15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мен патриотпын»
Сынып: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Мен патриотпын».
Сабақтың арқауы: «МЕН – ПАТРИОТ - АЗАМАТ».
Сабақтың
мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп
қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін,
қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық,
адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды
тәрбиелеу.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау және кестені толтыру ұсынылады:
|
Патриотқа тән қасиет |
Патриот емес адамның қасиеті |
Маған тән қасиеттер (алдыңғы бағандардан) |
|
|
|
|
Болжамды
жауаптар:
•
жауапкершілік;
•
әділеттілік;
•
төзімділік;
Болжамды
жауаптар:
• өзі өмір
сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;
•
жауапсыздық;
• отбасы
алдындағы борыштың болмауы;
•
берекесіздік;
• бағдарсыздық
(өз елі туралы дұрыс пікірде болмау және оны жақсарту үшін ештеңе
жасамайды);
• арамтамақтық,
жұмыс істегісі келмеу;
• Отанға деген
сүйіспеншіліктің болмауы.
Кестені
толтырып болғаннан кейін білім алушыларға «Сіз қандай қасиетті ең
басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап беру
ұсынылады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Мемлекеттік
рәміздер (ұлттық) (греч. sym-bolon - белгі) –
конституциямен немесе арнайы заңмен бекітілген белгілі бір
мемлекеттің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша
арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын, белгілі бір
идеологиялық мағынаны білдіретін белгілер. Ең негізгі рәміздерге
мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік әнұран,
мемлекеттік түстер, мемлекет басшысының байрағы, мемлекеттік мөр,
мемлекеттік ұраны жатады.
Негізгі
ұлттық құндылықтар - бұл белгілі бір ұлтқа тән халық ғасырлар
бойы жинақтаған, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін адами қадір-қасиет,
әлеуметтік- тарихи, мәдени отбасылық дәстүрлер
жүйесі.
Өркениеттік
(әлеуметтік-мәдени, мәдени-генетикалық)
код – белгілі
бір өркениетке тән тұрақты мәдени-генетикалық белгілердің
жиынтығы.
Азамат - белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі
тұлға.
Азаматтық
патриотизм – Отанға деген мемлекеттік ауқымындағы
сүйіспеншілік, ұлттық және құқықтық сана-сезім, азаматтық мораль:
өз отбасымен, өз халқымен, қаласымен, аймағымен, елімен
мақтануы.
Азаматтық
қоғам - өзін
барлық деңгейде - жергілікті ұйымдардан жалпы халықтық
(мемлекеттік) деңгейге дейін қалыптастыра алатын, өзінің
сұраныстары мен қызығушылықтарын таңдаулы демократиялық билік
органдары, өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ азаматтық қоғам
институттары арқылы ашық көрсете алатын қоғам. Тәрбие білім берудің
басты мақсаты болып табылатын, азаматтық қоғам онда жауапты
азаматтың міндетті түрде болуын
болжайды.
Жаңа
қазақстандық патриотизм «Қазақстан-2050» стратегиясындағы
қазақстандық даму үлгісі негізінде көпұлтты қоғамның, идеологиялық,
мәдени және рухани шоғырландыру идеологиясы мен стратегиясы болып
табылады.
Патриотизм
-
өзінің жеке
мүдделерінен мемлекеттің мүдделерін жоғары қоятын, оған адал қызмет
ететін, өз мемлекетінің жоғары дәрежелі бірегей
азаматы.
Ұлттық
таным – өзінің
ұлттық қызығушылықтарын қоғамның танып білуі. Ұлтты, өмір сүретін
территориясын, экономикалық ресурстарын, рухани құндылықтарын
қорғау.
Меритокра́тия
( «лайықтылар
билігі», от лат. meritus — лайықты және басқа. -греч. κράτος —
билік, басқару) — әлеуметтік шығу тегі мен қаржылық жағдайына
қарамастан, билік басында қабілетті адамдар отыруы тиіс деген
ұстанымдағы басқару түрі. Көбінесе екі түрлі мағынада қолданылады.
Терминнің бірінші мағынасы аристократия мен демократияға
қарама-қайшы келетін, басшылар арнайы әзірленген таланттар ішінен
алынатын жүйеге сәйкес келеді. Екіншісі, неғұрлым кең таралған -
дарынды және еңбекқор адамдарға болашақта бәсекеге қабілетті,
қоғамда жоғары лауазымға ие болуға мүмкіндік беру үшін бастапқы
шарттарды қоя білу.
Меритократикалық
қоғам — бұл
істеген еңбегі үшін марапатталатын қоғам. Демек, адал еңбегі,
әскери немесе азаматтық ерлігі, қайырымдылығы
үшін.
Мәңгілік Ел –
Болашағы Біртұтас Ұлт.
Лейтмотив
– жетекші мотив
(адам әрекетіндегі, оқиғалар тізбегіндегі үстем бастама деген
кеңірек мағынаға ие). Елбасы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында белгілеген
қазақстандық қоғамның құндылықтары отандық білім беру жүйесінің
тұжырымдамалық негізі болып
табылады.
Біріншіден, бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Астанасы.
Екіншіден, қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, индустрияландыру мен инновацияларға негізделген
экономикалық өсу.
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншыдан, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетіншіден, бұл – ұлттық қауіпсіздік және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу.
Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Осы құндылықтардың арқасында біз әрқашан
жеңіске жетіп, елімізді нығайтып, ұлы табыстарымызды еселеп келгенбіз. Осы мемлекетқұрушы, жалпыұлттық құндылықтарда Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі жатыр». Білім беру жүйесі «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға өзінің зор үлесін қосу қажет болғандықтан, білім беру стандарттарында төмендегідей құндылықтарға
ерекше мән берілген:
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
- Құрмет;
- Ынтымақтастық;
- Ашықтық;
- Еңбек пен шығармашылық;
- Өмір бойы білім алу.
«Отанға қызмет жасауда менің болашақ мамандығым»
Шағын топтарда кластермен жұмыс істеу және оны қорғау.
2. Рефлексия
Синквейн
-
Бір сөзден тұратын зат есім. Патриот
-
Екі сын есім. Жауапты,отансүйгіш
-
Үш етістік. Қорғайды, құрметтейді, мақтанады.
-
Тақырыпқа қатысты бірнеше сөзден құралған сөйлем. Отан – оттанда ыстық.
|
Патриотқа тән қасиет |
Патриот емес адамның қасиеті |
Маған тән қасиеттер (алдыңғы бағандардан) |
|
|
|
|
|
Патриотқа тән қасиет |
Патриот емес адамның қасиеті |
Маған тән қасиеттер (алдыңғы бағандардан) |
|
|
|
|
|
Патриотқа тән қасиет |
Патриот емес адамның қасиеті |
Маған тән қасиеттер (алдыңғы бағандардан) |
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген