Сабақтың мақсаты:
оқушыларға өзін тани білудің маңыздылығын
түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін
ашу
Білімділік: оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың
маңыздылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды шынайылыққа
тәрбиелеу
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
|
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық. Балалар ережені
есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге
талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді
татулықпен өткізейік.
Жағымды көңіл –
күйге келу. «Нұрға
бөлену». Ыңғайланып
отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды
айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады.
Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін. Елестетіп
көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап
барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің
түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр
ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі
сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп
күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі
істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.
Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін
жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды. Одан әрі нұр
сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз,
құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр
көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты
ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек
ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте -
бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып,
жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға,
мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды
уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.
Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл
әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі
жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр
бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен
Нұрмын» Осындай Нұр,
Махаббат және Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз... Енді осы Нұрды
жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз. Жаймен
көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
|
|
2. Үй тапсырмасын
тексеру.
1. №1 -
сабақ. Суреттерді боя. Суреттің бірін таңдап,
ондағы іс-әрекетті сипаттап жаз.
2. Келесі сабақ. №2, Василий Сухомлинский «Сенің
өзің» әңгімесін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Өзіңе өзің қызмет ету дегенді қалай
түсінесіңдер?
2. Қанағатшыл болуға үйренудің маңызы
қандай?
3. Жақсы қасиеттерді шыңдаудың қандай пайдасы
бар?
4.
Өзің күнделікті немен шұғылданасың?
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі.
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге
жаздырту)
“Адамзаттың бәрін сүй, бауырым
деп”.
Абай Құнанбайұлы.
Сұрақтар:
1. Сүйіспеншілік энергиясы қалай
беріледі?
- Сөзбен, көзқараспен, күлімсіреумен, жанасумен,
іспен, түсінісумен, оймен.
2. Жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүлінің ашуына
не ықпал етеді?
- Біз
тек риясыз қызмет еткенде ғана жүрегіміздегі риясыз сүйіспеншілік
гүл жарады.
3. Дәйексөзден
қандай ой түйдіңіз?
|
|
4. Оқиға айту. (Мұғалім
сыйы)
Жаратылыс табиғаты.
Бір адам судан
бір құлап-бір тұрып шыға алмай тұрған шаянды көреді. Шаянды құтқару
ниетімен адам қолын созғанда шаян оны шағып алады. Адам шаянды
сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны
көрген біреу жақындап қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарасың
деп ақыл айтады. Сонда жаңағы кісі:
“Шағу шаянның
табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Неге
шаянның табиғатында шағу бар деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас
тартайын?”
дейді.
Сұрақтар: 1. Әңгіме ұнады
ма? 2. Адам
баласының бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болу керек деп
ойлайсыңдар?
3. Әңгіме
қай құндылық туралы айтылған? 4. Өздеріңнің
өмірлеріңде осындай жағдайлар кездесті ме? Әңгімелеп
беріңдер.
|
|
5. Шығармашылық жұмыс:
Тапсырма: Берілген сұрақтар бойынша ой – толғау
жазыңдар.
-
Мен кіммін?
-
Менің мақсатым қандай?
-
Менің арманым не?
|
|
6. Топпен ән айту
«Көңілді
күн».
Әні:
Ұ.Жолдасовтікі
Сөзі: А.Дүйсенбі
1. Теріп едік жемісін сезім
бақтың,
Сыйластықтың
алауын өзің жақтың.
Сенің думан
тойыңның әнін естіп,
Есігіңді
шыдамай өзім қақтым.
Қайырмасы:
Бүгін қандай
тамаша
Көңілді күн
3-рет
Сені
қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол,
жан досым!
2. Бір
тамаша отырдың өмірге еніп,
Жүзің бал
бұл жадырап көңілденіп.
Есігіңнен
мен кіріп келгенімде
Қуандың ау
балаша мені көріп.
Қайырмасы:
Бүгін қандай
тамаша
Көңілді күн
3-рет
Сені
қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты
бол, жан досым!
|
|
7. Үй тапсырмасы.
1. №2 -
сабақ. Жоба
тапсырмасы
Әрбір адамды оның келешегі қызықтыратыны сөзсіз. Ал келешегіңнің
жарқын, ашық болуы тек өзіңе байланысты. Сондықтан жобадағы алғашқы
қадамың – «Мен қандай адам болғым
келеді?» деген сұраққа жауап іздеу.
Мұны түсіну үшін өзіңе сұрақтар қойғаның жөн.
- Менің қалауым не?
- Мен нені жақсы көремін?
- Мені не қызықтырады?
2.
Келесі сабақ. №3, «Ағаштағы ұлу» аңызын оқып
келу.
|
|
8. Сабақтың қорытынды
сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай,
түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз.
Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны
ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа
шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа
шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді
жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға
болады...
Д е
м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе
1..................2 [3]. Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді
есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|