Мен-қазіргі заман педагогімін.
«Ұстаздар-құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты»
Әл-Фараби
Заман. Қоғам. Уақыт. Тұлға. 21 –ғасырда осы төрт ұғымды біріктіруші ұлы күш иесі-мұғалім. Сынаптай тез жылжыған уақытпен тез өзгеретін заманда қоғамына сай тұлға тәрбиелеу мұғалім басты міндеті.
«Оқушының жетістігі-Мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануда». «Ұстаздық ұлы іс»-деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай, лайық болу- үлкен абырой, басты борышым деп ойлаймын. Мұғалім болу мен үшін мақтан, әрі бақыт. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да, амал тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа 21-ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Педагогтың шеберлігі-ол дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,-дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті.
Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы-ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез-келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде , жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса- оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс»-деген қанатты өсиетімен аяқтамақпын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мен қазіргі заман педагогімін"
"Мен қазіргі заман педагогімін"
Мен-қазіргі заман педагогімін.
«Ұстаздар-құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты»
Әл-Фараби
Заман. Қоғам. Уақыт. Тұлға. 21 –ғасырда осы төрт ұғымды біріктіруші ұлы күш иесі-мұғалім. Сынаптай тез жылжыған уақытпен тез өзгеретін заманда қоғамына сай тұлға тәрбиелеу мұғалім басты міндеті.
«Оқушының жетістігі-Мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануда». «Ұстаздық ұлы іс»-деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай, лайық болу- үлкен абырой, басты борышым деп ойлаймын. Мұғалім болу мен үшін мақтан, әрі бақыт. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да, амал тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа 21-ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Педагогтың шеберлігі-ол дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,-дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті.
Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы-ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез-келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде , жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса- оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс»-деген қанатты өсиетімен аяқтамақпын.
шағым қалдыра аласыз













