400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен өзіме сенемін"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін!

Мақсаты: Оқушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту.
Тренинг ережесі
бір-бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым-қатынас
жағымды эмоция тудыру
өз ойларын ашық жеткізу

Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
І. Ұйымдастыру кезеңі: «Өрмекші торы» жаттығуы (8 мин.)
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” өзара қатынастың ахуалын жақсартады.
Қажетті құрал: түрлі-түсті жіп орамы.
ІІ. Негізгі бөлім: (30 мин)
Бүгін тренингімізді біз сіздермен өзіне сенімділікті арттыру мақсатында «Мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін!» тақырыбында жүргіземіз.
Білім жетілдіру: Адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты екенін ескерсек, әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті екенін ұғынамыз. Ол үшін адам алдына мақсат қоя білу керек. Біз бүгін мақсатқа, жетістікке жету жолдарын анықтаймыз. Осы орайда сіздермен келесі сұрақтардың мәнін ашып көрейікші …

II-топқа бөлу. Әр топқа сұрақтар беру талқылау.

1. Сіздер қалай ойлайсыздар өмірдегі басты мақсатымыз не?
2. Мектепке келудегі мақсаттарың қандай? Сіздерді не үшін оқытып жатыр?
3. Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді?
4. Дәл қазіргі кезде қандай мақсатты көздер отырсыз?
Дұрыс айтасыңдар өмірде білімсіз есеюдің, өсудің қажеті жоқ екенін және де қазіргі кезде білімімізді жетілдірудің түрлі жолдары өте көп.

Ол үшін алдымызға мақсат, міндет, оған жету жолдарын қоюымыз керек.
Бүгінгі сабағымызда келесі ұғымдардың мағынасын ашу үшін жұмыс жасаймыз.
1. Мақсат
2. Мотивация (түрткі)
3. Әрекет жетістікке жету жолы.

1. «Мақсат»
Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат – іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Ал енді сіздердің назарларыңа келесі видео роликті қарауды ұсынамын.
III-тапсырма: Видео «Мақсатыңа жет!»
Талдау:

Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Тапсырма № 1: алдағы он жылға мақсат қоя біл. Жоспарың мен мақсатыңды айқындап ал. Он жылдан кейін өзіңді қандай адам ретінде көргің келеді? және оны мақсаттан тұратын баспалдаққа жазып қой.

2. «Мотивация (іс-әрекетке деген түрткі)».
Мотив дегеніміз бұл – түрткі яғни адамды іс-әрекетке бағыттайтын ішкі күш.
Тапсырма № 2: алдарыңдағы жетістікке жету жолындағы баспалдаққа мақсатқа жету жолындағы матив түрлерін жазыңыз (оқушылар кезегімен матив түрлерін оқып береді). Ал енді сіздердің назарларыңа келесі бейнебаянды қарауды ұсынамын.

IV тапсырма: Видео «Батыл арманда. Арманыңа сен!!!»
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

3. Әрекет жетістікке жету жолы.
Сіздердің назарларыңызға келесі видео ролик ұсынылады: «Мен жетістікке жету үшін әрекет етемін»

Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп ойлайсыздар?
Психолог: Белгілі педагог Ушинский айтқандай «Өз бетінше жұмыс- жетістікке жеткізудің бірден бір жолы» яғни өз бетімізше ізденіп, арман, мақсаттарыма қол жеткізуіміз керек екен.
Белгілі тұлға Павлов «Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң, екінші мақсат қойып отырған адамның өмірі қызықты өтеді, және әрқашан мақсатына жету үшін талпынып, өмірлік ізденісте болады» деген.
Абай атамыз айтқандай
Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Балалар әрқашан өз еңбектеріңізге сеніңіздер сонда ғана жетістікке жетесіздер!!!
Психолог: Білімге 3-жол алып барады.
Ойлау, оқу жолы- бұл ең парасатты жол.
Еліктеу, ұқсау жолы- бұл ең оңай жолы.
Басы тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу жолы- бұл ең ащы жол. Оқушылар, Еңбек етіңдер, сонда мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер.

Рефлексия: «Сенім ағашы!» (5 мин)
Мақсаты:
сенімділікті қалыптастыру.
Нұсқау: алдарыңыздағы берілген жапсырма қағазға (стикерге) сенімді түрде жеңіске жететініңізді жазып, «Сенім ағашына» жабыстырыңыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
989
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі