400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен Қазақстанның болашағымын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам баласының ортақ қазынасы білімге терең бойлап, әлемді таң қалдыратындай бәсекеге көтерілу үшін күресуге тәрбиелеу Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін күресуге тәрбиелеу. Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт көрсету Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мен Қазақстанның болашағымын»

Жумагалиева Айнагул Курманаевна

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

Ембі қаласы

«Ембі қалалық № 2 жалпы білім

беретін орта мектебі» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Мақсаты: Адам баласының ортақ қазынасы білімге терең бойлап, әлемді таң қалдыратындай бәсекеге көтерілу үшін күресуге тәрбиелеу
Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін күресуге тәрбиелеу. Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауына бағыт көрсету
Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру
Әдісі: пікірталас.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, интерактивті тақта.
Барысы. Кіріспе: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мен Қазақстанның болашағымын» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер -жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер. Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштарыңыз деп санаймыз.
Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сіздердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.
І оқушы: Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды,

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға сол қайғы,

деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

ІІ оқушы: Менде сөйлер сөз болса –

Өзің берген сөзің ғой!

Менде көрер көз болса –

Өзің берген көзің ғой!

І оқушы :Шаттық құшқан шеруде,

Күйді өтерген өзің ғой!

Қиындықты жеңуге

Үйреткен де өзің ғой!

ІІ оқушы: Толқығанда сезім –ой,

Әппақ арым, тілегім.

Туған елім өзің ғой –

Арқа сүйер тірегім!

І оқушы: Туған елім, өзіңнің,

Жазираңды кездірдің.

Жайма –шуақ кезімнің,

Рахатын сездірдің!

ІІ оқушы :Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!


Пікірталас: Ел ертеңдері, мемлекетіміздің жас ұрпағы қандай болу керек?



Shape1

жас ұрпақ қандай болу керек?

ІІ сауал: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін анықтау.
Ауруханада бес ауру жатыр. Сіздер дәрігерсіздер. Емдеу үшін сіз ауырып жатқан адамдарыңызға жүрек салуларыңыз керек, бірақ жүрек жалғыз. Сіз кімге көмектесекр едіңіз?
көп балалы ана.70 жаста. 5-айлық нәресте,қыз бала. 6-жасар ер бала.
құрылысшы. қаңғыбас.
ІІІ сауал: «Менің болашағым білім бе, әлде ақша ма?»
Жүргізуші: Қасиеттің бәрі керек адамға, ақша, қызмет, атақ та, лауазым да.
- Мен мамандықты таңдағанда ол туралы бәрін біліп алу керек деп ойлаймын. Ол мамандықтың ақшасын, ол мамандық арқылы қандай үлкен жетістіктерге жететінін білу керек. Жас мұраты-білім-тәлім талабы, өнер оқу-жастың қару-жарағы» дегендей, білімнен асар байлық жоқ дейсіз. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
1. мен бұл тақырып төңірегінде былай дер едім: Мен негізінен білімді жақтадым, себебі біз келешек Қазақстанның туын тұғырлы, елтаңбасын еңселі ететін Қазақстан жастарымыз. Сондықтан да келешекте тек қана білім керек дер едім. Білімді ұрпақ бар жерде ешқандай қиыншылық болмай тек қана келешекте елімізді көркейтер азамат пен азаматша боларына сенімдіміз. өз жүрегімнен шыққан мына өлеңді сіздерге оқып берсем деймін.
Білім керек дер едім мен қолдаса,
Ақша деген бұл өмірде болмаса.
Білімсіздер жүреді тек шаттанып,
Ақшасы мен байлығына мастанып.
Жүргізуші:Білімді болып, ақшасыз, қалайша студент атанасыз?
Жүргізуші: Адамдық борышың-халыққа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, ар сақта соны біл.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің. «Туған жер –алтын бесік» — демекші, бүгінгі   айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік, туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
814
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі