400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Мен қаламмен жазамын

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған сабақ жоспары. Жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:

1 АБВГДЕ

Мектебі: «Престиж»

Бөлім: 2

Сабақ:7

Күні: ....-..10.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Шынәділова Камшат Әтірбекқызы

Сабаққа қатысқаны:

Сабаққа қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Мен қаламмен жазамын

Сабақтың түрі

жаңа сабақ

Оқу мақсаттары

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Оқу құралдарын дұрыс атай алады. Оқу құралдарын қалай пайдаланатынын айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Немен? Сұрағына дұрыс жауап бере алады. Оқу құралдарын көмектес септігі жалғауымен орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Оқу құралдарын қалай пайдаланатыны туралы қосымша ақпарат бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Жазамын, қиямын, сызамын, сурет саламын, өшіремін

Құндылықтарды қалыптастыру

Отансүйгіштік, адамгершілік, тілді құрметтеу құндылықтарын қалыптастыру.

Алдыңғы оқу

Оқу бөлімі, тілдік танымға негізделген

Күтілетін нәтиже

Етістіктьерді қолданып, сауатты сөйлеуге дағдыланады.

Сабақта қолданылатын материалдар

Суреттер, смайликтер, оқулық, аудио диск, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушылар бір-біріне атын атап сәттілік тілеу арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнатады.


Өткен сабақты тексеру.

Сен нешінші сыныпта оқисың? сұрағына жауап беру және өткен сабақтың сөздерін қайталау.

«Суретті сөйлетеміз» айдары бойынша тақтадағы суреттермен сөйлемдер құрастырып айтады.

Тілашар дәптер

Сабақтың ортасы

Қызығушылықты ояту.

Мектептің суретін көрсетіп, мектепте не істейтіндері туралы сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпты ашамын.

Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс

Жазамын- пишу

Сурет саламын- рисую

Қиямын-вырезаю

Сызамын-черчу

Өшіремін-стираю

1-тапсырма

Тыңда, қайтала. Үлгі бойынша сөйлес.

  • Мен қаламмен жазамын

  • Мен қарындашпен сурет саламын

  • Мен қайшымен қиямын

  • Мен өшіргішпен өшіремін

  • Мен сызғышпен сызамын

Сергіту сәті. «Он саусақ»

  1. Айтылым

«Есте сақта!» айдары бойынша Мен бірінші сыныпта оқимын. Мен мектепте кітап оқимын. салыстыра отырып көрсетемін.

  1. Жазылым.

Жазу дәптеріндегі 1,2,3-тапсырмаларды орындайды. 16 бет.

Сергіту сәті. «Неше доп?»

  1. Оқылым. Оқулық. 3-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлес.

  • Сен неше жастасың?

  • Мен .... жастамын

  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Мен ....... сыныпта оқимын

  • Сен мектепте не істейсің?

  • Мен мектепте ..... ..... ..... .

Суреттер








Оқулық, оқулықтағы сурет,

аудио 2.5.1.















Оқулық 29бет



Сабақтың соңы

«Кім жылдам?» ойыны жалғаулар мен жұрнақтардың дұрыс жалғанған болса шапалақ соқпайды, бұрыс болса, шапалақ соғу арқылы білдіреді.


Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау.

Тілашар дәптер

Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушыларды сабақ барысындағы нәтижесі бойынша қорытынды шығарып бағалайды.


Рефлексия

-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

- Барлығы түсінікті ме?

Толық түсінсең – жасыл

Түсінбеген жерлерің болса қызыл парқшалармен көрсетеді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1211
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі