жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен өзімді танимын ашық сабақ
Сабақ: 1-2 |
|
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||
Сынып: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Мен өзімді танимын |
|||
Оқу бағдарламасына сілтеме |
5.1.2.1 — Жақсы,жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрену |
|||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: «Өзін-өзі тану»пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып,өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру; Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: өмірдегі ұстанымын,болашағын анықтауына,оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып,адамның қайталанбас тұлға екндігі туралы түсініктер Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||
Сабақтың мақсаттары |
оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту;
|
|||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану |
|||
Бағалау критерийлері |
Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады; -Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді; -Ойын нақты жеткізе алады; -Өзін-өзі реттейді; Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалы арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсінеді -әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін-өзі түсіну, өзін-өзі бағалай біледі |
|||
Дескрипторлар |
— Тыңдалым мәтінінің ерекшелігін салыстырады және өзіндік қорытынды жасай алады. — Эссе құрылымы мен дамуын сақтап жазады; — Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жаза алады. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру; Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Информатика, |
|||
АКТ-ны қолдану |
Интербелсенді тақта |
|||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Ауа райы және климаттық өзгерістер |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||
Сабақтың басы 7 минут
|
Сәлемдесу. Түгендеу. Қызығушылықты ояту/Топқа бөлу ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН. Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, дескрипторлармен таныстыру. |
|
||
|
|
|
||
Сабақ№1-2
Тақырыбы Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 7.3.4.1 — ой-өріс”, “ақыл”, “дүниетаным” туралы білімдерін тереңдетуге ықпал ету;
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: өз өміріне жауапкершілікпен қарай алуға, күш-жігерін ырықты түрде толық пайдалана алуға үйрету;
.Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: оқушылардың ерік-жігерін, күш-қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту;
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі өз өміріне жауапкершілікпен қарай алуға, күш-жігерін ырықты түрде толық пайдалана алады ерік-жігерін, күш-қуатын саналы түрде арттыра алу дағдылары дамыйды
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Тілдік құзіреттілік әдеби шығарма
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу 6-сыныпта өткен білімді пысықтау,еске түсіру
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы: 5 минут
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Қызыл гүлім-ай» би
Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Дәйек сөз.
Ой деген – бір терең дария тұңғиық,
Ой қажытар бір қайғы, бір нұр құйып.
Ой деген – сел, онда құлан қағы жоқ,
Ой дегенің – таусылмайтын кермиық
Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.
Жаңа білім 10 минут
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Сақина салмақ ойыны»
Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?
Оқулық, мәтіндер. Ортасы 10 минут
Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі кездесіп бас қосады. Әңгімілесіп отырып олар әрқайсысының адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық: — Менің арқамда адам баласының төрт түлегі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады. Ол ештеңеден мұқтаждық көрмейді, сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ.
Бақыт: — Мен, бақатпын, кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, «ақ дегенім — алғыс, қара дегенім – қорғыс». Ұнатқанымды дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.
Ақыл: — О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер дауласып, менменсіп сөйлегенді жақтырмаймын, үшеуміз де адам баласына қажетпіз. Ренжімендер, қалай дегенмен екуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер, Данышпанға жүгінейік, төрелегін сол айтсын.
Данышпан: — Өмірдің өзі де сабақ. «Байлық – бір жұттық», «Бақыт баянсыз». Ақыл бар жерде ғана Байлық та, Бақыт та, бірлік те, тірлік те, ынтымаң та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тындыруға болады. Ақылдың ойын өрбітіп, ісің оңға бастырып отыратын еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы болады. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырзығы жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алмайды.
I Шығармашылық жұмыс: төмендегі сөздерді қолданып “Ақыл-ой – жан қуаты” тақырыбына эссе жазыңыз.
Өмір, ақыл, бақыт, ниет, сәттілік, тағдыр, аялау, ойлану, ой, азаматтық, қымбат.
Сергіту сәті: “Рам-цам-цам” ойыны
Көңіл күйіңіз қалай? Сабақты жалғастыруға дайынбыз ба?
II Назар аударыңыз:
Адамға тән алты қасиет:
1. Ұғымың, ойлы ететін зерде-зейінің
2. Қиындықта сыналатын қайратың
3. Ешқашан алдамайтын тапқырлығын
4. Тек ілгері бастайтын талабың
5. Сені өрге сүйрететін өнер-өрісің
6. Сені өрге сүйрететін өнер-өрісің
Адам баласының ең басты құндылығы – өмір. Ал өмірдің мәні ақылмен жасалған игі істермен бағаланады. Ақылды адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Өйткені оның бойында жігер, талап, қайрат, өнер және болашаққа деген жарқын сенім мол болады. Ақылды адамдар іздену, ойлану, көп оқу және талмай еңбектену арқылы данышпандыққа, парасатқа жетеді. Ой-өрісі кең, білімдар адамның рухы биік, адамгершілігі жоғары болады.
“Кубизм”
§ Кубта берілген мәтін немесе өлеңнің мағынасын ашу.
1. Ақыл мен ырыс.
Қазақтың толықсып тұрған заманында бір адамға қыдыр дарып, бақ қонып, малы да, бағы да көтеріліп жұрт алдына түседі. Мал да, ақша да көбейіп дәуірлеп тұрғанда, ол бай да, бақытты да, ырысты да атанады. Бір күні ақыл мен ырыс тұрып былайша егеске кірді:
Ақыл: Бұл байға осынша дәулет, байлық, бақ бәрі де менің арқамда болды, мен болмасам бұл дәулеттің бірі де болмас еді дейді.
Ырыс: Жоқ, мен болмасам мал мен бақ болмас еді. Малмен бақ үшін ақылдың керегі жоқ, ырыс болса өзгесі өзі келе береді, — дейді.
Ақыл: Олай болса, байқасалық, — деп 13 жылдан бері байдың қолында жүрген қойшыға барып қонады. Ақыл кірген соң, малшы ойға қалады. Мен баяғыдан бері осы байға қызмет қылып келемін. Маған ақы да, пұл да бермейді, мен сұрағаным да жоқ, неге мен бұлай жүремін, ақы алып өз алдыма іс қылайын деп ойлапты да, кешке келіп байдан ақы сұрайды. Бай: «Алда, бейшара-ай, Құдай мұның есіне бірдене салған шығар», — деп бірнеше жүз сом, бір ат, бір арба беріп шығарады. Бұл жылда егін салып, әр уақыт суарып жақсы қарағандықтан, мұның егіні көп шығып, берекелі болады. Сол мезгілде маңайындағы бір патшаның әскеріне азық керек болып, астық іздеп жүргенде, әлгі жігітке жолығып, «дос болайық, барлық егінді маған бер» деген соң, «ел алған егін, жер алған тегін» деген еді ғой деп бар егінін береді.
Ақыл кеткен соң баяғы байдың дәулеті азайып, күннен-күнге кейін кетеді. Ырыс ақылға келіп, берекенің бәрі сенде екен, сензіз менің қолымнан түк келмейді, енді бір болайық деп, бұл да жігітке қонады
Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: сахналау)
Күш қайдан келеді?
Ø Неліктен адам бәрінен күшті деп ойлайсыңдар?
Ø Балаға өздерің қандай ақыл қосар едіңдер?
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
Сергіту сәті 2 минут «Қыдырып қайтайық!» би билеу
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут
Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық….бар жерде,тыныштық…..бүкіл әлемде)
(Баяу күй ойнайды)
• Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз
Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы
Бағалау 5 минут
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Отбасы жарастығы
Өзін –өзін тану сабағының жоспары
Мектеп №1
Сынып: 5 Оқушылар саны:__
Тақырып : Отбасы татулығы
Құндылық : Сүйіспеншілік
Қасиеттер : Бауырмалдық,кешірімшіл болу, жақсы көру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы жарастығы сүйіспеншілік құндылығынан туындайтындығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: 1. Оқушыларға отбасын жақсы көруді үйрету; 2. Оқушыларда кешірімді бола білу қасиеттерін дамыту; 3. Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (оқулық,дәптер, дәйексөздер, аңыз әңгіме, видео тб.) |
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» Тыныштық сәті. «Күн нұры» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2.Үй тапсырмасын тексеру. 11-сабақ,40 – беттегі «Отбасы татулығы» аңыз әңгімесін оқып келу. Ертеде қандай отбасы өмір сүріпті? Ол қандай отбасы еді? Патша неге таң қалып, шаттанды? Патша кімге жолықты? Қарт қандай жауап берді? Патша неге таң қалды? Ақсақал жазған сөздердің отбасы үшін қажеттілігі неде? Отбасындағы қарым- қатынасты неге теңейміз? Сіздер өз отбасыларыңызға деген сүйіспеншіліктеріңізді қалай білдіресіздер? Сендердің отбасыларындағы үйлесімділік неде? |
Ескерту |
3.Дәйексөз. «Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана отбасылық тұрмыс зор бақытқа кенеле алады.» Н.К.Крупская Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер? (2 рет қыздарға, 2 рет ұлдарға айтқызу, барлығы қосылып айту.) Дәптерге жазу.
|
|
4.Оқиғаларды әңгімелеу(сұхбат) « Сүйіспеншілік күші » видео *Бейне үзіндіде не жарық болып тұр? *Жарығын ол неге түсіріп тұр? *Жарық әсерінен не пайда болды? *Адам бойында осы шамға ұқсас нені айтуға болады? *Сен өзіңдегі жарық нұрды айналандағыларға қалай берер едің? *Жарық сияқты бауырмалдық танытқан кездерің болды ма? *Отбасында жақсы көрудің маңыздылығы неде? *Кешерімшіл бола білудің отбасындағы жарастықтың болуына тигізетін әсері қандай?
|
|
5.Шығармашылық іс – әрекет. Оқушыларға ( Отбасы ) сөзін жасырын түрде беріп, қима қағаздан дұрыс құрату - (ытбоса). Алдарыңдағы қағаздарды пайдаланып, күн шуақтарын жасаңдар. Жасаған күн шуағына отбасында үйлесімділік тізімін жазып күнге орналастырыңдар. (Мейірімді,бақытты,жарасымды,өнегелі,тату,үлкен,тәрбиелі тб).
|
|
6.Топпен ән айту. Ана туралы жыр. Сөзі:Ғ.Қайырбеков Әні:Ш.Қалдаяқов Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған Даланың әр күнін, жинадың сен маған Сен берген құстардың, қанаты самғаған, Балалық құштарым, өзіңе арналған Қ – сы: Әлдилеп аялап,
өсірген жемісін Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін Көңілді көктемдей, көзіңнен танимын Өтеуге борышым, анашым, жан сырым Іздедім сен үшін, әлемнің асылын Әлемнің асылын, әлемнің байлығын Сыйлар ем кеш мені,сыйлар ем ай, күнін,қолыма түспеді Қ – сы: Ете көр қанағат,әзірге берерім Балалық махаббат, балалық жүрегім Бол риза анашым,қолдағы осы бар, Өзіңе арнаған,әнімді қосып ал. Қ – сы: |
|
7.Үй тапсырмасы. Дәптерден 11-сабақ, 1- тапсырма. №12-сабақ, 41 - беттегі «Мен қазақ баласымын» өлеңін мәнерлеп оқып келу. |
|
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. - Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. - Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! Сау болыңыздар! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген