15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен қазақпын
Бекітемін:
Пән: жаратылыстану Күні: 24.01.19ж Сынып: 1 «Е» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Қазір ғарышты қалай зерттейді? |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау; 1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар:кейбір ғарыш денелерін сипаттау; Оқушылардың басым бөлігі:ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау; Кейбір оқушылар:қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу. |
||
Жетістік критерийлері |
расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айыр машылығын түсінеді. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Кіріспе тапсырма. Блиц-турнир. Оқушылардытоптарға бөліп, оқулықтағы сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз. Немесе алдын ала қарсылас топтарға “Ғарыш” тақырыбында бірнеше тапсырмалар ойлас тыруды тапсырыңыз. Оқушылар ежелде ашылған астрономиялық жаңалықтарды еске түсіріп, оларды атап бере алады. Ғарыш — бұл Жерді қоршап тұрған кеңістік. Оны зерттеу үшін телескоптар мен басқа да күрделі оптикалық құрылғылар қажет.
Жердің жасанды серіктерінің көмегімен метео рологиялық ақпараттар алынады, Күннің құбылыс тарын бақылайды, ормандардағы өрттерді анық тайды. Ғарыш аппараттары Айда, Шолпанда, Марста болған.
Қазіргі уақытта әлемде ғарыш аппараттарын ұшыратын ғарыш айлақтары көп емес. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы аумағында орналас қан әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы да бар.
Расытхана (обсерватория) — астрономиялыққұбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекеме. Ағылшынның “бақылау” сөзінен шыққан.
|
ұшу аппараттарының әртүрлі суреттері; телескоптардың суреттері. Интернет-ресурстар: телескопты қалай жасауға болатыны туралы бейнежазба, мысалы, https://www.youtube.com/ watch?v=k6vs_sjzGFY; Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы, мысалы, http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/.
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Телескоп. Оқушылардан дүрбі туралы небілетіндерін сұраңыз. Ғалым Галилео Галилей жайында айтып беріңіз. Оқулықтағы суреттерге назар аудартыңыз. Оларды салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылардан алғашқы телескоптардың қандай кемшіліктері болғанын сұраңыз. Егер олар жауап беруге қиналса, сіз сұрағыңызды “Тым алыстағы нысандарды ескі телескоптардың көмегімен көруге бола ма?” — деп нақтылаңыз. Оқушылардың қайсысы қарапайым дүрбімен қарап көргенін сұраңыз. Кескін анық болды ма?
Оқушылар “заманауи телескоптардың ұлғайтып көрсету мүмкіндігі мол, сондықтан кескіндері де нақты болады” деген қорытындыға келеді. Жерқандай?
Ертеде адамдар Жердің пішінін қалай елестеткен?
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Аяқталуы 16 минут
Қызықты тапсырма 8 минут |
Зерттейік. Оқушыларды төрт топқа бөліп, нұсқаулықтар беріңіз.
1-топ. “Суретшілер” — зымыранның суретін салады. 2-топ. “Мүсіншілер” — оны ермексаздан жасайды. 3-топ. “Оригами” — зымыранның үлкен үлгісін қағаздан жасайды. (Нұсқаулық беріп, қажетінше көмек көрсетіңіз.)
4-топ. “Тәжірибе” — зымыранды ұшырады. (Шыны ыдысқа құрамында көпіретін газы бар дәрілер салынып, оның бетіне қағаздан жасалған зымыран орналастырылады. Ол он секунд ішінде ұшады.)
Осы жұмысты орындағаннан кейін барлық топ мүшелерін жинаңыз. Оқушыларға өздерінің орындаған жұмыстарын талқылап, қорытынды жасау үшін бес минут уақыт беріңіз. Содан кейін қатысу шыларды таныстырылымдарын тыңдау үшін ортаға шақырыңыз. Әр топ таөзара бағалау жасатып, тапсырма орындаудан алған әсерлерімен бөлісіп, алынған нәтижелер бойынша өз ойларын ортаға салу мақсатында оқу диалогін құрыңыз.
|
Оқулық, дәптерлер. |
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар |
|
Бекітемін:
Пән: жаратылыстану Күні: 31.01.19ж Сынып: 1 «Е» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Жер ғаламшарының көрінісі |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау; 1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау; 1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау 1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар:жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтау; Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдеріс терді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
|
||
Жетістік критерийлері |
жеке және топтық жұмыста өзінің сезімдерін жеткізе білуді әрі елестете алуды үйренеді. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Кіріспе тапсырма. Бүгінгі сабақта “Ғарыш әлеміне” саяхат жасайтындарын айтыңыз. Ауа райы қолайлы болса, сабақты сыртта жүргізіңіз. Оқушы-ларды далаға шығарып, аспанға және көкжиек сызығына қарап тұрып, аспан мен жердің біріккен жерін тауып, көкжиекті анықтауға бағыт- бағдар бе ріңіз. “Аспан мен жер қалай түйісіп тұр? Не байқа дыңдар?” деген тәрізді сұрақтар қойыңыз.
Бақылау жүргізіп болған соң, бақылау барысында оқушының не түсінгенін, қандай ой туындағанын сұрап біліңіз. Оқушының барлық жауабын қабыл даңыз және “дұрыс емес” деген сөзді айтпауға тыры сыңыз. Қажет болған жағдайда тапсырманы өзіңіз нақтылаңыз.
Жер қандай? Оқушылардың назарын суреттерге аударыңыз. Ежелде адамдардың Жер ғалам шарын қалай елестеткені туралы айтып беріңіз. Неге олай ойлағаны туралы сұраңыз. Осы жерде “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінді көрсетіп, бірлесе талқы лауға болады.
Оқушылармен тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз: қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? — деген жетелеу сұрағын қойыңыз. Ертеде адамдар осы тәрелкедегі сияқты жердің шетіне шығып кетсе, онда басқа аймаққа өтіп кетеді деп ойлағаны туралы айтыңыз |
ғаламшарлар туралы ақпарат беретін мульт фильмнен және “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінділер. |
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Зерттейік. Сыныпты екі топқа бөліңіз. Жердіңдомалақ екенін әр топ зерттеу жүргізе отырып дәлелдейді.
Бірінші топқа: Айдың тұтылу кезіндегі фотосу ретін беріңіз. Оқушылардың назарын көлеңкеге аударыңыз. Тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қойыңыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасау керек.
Екінші топқа: энциклопедиядан көкжиек, көк жиек сызығы туралы материалды беріңіз. Орындап болған соң әр топтың оқушылары алған білімдері мен және жасаған қорытындыларымен бөлісуі үшін ортақ талқылау жасатыңыз.
“Ойлан” айдарын оқып, тәжірибе өткізудіұсыныңыз. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жа салған кемені партаның үстімен жүргізіп көріңіз. Суреттерге қара. Оқушыларға доп пен глобусты салыстыруға беріңіз де, мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Мына доп пен глобус бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсас?
— Қандай айырмашылықтары бар? Шардың сыртқы белгілері туралы сұраңыз: — Шардың пішіні қандай? — Ол неге ұқсайды? — Шардың бұрыштары бар ма?
Мұның алдында жасаған бақылаулары бойынша қорытынды жасауға жетелеңіз. Өздігінен тұжырым жасауға ұмтылған балаларды мақтаңыз.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Аяқталуы 16 минут
Қызықты тапсырма 8 минут |
Шарға ұқсас заттарды ата. Бұл тапсырманыжұппен орындауды ұсыныңыз. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беріңіз. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Қай жұп шарға ұқсайтын заттарды көп салғанына көңіл аударыңыз. |
Оқулық, дәптерлер. |
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар |
|
Бекітемін:
Пән: жаратылыстану Күні: 14.02.19ж Сынып: 1 «Е» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Глобусты қалай қолданады? |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар:жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пі шінін анықтау; Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеу қажеттілігін түсіндіру. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
||
Жетістік критерийлері |
глобустан құрлықтар мен мұхиттарды табады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға алдыңғы сабақтағы ғарышқа сапар жалғасатынын ескертіңіз. Оқушылар өздерін ғарышта жүрміз деп елестетсін. Мұғалім “Балалар, біз бүгін де ғарыш кемесімен сапар шегеміз” деп, cабақты қызықтыруға болады. Бұл тапсырманы оқушылар өздерін теңізші, альпинист, орманшы ретінде сезінетіндей етіп, рөлдік ойын түрінде ұйымдастырыңыз. Олардың назарын Жер ғаламшарының өте үлкен екеніне аударыңыз. Ойын барысында сұрақтар қойыңыз: — Жердің барлық түкпір-түкпірін көру үшін не істеу қажет? — Біздің ғаламшарды оның үстінде тұрып тұтас көруге бола ма? Жер. Оқушыларға ғарыштан түсірілген Жер ғаламшарының фотосуреттерін көрсетіңіз. Оларды талқылаңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз: — Фотосуреттен не көріп тұрсыңдар? — Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.) — Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.) — Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой? Оқушылардың пікірін толық тыңдаңыз. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды бірден айтуға асық паңыз. Оның дұрыс- бұрыстығын келесі тапсырманы орындау барысында өздері түсінеді. Ойыншықтар. Оқулық суреттеріндегі заттар дың моделін қарастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға: “Бұл заттардың өзі емес, олардың моделі, кіші рейтілген көшірмесі” — деп ескертіңіз. Барлық оқушылардың дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін алдын ала сынып бөлмесіндегі заттардың суреттерін, макеттерін дайындаңыз. Әр затты көрсете отырып, “Бұл не?” — деп сұраңыз. “Тек же келеген заттардың ғана емес, үйдің, бөлменің де моделін жасауға болады” — деп айтыңыз. Алдыңғы тапсырманы орындау кезіндегі “Біздің үлкен ғалам шарымызды зерттеу үшін оның суретін қалай салуға болады?” деген сұраққа қайта оралыңыз. Оқу-шылардың пікірін тыңдап, бұл үшін бізге оның кіші рейтілген моделін жасау қажет деген тұжырымға келуге жетелеңіз. Олар “Мұндай модель — глобус. Глобус — Жердің кішірейтілген көшірмесі” деген қорытындыға келуі тиіс. Глобус (латын тілінде шар деген мағынаны біл діреді) — Жер ғаламшарының бірнеше есе кіші рейтілген моделі.
Дәл осы модель біздің ғаламшарымыздың сыртқы бейнесін және оның бөліктерінің арақатынасын анық көрcетеді.
|
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Зерттейік. Оқушылардан ермексазбен кез келген заттың моделін жасауды ұсыныңыз. Кейбір оқушылар сынып бөлмесіндегі барлық заттардың моделін жасай алады. Модельдердің суреттерін де салуға болады. Жұмыс барысында оқушылардың не жасап жатқанын сұраңыз. Кейбір оқушылар Жердің моделін жасауға талпынуы да мүмкін. Ондай оқушылар болса, мақтап қойыңыз. Глобуспен танысу. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Әр жұпқа бір глобус, түрлі түсті түймелер қажет. Оқушы глобустан көк түспен берілген жерлерді тауып, өзен, көл, мұхиттардың атауларын оқиды және сол жерге көк немесе көгілдір түсті түймелерді бекітеді. Құрлықтарды да осы әдіспен іздеп тауып, ол жерлерге қағаздан жасалған адамның бейнелерін жапсыртуға болады. Глобустың басым бөлігі неліктен көк түспен боялғаны туралы оқушылардың өздері қорытын дылағаны жөн. Осы тапсырмадан кейін глобус — Жердің кішірейтілген моделі екенін тағы қайталап, алған білімдерін тиянақтау керек. Сен білесің бе? Оқушылардың естеріне өт кен сабақтағы Жердің шарға ұқсайтыны туралы қорытынды жасалған тәжірибені түсіртіңіз. Жердің шар тәрізді екенінің тағы бір дәлелі — Жер шарын кемемен айналып шыққан адамдардың саяхаты екенін айтыңыз. Егер Жер “дөңес диск” тәрізді болса, теңізшілер шыққан жеріне қайта оралмайтынын түсіндіріңіз. Фернан Магеллан саяхаты туралы, яғни бес кеменің тек біреуі оралғаны туралы тарихты айтып беріңіз. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Би |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Аяқталуы 16 минут
Қызықты тапсырма 8 минут |
Оқушылар глобус — Жердің кішірейтілген мо делі екенін біледі және алған білімдерін қолдана алады.
Сұрақтар бойынша әңгімелесу
Глобус. Оқушылар глобус салынған суретті қажетті түстермен бояуы керек. Оқушылардың “құр лық” және “су” ұғымдарының айырмашылығын түсін генін жұмыс барысында бақылаңыз
Зат моделі. Оқушылар кез келген екі заттың моделін салады. Мүмкіндік болса google.planet. сайтының көмегімен саяхатқа шығуға болады. Саралау мақсатында зерек оқушыларға әртүрлі энциклопедиялардан Жер ғаламшары туралы үзін ділерді оқытып, мынадай тест жұмысын ұсынуға болады: Глобус дегеніміз не? а) оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар; б) Жер ғаламшарының моделі. Жер ғаламшарында неше құрлық бар? а) алты; ә) тоғыз; б) төрт. Жер шарында неше мұхит бар? а) тоғыз; ә) бес; б) төрт.
|
Оқулық, дәптерлер. |
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар |
|
Бекітемін:
Пән: жаратылыстану Күні: 21.02.19ж Сынып: 1 «Е» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Уақытты анықтау не үшін қажет? |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру |
||
Сабақтың мақсаттары |
|
||
Жетістік критерийлері |
қанша уақыт кеткенін анықтайды. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Видеожазба , таныстырылым. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Саяхат. Негеш пен Эврика саяхатқа шығуғажиналды деп айтыңыз. Оқушылардың қайсысы саяхаттап көргенін сұраңыз. Саяхаттан алған әсер лерін сипаттасын. Басқа елдерге саяхаттап баруға, қонақүйлерге, қонақжайларға тоқтауға болады деп айтыңыз. Сонымен қатар табиғатқа шығуға, орманға баруға, шатырларда демалуға болады. Оқулықтағы суретке назар аудартыңыз. Сұраңыз: — Негеш пен Эврика қалай демалмақшы ? (Жолдорбаларын алып, табиғат аясында белсенді серуендеуге барады.)
— Сапаржайдағы карта мен жазуға қараңдар. Біздің кейіпкерлеріміз қай жерден қайда барады? (Астанадан — Бурабайға.)
Оқушыларға Қазақстанның інжу-маржаны болып табылатын осы өлке туралы айтып берулерін ұсы ныңыз. Төмендегі сұрақтарды қойыңыз:
— Балалар бірден Бурабайға жете ала ма? Неге?
— Олар қандай көлікпен жетеді? — Ол қанша уақыт алады? — Сендерге кейде уақыт “жүйрік” болып көріне ме?
— Ал кейде өте баяу жылжитындай болып көрінді ме? Қандай жағдайда? Айтып беріңдер.
Талқылау жүргізіп, қажетті жерге жету үшін белгілі бір уақыт керек деген қорытынды жасаңыз. Баратын жер неғұрлым алыс болса, жету үшін соғұр лым көп уақыт жұмсалады |
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Гүлдің өсуіне қанша уақыт қажет? Суреттергеназар аудартыңыз. Сұраңыз: “Бірінші суретте не бейнеленген? (Тұқым.) Екіншіде? (Өскін.) Өскін қайдан пайда болды? (Тұқымнан.) Үшінші суретте не бейнеленген? (Өсімдік гүл жарды.) Сендер қалай ойлайсыңдар, бірінші сурет пен үшінші сурет арасында қанша уақыт өтті? (Бір айға жуық.) Уақытты тоқтатып қоюға бола ма? (Жоқ.) “Егер уақыт тоқтап қалса, онда...” — деп, қиялдауды ұсыныңыз.
Уақыт көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды деп қорытынды жасап, жинақтаңыз. Ол өткен шақтан болашаққа қарай жылжиды. Барлық өзгерістер уақыт аралығында болады.
Сағаттың түрлері. Осы тапсырманы орындайотырып, оқушылардан сұраңыз:
— Сендер сағат дегеннің не екенін білесіңдер ме?
— Оларды қай жерден көруге болады? (Сапаржайда, мектепте, емханада, үйде, мұражайда және т.б.)
— Сағаттар қандай болады?
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Би |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Аяқталуы 16 минут
Қызықты тапсырма 8 минут |
Ойлан!
Оқушыларға мәселелік сұрақ қойыңыз: “Сағаттың неше болғанын білу бізге не үшін керек?”
Оқушылардың ойларын тыңдаңыз. Оқушыларға кенеттен, бір мезетте барлық сағаттар жоқ болып кетсе немесе жұмыс істемей қалса, не болатынын көз алдарына елестетуін тапсырыңыз. (Ұшқыштар, жүргізушілер және т.б. сағат нешеде жолға шығу керектігін білмес еді. Апат көп болушы еді. Адамдар жұмысқа кешігетін еді және т.б.)
Зерттейік. Осы зерттеуді аулада немесеспортзалда жүргізсе, жақсы болады. Сыныпты үш топқа бөліңіз. Практикалық жұмысты жүргізу үшін бірінші топ құмсағатты, екінші топ — механикалық, үшінші топ — электрондық сағатты алады.
Сөренің және мәренің орнын анықтаңыз, аралығын ұзындық өлшеуіш таспамен немесе қадаммен өлшеңіз.
Оқушылардың арасынан осы арақашықтықты кезекпен жүгіріп өтетін үш оқушыны таңдап алыңыз. Әрбір жүгіру кезінде топтағы басқа оқушылар уақытты белгілеп, жазып тұрады.
Содан кейін оқушылар сағаттарын алмастырып, тәжірибені қайталай алады.
Тәжірибе аяқталғаннан кейін “Осы уақытты құмсағаттың көмегімен өлшеуге бола ма?” — деп сұраңыз.
Оқушылардан қай сағат бәрінен де нақты бол ғанын сұрап, нақтылаңыз.
Оқушылар “Құмсағатта циферблат жоқ, сондық тан дәл уақытты анықтау қиын. Механикалық және электрондық сағаттардың көмегімен дәл уақытты анықтауға болады, алайда электрондық сағат ың ғайлы” деген қорытынды жасай алады.
Уақыт қозғалысы. Оқушылардың назарыноқулықтағы суреттерге аудартыңыз. Сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:
— Жағдайлардың әрқайсысында қанша уақыт өтті? Неге?
— Сәби бір минуттан кейін оқушы болуы мүмкін бе?
— Бала төсектен бір жылдан кейін тұруы мүмкін бе?
Оқушылар әр әрекет үшін белгілі бір уақыт ара лығы қажет екенін түсіне алады. Оқушыларға картоннан сағат жасауды ұсы ныңыз. Циферблатты кесіп алып, оны әсемдеп, сандарды жазулары керек. Сағат тілін бөлек қиып алып, оны ортасына сымтемірден жасалған білік арқылы бекітсін. Сыныпта сағаттардың көрмесін ұйымдастыруға болады.
Қосымша материал ретінде оқушыларға ата-анасымен бірге Е. Шварцтың “Жоғалған уақыт ту ралы ертегісін” оқуға және оның мазмұнын талдауға ұсыныс жасауға болады. |
Оқулық, дәптерлер. |
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген