Мен
өзіме сенімдімін
Мақсаты: педагогтардың тұлғалық
үрдістерін дамыту, ынталандыру
тәсілдерін ұғыну, өз-өздерін сенімді ұстауға
дағдыландыру.
Міндеті: -қарым-қатынсты
үйлестіру;
-өзін-өзі ұстау процесін
тереңдету;
-топ
арқылы өзін-өзі тану;
-өз-өзіне деген сенімдікүшейту және сенімді іс-әрекет
дағдыларын
пысықтау.
Өту
барысы
Ұйымдастырушылық
кезең: (2 мин)
Педагог-психолог: Қайырлы күн! Мен сіздерді
бүгінгі тренингте көргеніме өте қуаныштымын! Бүгінгі таңда
сіздермен кездесіп, біраз демалып, көңіл көтеріп, ойнап және де
өзіміз бен әріптестеріміз жайында жаңашыл дүниелерді білуге
мүмкіндік алғанымыз қандай тамаша! Ал ең бастысы – бір-бірімізге
деген кездесу қуанышын сыйлау.
Бугінгі
тренингі Габриэль Гарсиа
Маркестің мынадай
керемет қанатты
сөзнен
бастағым келіп
отыр: “Мүмкін сен
бұл әлемде бар
болғаны
жәй адам
шығарсың,
бірақ біреулер үшін сен –
бар әлемге
саналасың"
«Миға шабуыл» әдісі арқылы топ жумысы
барысында ұстанатын ережелер қатар арнайы ватман парақшасына жазып
алу.
- өз
атынан сөйлеу;
-
нақты қазіргі және осы жерде орын алған жағдайлар жайында сөз
қозғау;
-
баға беруден аулақ болу;
-
белсенділік таныту;
-
сөйлеушінің сөзін бөлмей
тыңдау;
-
жеке пікірге құқылы болу;
-
барлық қатысушыларды есімдерімен
атау;
-
тренингтің уақытылы басталып
аяқталуы.
АҚПАРАТТЫҚ КЕЗЕҢ: (3 мин)
«Ыстық доп»
Допты
лақтыра отырып, кейбір әріптестерге сұрақ қою. «Адамның өз-өзіне
сенімділігі дегеніміз не?»
Педагог-психолог: Өз-өзіне деген сенімділік – туа біткен
қасиет емес. Ол – жеке тұлғаның өмір сүру барысында қалыптасатын
дүние. Сондықтан да біз өз-өзімізге сенуге жетерліктей күш
жұмсауымыз қажет. Ал біздің мамандығымыз бұл сезімге өте құштар.
Мінекей, сондықтанда бүгінгі тренингте берілген аз уақыт ішінде
адамның өз-өзіне деген сенімділігін тудыратын жаттығулар жасап,
үйренуге тырысамыз.
Білетіндеріңіздей, өзіне сенімді адамның бойында
тәуелсіздік пен тәкәппарлық сияқты мінездер байқалса, сыртқы
келбетінде сабырлық, ашықтық, байсалдылық пен сенімді дауыс ырғағы
қалыптасады. Яғни, өз ойын толықтай жеткізе
алады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ: (8
мин)
Сәлемдесу.
1
жаттығу «Бумба-Юмба тайпасы»
Педагог-психолог: Бүгінгі таңда біз сіздермен бумба-юмба
тайпасына түстік. Сондықтан да осы тайпаның дәстүріне сай амандасу
рәсімін жүргізуге тиіспіз. Бір рет шапалақ ұрылғанда –біз
бір-біріміздің шынтақтарымызбен түйісу керекпіз, екі рет шапалақ
ұрылғанда – арқаларымызбен үйкелу керекпіз, және үш рет шапалақ
ұрылғанда – иықтарымызбен үйкелесу қажет. Міне, бұл тайпаның
дәстүрі осы ғана. Дайынбыз ба, ендеше
кеттік!
Кері
байланыс: жаттығуды орындау барысында қандай сезімде
болдыңыздар?
2 жаттығу «Сиқырлы
кесе»
Педагог-психолог. Ал енді
келесі жаттығуды орындау үшін жайлап отырып, қолдарыңызды
тізелеріңізге қойып, көздеріңізді жұмып, терең дем алыңыздар.
Бойларыңызды еркін ұстаңыздар. Көз алдарыңызға ақ түстес экранды
елестетіп, назарларыңызды соған шоғырландырыңыздар. Енді сол ақ
экраннан өздеріңіздің сүйікті кеселеріңізді көріп тұрғандарыңызды
елестетіңіздерші. Сүйік түстеріңізге бояңыздар. Мұқият сол кесе
қараңыздар. Кесеге сүйікті шырыныңызды толтырып құйыңыз. Енді,
кесеңіздің қасына тағы да бір кесе, бөтен кесені салыңыз. Ол бос.
Оған өз кесеңізден шырын бөліп құйыңыздар. Қасында тағы да бір
кесе, оған да да өз кесеңіздегі шырыннан бөліп құйыңыз. Аямаңыз,
толтырып құйыңыз. Ал енді өз кесеңізге назар аударыңызшы. Міне,
керемет! Ол әлі де сол толған қалпында тұр. Оған не болған? Неге
бұлай болды екен? Өйткені, бұл кесе – сиқырлы кесе. Біз қаншалықты
одан шырын алсақта, ол соншалықты қалпына келіп, толықсиды. Өйткені
бұл кесе – сіздікі! Ол сіздердің мейірімдеріңіз бен сенімдеріңізге
толы. Ал енді көздеріңізді жайлап ашып, өз-өздеріңізе сеніммен «Бұл
мен! Менің сондай кесем бар!» деп айтуларыңызды
сұраймын.
Кері
байланыс:
3 жаттығу.
«Шынайылық
немесе маскасыз»
Менің
алдымда карточкалар жатыр Кезекпен карточкадан алып, онда жазылған
сөйлемді жалғастырасыз. Тек шынайы ашық жауап берілу
керек.
-
Мені
қоршаған адамдардың .... қатты
ұнайды
-
Маған
ұмыту өте қиын, дегенмен ....
-
Мен
кейде қатты .... қалаймын
-
Мені
зеріктіреді әсіресе ...
-
Маған
өте жағымды...
-
Мені қатты
ызаландырады.....
-
Мені кейде адамдар түсінбейді
себебі....
-
Мүмкін мен әлі
...
-
Менің ойымша мен үшін ең
маңызды ...
-
Менің достарым сирек
....
-
Мен мақтан тұтамын
....
-
Менің мамандығымдағы күшті
жағым ...
-
Мені күманданатын кездерім
...
-
Мен лайықтымын
....
-
Мен шексіз сенімдімін
....
-
Мен әлі үйренбедім
....
-
Мен әрқашан болғым келеді
....
-
Мен әрқашан қуанышта жүремін
....
-
Мен .......
талпынамын.
Кері
байланыс:
-
Қазіргі сезіміңіз қандай?
-
Жаттығу барысында сезімдеріңіз өзгеріске ұшырады
ма?
4
жаттығу. «Менің кәсіби
болашағым»
Мақсаты:
Кәсіби сенімділікті қалыптастыру.
Педагог-психолог: Сіздер бүгін менімен шынайы
ойларыңызбен бөлісіп, көп нәрсені талқыладық деген ойдамын.
Сондықтанда мен де өз атымнан сіздерге деген щағын сыйлығымды
ұсынғым келіп отыр. Ол үшін сіздер мына қораптың ішіндегі
парақшалардың біреуін алуларыңыз қажет. Кейін мен сіздерге сол
алған парақшаларыңыздың түсініктемесін айтамын. Келістік пе? Кеттік
ендеше!
Тиын – жалақыңыздың
көтерілуі
Кілт – ата-аналарыңызбен және балаларыңызбен еш қиындықсыз
тіл табыса аласыз.
Үкі – тәжірибеңізді
жалпылау.
Моншақ – болашақта жаңа кәсіби сапаларды
игересіз.
Кемпірқосақ - кәсіби қызметтегі
шеберлілік.
Кәмпит – кәсіптік жетістіктерге деген
бағыт.
Бояу – белсенді кәсіптік
ұстаным.
Гүл – тұрақты психологиялық
ахуал
5
жаттығу Менің жетістіктерім және
мен
Ортамызда әлбетте тәжірибелі мамандар еңбекке жақын, өз
қызметіне аянбай ат салысатын жандарымызда жоқ емес Олай болса
қазір қалауымызша ортаға шығып соңғы жетістітерімізді мейлі
қуанышымызды ортаға паш етеміз.
Қорытынды кезең. (2
мин)
Мінекей,
бізге берілген уақытта жетіп қалды. Бүгінгі тренингке қатысып,
ортаға ойларыңызды салып, бір-біріңізге жылулық сыйлағандарыңыз
үшін алғысым шексіз. Тренинг барысында ойларыңызды жинақтап,
өзіңізге сенудің қаншалықты маңызды екенін түсінген боларсыз деп
сенемін. Сөзімнің соңында баршаңызға бақыт тілегім келіп отыр. Мына
жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе
көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі
бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен
қарайық. Ақжарқын күндер
алдымызда болғай! Сау
болыңыздар!