әділдікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

  1. Жағымды көңіл күй

(1-3 минут)

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

Мұғалім «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.


Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.


Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал

https://www.youtube.com/watch?v=LCiAfCCwc7A

  1. Үй тапсырмасын тексеру (алдын ала берілген) (әңгімелесу)

(3-5 минут)

1. Жазғы демалыс уақытында өз-өзіңді жетілдіру мақсатында қандай кітаптар оқыдыңыздар?

2. Демалыс кезінде қандай жақсылықтар жасадыңдар?

3. Бала Бекеттің іс-әрекетінен нені түсінуге болады?

4.Ұстаздың айтқанын не түйдіңдер?

5.Өмірдегі басты нәрсе не деп ойлайсыңдар?

6.Сенің мақсатың қандай?

Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды «менің мақсатым», «менің міндетім» ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі.

Оқулықтың -беті

  1. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (әңгімелесу)

(3-4 минут)

Өзіңді өзің танысаң –

істің басы.

Ш.Құдайбердіұлы


- Мен кіммін? деген сұраққа қалай жауап берер едіңдер?

- Өзіңді неліктен тану керек деп ойлайсыңдар?

- Өзін тануға ұмтылған адамның бойында қандай қасиеттер болады деп санайсыңдар?

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап айтады. Ш.Құдайбердіұлының қанатты сөздің мағынасын берілген сұрақтар бойынша талқылайды. Дәптерге көшіріп жазады.

Презентация, слайд, жұмыс дәптері

  1. Оқиға айту (әңгімелесу)

(3-8 минут)


Мұғалім «Ар, Ұят, Намыс» аңыз-әңгімесін айтып береді.


Ар, Ұят, Намыс


Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен-кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды.

Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, – дейді Ұят.

Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың істеріне жауапкершілікті сезіндіремін, – дейді Ар.

Сонда Намыс тұрып:

Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныбы, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілікті сезіндіремін, – дейді. Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп:

О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың – адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам – нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді-бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар, деп бата беріпті. Содан бері намыс – ағасы, ар – інісі, ұят – кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен.


Сұрақтар арқылы адалдық, қарапайымдылық, әділдік қасиеттері арқылы ақиқат құндылығын ашады, Сонымен қатар өзін тану адамдардың ең маңызды сапасы адалдық екендігін баса айтады.

Сұрақтар:

  1. Әңгімеде қандай ұғымдар туралы айтылады?

  2. «Ар» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. «Ұят» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. «Намыс» дегенді қалай түсінесіңдер?

5. «Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер» дегенді қлай түсінесіңдер?

6. Осы ұғымдарды өздерің ұстанасыңдар ма? Қалай?

Оқушылар оқиғаның тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, қарапайымдылық пен әділдікке байланысты адам өмірінің шынайы тағдыры туралы терең ойланады.



5.Шығармашы-лық жұмыс


(12-15 минут)


Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, топта жұмыс жасауға ұйымдастырады.

«Жақсы адам болу үшін не істей аламыз?» постерін жасаңдар. Презентацияларды талқылағаннан кейін мұғалім сабақтың дәйексөзін еске түсіріп, шығармашылық тапсырмадан кейінгі қорытындылармен байланыстыруды ұсынады.

Оқушылар 11-бет №3 тапсырмада берілген шығармашылық тапсырманы орындайды. «Жақсы адам болу үшін не істей аламыз?» постерін жасап, өз жұмыстарын сыныпқа таныстырады.

Флипчарттар, баяу әуен қойылады.

6. Үй тапсырмасы

(1-2 минут)

Василий Сухомилинский «Сенің өзің» әңгімесін оқып келу.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.

Оқулық. 10-бет.

7. Топпен ән айту

(2-3 минут)

Мұғалім оқушыларға «Біз өмірдің гүліміз» атты рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін ашып, тәлім-тәрбие беретін Әнуарбек Дүйсенбиевтің сөзіне жазылған Бекен Ғизатовтың әнін топпен айтуды ұсынады.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экраннан өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

8. Сабақтың қорытынды сәті

(1 минут)

Мұғалім оқушыларға бір сәт көздерін жұмып, сабақтан қандай жақсы қасиеттерді алғандарын, не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жету үшін, жақсы адам болып өсу үшін

өзін-өзі тануға ұмтылудың маңызды екенін айтады. Бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.



2


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.09.2021
815
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі