Мен Қазақстанның патриотымын!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен Қазақстанның патриотымын!

Материал туралы қысқаша түсінік
«Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» 
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда қаласы

233 Ж. Нұрсейітов атындағы орта мектебі

Жетекші: Қалыбекова Светлана Нағашбекқызы

Оқушы: Нұрланбекқызы Жансая



Мен Қазақстанның патриотымын!

Эссе


Елбасымыз Н.Назарбаевтың тарихи құжатқа айналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» - деп туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады. Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Жалағаш жері. Әр адамға өз туған жері ыстық. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет.Сонда ғана адам бақытты  өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде  «Шетте сұлтан болғанша, елде ұлтан бол» - деген мақалды  дана  халқымыз жайдан жай айтпаған болар. Сондықтан да өз туған жерімізді, Отанымыз қастерлеп және бағалауымыз керек!

Ұлтымыздың әйгілі шешені  Қазыбек би:«Алтын ұяң – Отан қымбат... Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат», - деп туған жердің қасиетін ерекше бағалаған. Тарихымызға көз салсақ, осындай ұлан ғайыр кең дала ата-бабаларымыздың  асқан ерлігімен, қанымен жеткен. Отан тарихындағы Абылай хан, Хан батыр  Қабанбай,  қанжығалы Бөгенбай, Райымбек, Шыңқожа, Боранбай сынды тағы басқа елге қорған болған алып тұлғаларымыздың есімін жас ұрпақ үлгі тұтып, бабаларымыздың есімін ұмытпауы тиіс деп ойлаймын.

                   

Елбасымыздың:

«Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деген сөзімен мақаламды түйіндей келе, барша отандастарымды егеменді еліміздің жарқын болашағы жолына аянбай еңбек етуге шақырамын. 





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2020
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі