«ЖББ
№17 орта мектебі» КММ-сі
«Мен
өзіме сенемін»
(Тренинг)
/9
сынып оқушылары/
2018-2019
оқу жылы
«
Мен өзіме сенемін» психологиялық
тренингі
Психологиялық
тренинг мақсаты:
Оқушыға
өз өмірінің субъектісі екеніне көзін
жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар
мемлекеттік
емтиханды
тапсыру кезінде барынша толық өз
мүмкіндігін іске асыру. Біздің қолдауды
қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер
және емтиханға
дайындық кезінде белгілі бір қиындықта,
түлектерге жағымды психоэмоционалды
күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.
Міндеттері:
МЕ-ға
дайындық тиімділігін арттыру.
МЕ
кезінде психологиялық тұрғыдан дұрыс
ұстау.
Ойлау
жұмысын дамытуға әрекет ету.
Шешуші
сәтте өзін жұмылдыра білу.
Өз
эмоцияларын басқара алу.
Психологиялық
тренингтің жоспары:
1.«Танысу»
жаттығуы
2.«Сағат
тілі» жаттығуы
3.«Менің
отбасым» суретін салу
4.
«Көңіл күй айнасы» релаксациялық кезең
5.
«Дыбыстық гимнастика» жаттығуы
6.
Оқушыларға
арналған аффирмация
7.
«Бос орындық» сергіту жаттығуы
8.
«Эксперимент» жаттығуы
9.
«Өміршеңдік ережесі» сенімділік
бағдарламасы\
10.
Рефлексия. «Біз біргеміз және сенімдіміз»
«Танысу»
жаттығуы
Нұсқау:
Тренингке қатысушылар шеңберге жиналады,
жұлдызшалар таратылып беріледі.
Қатысушылар
өздеріне тренингтік есім тағайындап,
жұлдызшаларға жазып, кеуделеріне
жабыстырады.
Тренингтік
ереже:
Тренингке
берілген регламентті сақтау
Қатысушыларды
тренингтік есімдерімен атау
Қатысушылар
бір – біріне кедергі келтірмеу
2.
«Сағат тілі» жаттығуы
Нұсқау:
қатысушыларға сағаттың суреті бейнеленген
қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар
психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына
өздері қалаған қатысушылардың есімдерін
жазады. Есімдер жазылып болған соң,
психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы
өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді:
Мысалы:
аралығы
– амандасу
аралығы
– күлімдеу
аралығы
- комплимент айту
ралығы
– басынан сипау
аралығы
– қол алып амандасу
аралығы
– мимика арқылы сыйлық сыйлау
3.«Менің
отбасым» жобалау әдістемесі
Нұсқау: Білім
алушылар «менің отбасым» тақырыбына
сурет салу тапсырылады. Салынып болған
суреттер жинап алынады,
сурет бойынша қорытындысы (интерпретация)
айтылады.
4.«Дыбыстық
гимнастика»
Нұсқау:
Психологтың нұсқауы бойынша берілген
әріптерді хормен қайталау. Психолог
айтылған әріптердің адам ағзасы үшін
маңыздылығын түсіндіреді.
А
– дыбысы, барлық ағзаның жұмысын
жақсартады
Е
– дыбысы, қалқанша безінің жұмысын
күшейтеді
И
–ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын
жақсартады
О
–жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді
Х-
барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі
Ха
– ха – көңіл күйді көтереді.
5.
Оқушыларға
арналған аффирмация (Аффирмация тақтадан
көрсетіліп, дауысталып оқылады.)
Аффирмация –
(өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері
болып табылады).
•
Мен табысқа жететініме толық сенімдімін,
менің үнемі жолым болады.
•
Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің
өмірім жақсарып барады.
•
Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық
үнемі менің қасымда.
•
Болып жатқан істің барлығы – менің
игілігім үшін жасалуда.
•
Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті
мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
•
Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда
жақсы көремін.
•
Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
•
Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың
келуін қуана қабылдаймын.
•
Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана,
шабытпен айналысудамын.
•
Өзіме деген сенімділік үнемі менің
жадымда.
6.
«Бос орындық» сергіту жаттығуы
Нұсқау:
Қатысушылар барлығы шеңберге жиналып,
рет бойынша 1-2 ге саналады. Бірінші
саналған қатысушылар орындықта отырады,
екінші саналған қатысушылар отырған
қатысушының қасында тұрады. Екінші
қатысушылар көздерін төмен салып тұрады.
Бірінші қатысушылар бос орындықтың
қасында тұрған жүргізушінің ым –
ишарасын қадағалап тұрады. Бос орындықтың
иесі көзбен ымдау арқылы бос орынға
адам шақырады. Бірінші қатысушылардың
мақсаты – тез арада бос орынға отыру,
екінші қатысушылардың міндеті –
алдындағы қатысушының іс әрекетін
қадағалау.
Талқылау
сұрақтары:
9.
«Эксперимент» жаттығуы
Нұсқау: берілген
мәтінді немесе өлең жолдарын кедергісіз,
тез арада оқып шығу.
СеЗДірМей
жҮРгеН,
ТеК
өЗім біЛГен,
БІр
сЕНім бАр
ЖОҒалМас
мүЛДем.
Сол сЕНІм
бАрДа,
АСЫғам
аЛҒа,
Ақ тІЛегІм
биІКке саМҒа!
2. сЕНбе
еШКіМге, тҰРса
дА қАНша
маҚТап,
ҚОр қЫЛаДы, қУЛыҒын іШКе
саҚТап.
Өзіңе сен, өзІҢді аЛЫп
шЫҒар,
АҚылың мЕн еңБЕгің
еКі жаҚТаП.
3. СеНІМді аҚЫл
мен еРІкке бАҒындыру
қаЖет. ТаБАндыЛЫқ пЕн өЗІңді-өЗІң
бИЛеу, өР
рУх пен қаЙЫспаЙТын
қаЙСарлық - еРЛік-
Тің кеПІлі. Бауыржан
Момышұлы
10.
Өміршеңдік ережелер.(Ережелер интерактивті
тақтадан көрсетіледі, қатысушылар бірге
оқиды.)
Өз
күшіңе деген сенімсіздікпен қалай
күресуге болады? Кез келген іске
төмендегідей көңілмен кірісейік:
иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей
табысқа жетуге талаптанып:
Жігер деген
– Мен.
Күш деген
– Мен.
Махаббат деген
– Мен.
Кешірім деген
– Мен.
Құдырет деген
– Мен.
Жасөспірім деген
– Мен.
Жастық деген
– Мен.
Даналық деген
– Мен.
Денсаулық деген
– Мен.
Жарқындық деген
– Мен.
Бар
ғажайып деген
– Мен.
Бәрі
маған байланысты.
Бәрі
менің қолымда !!! –
деп өзіңізді сендіріңіз.
Рефлексия
Аффирмацияға
түсінік
Өміршеңдік
ережелері