Материалдар / Мен-патриотпын./Тәрбие сағаты.

Мен-патриотпын./Тәрбие сағаты.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».

Сабақ арқауы: МЕН –КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН.

Сабақтың мақсаты және кешендік міндеттері.

Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Кешенді міндеттері: - білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету; - білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу; - білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту; - білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту; - жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру; – Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.

Сабаққа керекті ресурстар:

Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар Қазақстан Республикасының картасы (физикалық, саяси) Қазақстан экономикасының әртүрлі саласына,ауылдың көркеюіне үлес қосқан атақты адамдардың суреттері және т.б.

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Музыкалық және бейне көркемдеу

Мемлекеттік Әнұранның, «Атамекен», әндерінің аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі, «Astana EXPO – 2017 5 ғимараты» бейне,рәміздер туралы т.б

Сабақтың техникалық құралжабдықтары:

Бейнепроектор, Компьютер

Үлестірмелі материалдар

Патриотизм, Отан туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл туралы, еңбек туралы мақал-мәтелдер және т.б. Эпиграфтар «Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!» Н.Ә. Назарбаев

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер «Менің ауылым:кеше-бүгін –болашақта» «Ауылым- алтын бесігім»,

«Дайындыққа арналған әдебиет

Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуір.





Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Сыныпқа кіру,орындарына жайғасу,амандасу. (Мемлекеттік гимнді орындау)

-Кіріспе сөз: Құрметті оқушыларым! Алғашқы білім күнімен құттықтаймын!Жаз бойы жақсы демалып,саяхаттап,лагерьде тынығып алдыңдар,енді тың күшпен 2-сыныпты бастаймыз деген ойдамын. Бүгінгі алғашқы білім күніндегі сабағымыз «Мен-патриотпын» деп аталады. Патриотизм-грек тілінен аударғанда(патриотик) отандас,қандас деген ұғымды білдіреді.

2.Тақтамен жұмыс

-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? –Біздің Отанымыз қалай аталады? –Қазақстан дегенде қандай ойлар келеді? – Елімізде қандай жаңалықтар болып жатыр? –ЕХРО туралы не білеміз?

Суреттермен жұмыс,ауыл туралы әңгіме қозғау,бейнекөріністер 3.Топтық жұмыс

«Бес жолды өлең» 1.Патриот 2.Аса өнегелі, жауапты 3. Еңбектенеді, жасайды, күреседі, 4. Өз Отанын сүйеді, 5. Азамат

4. Өзінің туған қаласы, ауылына арналған «Менің ауылым кеше-бүгін-болашақта» атты суреттердің көрме конкурсы, қорғалынуы керек.Салған суреттерін ілу.

5.Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі. Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар: - патриотизмге өз анықтамасын бере; - тарихи оқиғаларды атау және патриотизмге байланысты кіші Отанының тарихымен байланысты тұлғалармен мысалдар келтіре; - патриотизм мен оның көріністеріне өз ұстанымын ұстана алады.

6. «Атамекен» әнімен аяқтау.



ЖИ арқылы жасау
05 Желтоқсан 2023
377
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі