400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен патриотпын

Материал туралы қысқаша түсінік
конспект
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:2.09.2017ж

Сыныбы:7 ә

Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».

Сабақтың арқауы: МЕН – МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН.

Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете  және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Кешенді міндеттері:

- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық  қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;

- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық  дамыту;

- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыр

-блок. Мотивациялық

«Ассоцация» тәсілі Патриот – бұл...........

Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.

II-блок. Практикаға бағдарланған

«Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Қазақ халқының жарқын тарихы бар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, олардың арасында ежелгі шеберлердің бұйымдары да болуы мүмкін, мысалы, «Қарғалылық олжа», қазіргі заманғы белгілі шеберлердің жұмыстары. Білім алушылар бұйымдардың шығу тарихын, оларды шеберлер қалай жасағанын айтады. Мүмкіндігіне қарай шеберлік сыныптарын көрсетеді, мысалы, қыш заттары қалай дайындалатындығы туралы;

Баяғы бір заманда  қазақ жеріне тұтқиылдан келіп жау шабады. Сол кезде елім деп еңіреп туған қазақтың жігіттері туған жерлерін қорғау үшін  жаумен шайқасады. Олардың ішінде кең иықты ұзын бойлы батыр бірден көзге түседі.Ол аянбай жаулармен айқасып жауларын қырып салады   өзі де әбден қалжырайды.

Ұзақ жол жүріп әбден қалжырап,қарны ашып  келе жатқан батыр, жолшыбай ағаштың көлеңкесіне демалуға аялдайды.

Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң, талдан бір жуандау бұтағын кесіп алып,  ойып аспап жасайды.  Оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып тартып көреді.

Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді.Кенет ол бір дыбыстан оянып кетеді. Тыңдап қарасы   өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дыбыс екен. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Сол кезде батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,— деп ойлайды.  Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында, жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайтын болған. Сөйтіп,домбыра деген аспабымыз осылай пайда болды деген де аңыз бар.

-Сендерге аңыз ұнады ма? Қазір біз  домбыра аспабының құрылысын есімізге түсірейік. Домбырадан кім көрсетеді шайтан тиек қай жерде тұрады екен?

-Бас, құлақ, шайтантиек, мойын, перне, шанақ, қақпақ, тиек, түйме, астыңғы ішек, үстіңгі ішек.

-Балалар сендер домбыраны қолға алған кезде қандай ойда боласыңдар? Осы аспап қалай жасалады екен, кім жасайды екен, оның түрлері бар ма, домбыраның шығу тарихы қандай деген сұрақтар келетін болар. Міне, бізде осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Сонымен алғашқы танысуды шағын ғана шеберханадан бастасақ.
1. Мынау домбыра жасайтын шеберхананың жалпы көрінісі
2. Шеберлердің ұлттық аспаптарды жасайтын құралдары (қарапайым тілмен айтқанда қару – жарағы:)
3. Шеберлер жұмыс үстінде  (слайд көрсетіледі)

-Балалар сендер видеодан не көрдіңдер?

-Бұл шеберханада не жасалып жатыр екен?

-Домбыра аспабы, ал олай болса осы домбыра аспабы жайында ізденіп зерттеу жұмысын жасап келген оқушыға сөз кезегін берейік

 

Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Негізінен, архиологтардың зерттеуі бойынша қазақтың қасиетті қара домбырасының 6000 жылдық тарихы бар.    Домбырамен  жалғыз күй емес, терме,ән орындауға да болады. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады.

Домбыраның формасы Қазақстан аума­ғын­да әр өңір­лерде әр қалай болған. Мысалы, Батыс Қазақстандық үлгісі (12-16перне), Орталық және Шығыс Қазақстан үлгісі (12-16перне), Оңтүстік және Жетісу өңірінің шеберлері (7-9 перне) етіп жасаған.

Ал домбыра жасаудағы айтулы шеберлер жайлы сөз қозғағанда ең алғаш   — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик –Ахмет Жұба­новпен бірге эксперименталды көптеген ізденістер барысында домбыраға тәжірибе жасаған Эмануил Иосифович Романенко деген шеберден бастаймыз.

Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымызшұбатіркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғызқазақтүрікменқарақалпақ халықтары пайдаланған.

Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:

  • шимайторсық,

  • өркешторсық,

  • жанторсық,

  • мүйізторсық, т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әр түрлі өрнек салынады.

ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.

Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі