400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен қазақтың мақтанышымын" музыкалық-театрландырылған қойылым

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен қазақтың мақтанышымын" музыкалық-театрландырылған қойылым сценарийі мектепке дейінгі жастағы және орта мектептердің бастауыш сыныптарына арналған. Балалардың қазақтың салт-дәстүрлерін білуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелейді. Балалардың коммуникативтік-тілдік дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бұл қойылымды Тәуелсіздік күніне сахналауға, сондай-ақ кез-келген мерекелік шараларды көрсетуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен қазақтың мақтанышымын» атты

музыкалық- театрландырылған қойылымның сценарийі


Күй ойнап тұрады. Музыка залының сол жақ бұрышында киіз үйдің іші безендірілген.

Слайд 1: Автор сөзі слайд арқылы беріледі.

Автор: Жиырма бірінші ғасырдың басында, шынымды айтсам, 2017 жылдың желтоқсан айында «Балдәурен» балабақшасында қазақтың ұлттық мақтаныштары домбыра, асық, бауырсақ, қымыз және құрт үлкен дауды бастапты. Сахна сыртынан бесеуінің дауласып тұрғаны естіледі.

  • Мен қазақтың мақтанышы. Жоқ, сен емес, мен.

  • Ой, «мен, мен» деп қоймадыңдар ғой.

Сахнаға «Домбыра» әнінің әуенімен қазақтың музыкалық аспабы- домбыра шығады.

Слайд 2: Қазақтың мақтанышы – қасиетті домбыра.

Бабамыздың көзіндей қара домбыра,

Данамыздың сөзіндей дара домбыра.

Асқақтатып рухымды ағыл домбыра,

Әр қазақтың төрінен табыл домбыра.

Қайырмасы:

Шанағында ойнаған

Үніне еш тоймаған

Қасиетті домбыра

Күмбірлеген күйіне

Әрдайым мен сүйінем

Қасиетті домбыра.

Домбыра: Қазақтың мақтанышы – қасиетті домбыра деген мен боламын!- деп иіліп сәлем беріп, киіз үйдің төріне барып тұра қалады.

Слайд 3: Қазақтың мақтанышы – бауырсақ.

Сахнаға бауырсақ жүгіріп шығып, әзілдеп былай әндетеді:

  • Мен атамнан қаштым, мен әжемнен қаштым, мен аюдан қаштым, мен қасқырдан қаштым, мен қояннан қаштым, мен түлкіні алдап қаштым. Мен ақылды бауырсақпын, сондықтан қазақтың мақтанышы - мен боламын, өйткені:

Қазаққа ғана тән,

Қызыл-күрең бауырсақ,

Дастарханға сән, - деп дастархан басына отыра қалады.

Сахнаға бұрала билеп торсықтағы қымыз шығады.

Слайд 4: Қазақтың мақтанышы – торсық толы қымызы.

Биі аяқтала былай тақпақтайды:

Аңқыған иісі –

аппақ, дәрі қымызбын.

Ішсеңіздер саумалдай,

Пайдалы сары қымызбын.

Қазақта бренд болатын

Ақ тағамның бірімін, - деп бұрала билеп, сары бауырсақтың жанына барып жайғасады.

Слайд 5: Қазақтың мақтанышы – құрт.


Сахнаға қазіргі заманға сай киініп алған (көзінде қара көзілдірік, басында вандам және т.б.) рэпер құрт шығып, былай әндетеді:

Дәмді құрт,

Жейді жұрт.

Томпайтып ұртты

Сорамыз құртты 2 рет қайталайды.

Қазақтан басқа жасамас,

Құртымыз нағыз қазақы ас.

Қазақтан басқа жасамас,

Құрт нағыз бренд ас!- деп екі қолын айқастырып тұра қалады.

Слайд 6: Қазақтың мақтанышы – асық.

Сахнаға «Қара жорға» әнінің әуенімен билеп асықтар шығады.

Билері аяқтала былай деп әндетеді:

Қара жорға болмаса,

Бидің сәні келер ме?

Қос етек көйлек кимесе,

Қыздың сәні келер ме?

Дорбада асық болмаса,

Ойынның мәні келер ме?

Бүк пен шікке түспесе

Асықтың сәні келер ме?-деп асық дорбадағы асықтарын шашып жіберіп, киіз үйдегі үлкен қоржынның жанына тұра қалады.

Автор: Сөйтіп, қазақтың мақтанышы болуға лайық деп саналатын: домбыра, бауырсақ, құрт, қымыз және асық қазақ үйдің ішіндегі өз орындарына барып жайғасыпты.

Сол кезде: Сахнаға әже шығып, немерелерін дастарханға шақырады.

Әже: Балаларым, дастарханға келіңдер.

Бірінші бала: Әже, маған қымыз құйып беріңізші.

Екінші бала: Әже, қымыз дәмді екен, рахмет!

Үшінші бала: Мен бауырсақты жақсы көремін.

Төртінші бала: Әже, мен құрт жеймін. Құрт өте пайдалы.

Әже: Иә, балаларым, дастарханымыздағы қымыз, бауырсақ пен құртымыз да, балалар ойнайтын асығымыз да, мына төрдегі домбыра да біздің ұлттық мақтанышымыз (қазақтың бренді болуға лайық мақтаныштарымыз өздері туралы айтқанда түрлі қимылдар көрсетіп, мақтанып тұрады).

Слайд 7: Қазақтың мақтанышы – домбыра, асық, бауырсақ, құрт, қымыз

«Қазақ дәстүрлері» әнінің әуені естіліп тұрғанда, әженің немерелерін басқа балалар асық ойнауға шақырады (сахна сыртынан баланың дауысы).

Бірінші бала: Балалар, жүріңдер, асық ойнаймыз.

Екінші бала: Демид, жылдам шық, асық ойнаймыз (бір бала есіктен басын ғана көрсете).

Балалар асық дорбаға асықтарын асығыс жинап: «Алақай! Асық ойнаймыз» - деп жүгіріп шығып кетеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
607
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі