Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Мен қалада тұрамын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама, айтылым, жазылым
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жанды табиғат

Күні. 24.09.18ж

Сынып: 3

Мектеп: №86

Мұғалімнің аты-жөні: Толендиева Г

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мен қалада тұрамын

Оқу мақсаттары

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді.

Көпшілік оқушылар: шығарманы бөліктерге бөліп,тақырып қояды, жоспар бойынша мазмұнын айтады;

Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, мәтінді логикалық бөліктерге бөледі, бөлімдергетақырып қойып, қоспар құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады.

  • Мәтін бөліктеріне тақырып қояды .

  • Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді.

Тірек сөздер

Ауыл таңы,қала таңы,трамвай,троллейбус

Құндылықтарды дарыту

«Құрмет», «ынтымақтастық»,«еңбек пен шығармашылық»сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне,Отанына риясыз қызмет ететін, білімді,білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі,көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары


Алдыңғы білімді игеру

Мәтінді түсініп оқиды


Сабақ барысы

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топқа сурет бөліктері беріледі. Оқушылар суретті құрастырады. Құрастырған сурет бойынша өз ойларын айтады (көліктің түрі,ауыл немесе қала көлігі екенін айтып өту)

1-топ Трамвай

2-топ Троллейбус

3-топ Автобус

4-топ Жедел жәрдем көлігі

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Қосымша 1

https://yandex.kz/images











Сабақтың ортасы


6-7 минут










8-20 минут


















21-26минут






















27-31минут











32-36 минут










Авторлармен танысу

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (1924-1991) 1924 жылы қазанның 15-ші жұлдызында Алматы облысы Нарынкөл ауданды, Қостөбе ауылында дүниеге келген. Қазақстанн

ың балалар жазушысы, балалар туралы көптеген повестердің, әңгімелердің авторы.

Ертай Ашықбаев-1956 жылы Ақтөбе облысында туған. Балаларға арналған «Ашық сабақ», «Жақсы бала» т,б өлең жинақтары бар.

1-тапсырма

Бердібек Соқпақбаев «Сен ұйықтап жатқанда»шығармасын «Бағытталған оқу» әдісі бойынша әңгімені бөліктермен оқиды. Алдымен бірінші бөлікті оқиды. Әр топ ақылдасып ойларын ортаға салып болған соң,екінші бөлікті оқиды.Әңгімені тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Әрбір бөлікке тақырып қойып,жоспар құрады.

Ертай Ашықбаев «Таң»өлеңін де оқып,топта ойларын ортаға салады.

Саралау:Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

«Радиоға қоңырау шалу» әдісі

Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы,сұрақтарымен «қайта қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.

Рольдер:қала тұрғыны,ауыл тұрғыны,жедел жәрдем қызметкері,жүргізуші.

Үлгі:

-Қала тұрмысы несімен қызықтырады?

- Сізге ауылда тұрған несімен ұнайды?

-Ауылыңыздың көркеюіне қандай үлес қосар едіңіз?

-Жүргізуші мамандығын неге таңдадыңыз?

т.б сұрақтар қойылады

Саралау:Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.

Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,

«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау


3-тапсырма

Кестемен жұмыс

Оқушылар алдарындағы берілген кестені толтырады. Жазып болғаннан кейін жұптаса отырып тексереді.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек - жақсартуға болатыны

4-тапсырма

(Т) «Сурет сал» әдісі

Әр топқа 7 минутта мәтіннен үзінді бойынша сурет салу ұсынылады.Әр топқа плакаттар таратылады.

Салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді.

Саралау: Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдыру.

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.





Оқулық 28-30 беттер

















Қосымша 3












































Сабақтың соңы

37-40 минут

Пайымдау сұрақтары” әдісі

Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды:

Сабақта не маңызды болды? Не қызық болды?

Жаңадан не білдіңдер?

Не үйрендіңдер? т.с.с.

Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.

Кері байланыс

Сабақтабәрі түсінікті дегендер ұшақты, түсінікті дегендер пойызды, түсінгім келеді дегендер автобусты таңдайды.











Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы.








Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Сабақтың уақыттың кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары: Сейтмағамбетова А.С








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1949
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12