Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мен қазақпын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде ұсынып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дәстүр және фольклор тарауы бойынша

Мектеп: «Төрткүл» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пәні:

Дүниетану

Күні: 16.02.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Әйтімбет Мариям

Сынып: 1 «Г» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Мен қазақпын»

Оқу мақсаты:

1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу

Сабақтың мақсаттары:



Барлық оқушылар орындай алады

Көрнекі материалды қарап қазақ халқының батыр кейіпкерлері туралы айта алады. Өз елінің мемлекеттік белгілерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Көрнекі материалдарға сүйеніп неліктен батыр атанғаны жөнінде өз ойымен бөліседі. Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі белгілерінің мағынасын біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады

Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы айтады және қазіргі заман батырларынан мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсат:

ауыз әдебиеті - фольклор – folklore, ерлік – мужество – bravery, батыр – герой – hero, шекара – граница - border, ел – страна – country, жаңбыр – дождь – rain, жер – земля – earth, хан – хан – king, жылқы – лошадь – horse, тау – гора – mountain, тіл – язык – language

Бағалау критерийі:

  • Ежелгі адамдардың өмірі туралы айта алады.

  • Ата – бабамыздың даналығы мен ерлігі туралы біле алады.

Құндылықтарды дарыту:

Бір-бірлерінің пікірін тыңдау, өз ойын ашық білдіру, топта белсенді болу, топпен бірге ортақ шешім қабылдау.

Пәнаралық байланыстар:

Сабақ барысында жаңа сөздерді орыс тілі және ағылшын тілінде айтқызу.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

ноутбук, видео проектр, дыбыс күшейткіш.

Алдыңғы білім:

Адамдар не үшін саяхатттаған?

Бұрынғы кезде адамдар қалай саяхаттаған?

Халқымыздың аңыздарында не туралы айтылған?

Неліктен Қазақстанның мемлекеттік туы көгілдір түсті?

Қандай мерекелер мен ұлттық дәстүрлерді білесің?

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған

іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:


2 минут


















2 минут



























8 минут











Психологиялық дайындық.

Оқушылармен амандасып, хал сұрасу.

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз,

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.

Мазайкалық әдіс арқылы топқа бөлу .

  1. Толағай тобы

  2. Қасым хан тобы

  3. Жылқы тобы

  4. Киіз үй тобы

Миға шабуыл

Зымыран сұрақтар:

-Адамдар не үшін саяхатттаған?

-Бұрынғы кезде адамдар қалай саяхаттаған?

-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Балалар біздің ұлтымыз қалай аталады?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

- Біздің елбасымыз кім?

-Біздің бас қаламыз қай қала?

-Біздің туымызда не бейнеленген?

-Біздің туымыздың түсі қандай?

-Тағы қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

-Біздің елімізде өте көп кездесетін ұлт өкілдері кімдер?

-Батыр деп қандай адамдарды айтады?

-Сендер батыр деп санайтын адамдар бар ма?

-Адам батыр атану үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

-Батыр болу үшін қандай заттарды қолдануға болады?

-Қазіргі таңда бізге батырлар қажет пе?

Мағынаны тану

-Олай болса балалар барлығымыз тақтаға қарап мына бір бейнеүзікті көріп алайық.


Топта отырған балалар көрсетілген кейіпкерлер туралы және олардың қандай ерліктерін халық жоғары бағалағаны жөнінде ойларын ортаға салады.Неліктен бұларды халық батыр деп таныды? Осы жөнінде топтық талқылау жүргізіп ортақ шешім қабылдайды.

Дескриптор:

  1. Топтық талқылауға қатысады. 2. Бейне үзіктегі кейіпкерлерді анықтайды және оның жасаған ерлігі туралы және тигізген пайдасы туралы ойларын айтады.


«Толағай» – халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты. Ерте заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшының отбасында Толағай деген ұл дүниеге келеді. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Күндердің күнінде жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, жұт келеді. Елін жұттан құтқару үшін алыстағы тауды өз еліне әкеледі. Шаршаған батыр ауылына жеткенде тау астынан шыға алмай мәңгіге сол таудың астындақалып қояды. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады.


Мазайкалық әдіс

Сурет қиындылары
















Зымыран сұрақтар әдісі Көрсетілім


























Толағай туралы бейне баян




Топтық жұмыс

Сабақтың ортасы/ сабақтың негізігі бөлімі:


20 минут














І – топ «Толағай»

Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптерінің 37 жұмыс парағындағы берілген тапсырманы орындайды. Кейіпкерге қажетті заттарды бояп көрсетеді. Артық заттарды сызып тастайды.

Дескриптор:

1.Қажетті заттарды бояйды.

2.Артық заттарды табады.

ІІ топ. Қасымхан тобы

Оқулықпен жұмыс

Халық даналығы «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы» деген мақалды қалай түсінесің?

Қазіргі заманда батыр атануға болама?

Дескриптор:

1.Мақал – мәтелдер айтады.

2. Түсіндіреді

ІІІ топ. Жылқы тобы.

Топтық жұмыс

Толағай Қасым хан

Қажетті сөздер: жаңбыр жаудырды, елін қорғады, тауды көтерді, ел биледі, жаудан қорғады, шекараны нығайтты, елге су әкелді, құрғақшылықтан құтқарды.

Дескриптор:

1. Тиісті кейіпкерге тән қасиетті анықтайды.

2.Сәйкестендіреді.

ІҮ топ. Киіз үй тобы

38 жаттығу. Қазақ халқы туралы тірек сызбаны толықтырады.

Дескриптор:

  1. Қазақ халқының қасиеттерін топтастыру


Біле жүр...

Қасымхан туралы бейне шолу

Бұл – Қасым хан. Ол елін сүйген. Қолына қару алып, елін жаудан қорғаған.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511–1523 жж.) тұсында нығайды. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерін өз қол астына біріктірді. Тарихшы-ғалымдардың зерттеуіне сай Қасым ханның тұсында қазақ халқының саны 1 миллионға жетті. Қасым дана және көреген саясаткер, дарынды және ер жүрек қолбасшы болған.


Жұмыс дәптер, түрлі-түсті қарындаштар











Жеке парақшалар

Қоянды қамыс өлтіреді, Батырды намыс өлтіреді.

Бай болсаң еліңе пайдаң тисін, Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін.





ВЕНН диаграммасы

Жеке парақшалар

Сәйкестендіру

Shape2 Shape1



Shape3

Қонақжай




Shape4


Shape5

Қазақ халқы




Shape7 Shape6

Shape8

Шешен


Shape9

Көшпелі






Сергіту сәті:

3 минут

«Сен білесің бе?» айдары. Әр халықтың өз ана тілі бар. Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады.

Аудео- видео плеер

Жаңа сөздерді үш тілде айту

Сабақтың соңы:

5 минут









Тақтамен жұмыс: Оқушыларға Қазақ халқының тұрмыс – тіршілігі, салт – дәстүрі және ұлттық киімдері, төрт – түлігі деп жазылған тірек сызбаны толықтыру.




Рефлексия.

-Бүгін қандай батырлардың есімдері аталды ?

-Екі кейіпкердің ұқсастығы мен айырмашылықтары бар ма?

-Батыр болу үшін тек қана қолына қару алу керек па?

- Толағайға қажет нәрселерді ата?

- Қасымхан қандай батыр?



Shape10


Тұрмысы Дәстүрі

Shape11

Ұлттық киім Төрт - түлік




Бес қадам әдісі арқылы сөздіктерді сұрау.

«Бағдаршам» арқылы оқушылардың сабақты түсінгенін түсінбегенін анықтау.


Қосымша мәліметтер:

Саралау- оқушыларға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз ?

Еліміздің негізгі белгілерін анықтатамын, мән мағынасын айтқызамын.

Суретке қарап кейіпкерлерді анықтайды және олардың ерлігі туралы ойын айтқызамын. Қабілетті оқушыға қалай түрлендіресіз?

Өз бетінше осы кейіпкерлер туралы қосымша ақпараттар айтады.

негізгі белгілер туралы және олардың авторы Ә. Тәжібаев жөнінде ойларын айтқызамын.


Оқушылардың жауаптарын тыңдап, бақылаймын. Оларды формативті түрде бағалаймын.


Топтық тапсырма кезінде сыныпты аралап жүріп кімнің көбірек жұмыс жасағанын бақылаймын.

Қатыспай отырған оқушылар болса топқа араласуына жағдай туғызамын.







Пәнаралық байланыс.

Дүниетану,

жаратылыстану математика. Орыс, ағылшын тілдері

Денсаулық және қауіпсіздік.

Жазу барысында қаламсаппен дұрыс жұмыс жасау ережесін сақтау.


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?



Сабақ мақсаттары және оқу мақсаттары дұрыс қойылған.Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді.

Сабақтағы саралау дұрыс жүргізілді.Сабақтың барлық уақыттық кезеңдері сақталды.Сабақ жоспарынан ешқандай ауытқулар болған жоқ



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Миға шабуыл

2: Тақтамен жұмыс

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сергіту сәті

2: Оқулықпен жұмыс

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Келесі сабағымда А тобындағы оқушыларға жекелеген тапсырмалар дайындау, бағалаудың түрлерін түрлендіруім керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
482
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12