Материалдар / «МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН»

Материал туралы қысқаша түсінік
«МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
388
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

И.Журба атындағы жалпы орта мектебі









Сабақтың тақырыбы:

«МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН»



6«Б» сынып жетекшісі:

Аширбекова Асия







2018-2019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:

«МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН»

Тәрбие бағыты:

Рухани-адамгершілік

. Білім алушылардың патриоттық тәрбие процесінде жоғары құндылықтарды, әлеуметтік маңызды процестердің және нақты өмір құбылыстарының идеалдары мен бағдарларын, оларды анықтайтын принциптер ретінде басшылыққа алу қабілетін, тәжірибелік қызмет ұстанымдарын ұғынуы. Мәдениет пен білімділікті арттыру; Отанға лайықты қызмет көрсетуге дайын екендіктерін көрсететін идеяны түсіну; жоғары адамгершілік мінез-құлық нормаларын, жауапкершілік және ұжымшылдық, маңызды рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи құндылықтарды дарыту.

Тәрбие негіздемесі:

Жаңа Қазақстандық Патриотизмді түсінуге арналған мемлекет орнатудың белгілерінің бірі тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Тәрбие мақсаты:

қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Міндеттері:

- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылады

.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсат міндеттерімен таныстыру.

Мұғалім сөздері:

Қазақстан Республикасының мемлекттік рәміздері туралы қысқаша шолу жасау.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, әнұран.

Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата.

Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күнс әулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы -

Әнұран- мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.



Мотивациялық кезеңі:

«Ассоцация» тәсілі

Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:

Патриот – бұл...........

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7.Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.

Практикалық кезеңі:

«Жібек жолы» іскерлік ойыны:

сауда керуені жолымен білім алушылар қалаларға біздің ұлттық бірегейліктің базасын құрайтын ежелгі ескерткіштер орналасқан қалаларға аялдама жасайды. Шағын топтарда жұмыс істей отырып осы ескерткіштер туралы постер дайындайды және қорғайды. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және ежелгі Отырар қаласы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген Тамғалы археологиялық кешені айналасындағы ескерткіштерді сипаттау ұсынылады;

Оқушылардың ойын жинақтауға бағыттау үшін

«Ыстық орындық»

әдісі арқылы

әр топтан

бір оқушы  алға  шығып  өз  пікірін  айтып   және тақырып  бойынша  сұрақтарға  жауап  береді.

Рефлексия

Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:

Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

Менің .......................................................есімде қалды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!