400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен өзіме сенімдімін!" психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп бітіруші түлектердің сенімділігін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологиялық тренинг тақырыбы:«Мен өзіме сенімдімін!»

Психологиялық тренинг мақсаты:

Оқушыларға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Біздің қолдауды қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер және ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.

Психологиялық тренингтің жоспары:

  1. «Танысу» жаттығуы

  2. «Сағат тілі» жаттығуы

  3. А)«Менің отбасым» суретін салу (оқушылар үшін)

  1. «Танысу» жаттығуы

Нұсқау: Тренингке қатысушылар шеңберге жиналады, жұлдызшалар таратылып беріледі.

Қатысушылар өздеріне тренингтік есім тағайындап, жұлдызшаларға жазып, кеуделеріне жабыстырады.

Тренингтік ереже:

  • Тренингке берілген регламентті сақтау

  • Қатысушыларды тренингтік есімдерімен атау

  • Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

2. «Сағат тілі» жаттығуы

Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:

13-14 аралығы – амандасу

15-16 аралығы – күлімдеу

    1. ралығы - комплимент айту

20-21 аралығы – басынан сипау

21-22 аралығы – қол алып амандасу

23-24 аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау

«Сағат бойынша достар» жаттығуы Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Нұсқау: Қазір әрқайсыларыңа жауап парақтары таратылады. Онда сағаттың суреті бейнеленген. Сендер осы әр сағат нөмірінің қасына сыныптастарыңның есімдерін жазып шығыңдар. Әр нөмірге жазылған оқушымен келесі нұсқауларды орындаңдар.

Күлімсіреңіз

Қолын қысыңыз

Арқасынан қағыңыз

Комплимент айтыңыз

Қол бұлғаңыз

Көзіңізді қысыңыз

Қол ұстасып 3 рет секіріңіз

Бір тілек айтыңыз

Послать воздушный поцелуй

Массаж жасаңыз

Арқаларыңды сүйкеңдер.

Құшақтаңыз.

«Ауа-райы» жаттығу Мақсаты: Әрбір адамның жан дүниесінде болатын әртүрлі көңіл-күйлерге құрметпен қарауға дағдыландыру.

Жүргізуші: -Табиғаттағы ауа-райы өздерің білесіңдер, бірқалыпты емес, ол ылғи да құбылып тұрады. Мысалы, қазір ғана күн шығып тұрса, артынша бұлт , не жел сияқты құбылыстар болады. Сол сияқты адам баласының да әртүрлі жағдайларға байланысты көңіл-күйлері өзгеріп қалуы мүмкін.Жағдайға байланысты бойды кейде ашу, ыза, өкпе, реніш сияқты жағымсыз эмоциялар билеп алуы мүмкін.Бұндай жағдайда немесе сол сәтте адам өзімен- өзі болып қалғысы келеді, яғни оның мазасын ешкім алмағанын қалайды. Алдарыңдағы карточкаға осындай жағымсыз көңіл-күйдің бейнесін таңба, не шартты белгі, тіпті болмаса ұран сөзбен қалай бейнелер едіңдер?

Талдау: -Кім өз ойымен бөліседі? -Жаттығуды орындау оңай болды ма? -Жаттығуды орындауда не киындық туғызды?

Қорытынды: Өздерің сыныпқа келгенде жағымсыз көңіл күйде болғанда, осындай әдістіқолдануларыңа болады. Бұл әдіс жағымсыз эмоциялардың одан әрі ушығып кетпеуіне көмегін тигізеді. Ал көңіліміз жайланғанда оны түсіріп, не алып тастаймыз.

«Үш тілек» жаттығуы

Мақсаты: Болашаққа мақсат құра отырып, құнды ойын түйіндеп, талдау жасауға машықтандыру. Жүргізуші: -Балалар, сендер ғажайыптарға сенесіңдер ме? Кейде адамның ғажайып ойлары шындыққа ұласып, орындалады екен. -Ертегі желісін бір сәт еске ала отырып, теңіз жағасына толқынмен ілескен көне бөтелке табылды деп ойлаңдар. Бөтелкенің тығыны нығыздалып жабылған екен. Бөтелкенің құндылығы сонда, сендер тығынын ашқанда ішінен шыққан сиқыршы сендердің үш тілектеріңді ғана орындай алатынын айтады.Тілектеріңді ойша талдап, ең негізгі үшеуін ғана іріктеңдер. Ескертетін жай тілектерің адамның қолынан келетін, мүмкіндігі бар болуы шарт. Талдау: Жаттығу барысы саған оңай болды ма, әлде қиындық туғызды ма?

Қорытынды: Тілектерің орындалатынына мен сенімдімін. Алға қойған мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер, ол үшін өздеріңнің тарапынан кішкене талпыныс қажет екенін ұмытпаңыздар.





































Жамбыл атындағы №120 орта мектебі







Психологиялық тренинг


«Мен өзіме сенімдімін!»




Педагог-психолог Г.А.Туреханова















Қызылорда

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11.03.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі