«Мен –
қазіргі заман педагогімін»
(эссе)
Тарыдай
болып кіріп, таудай қылып шығаратын қасиетті білім ошағының мәні
де, сәні де - ұстаз екені аян. Тұмаршадай бүлдіршіннің бойына
тәрбие мен білім нәрін сеуіп, халқының ырысына жарайтын азамат етіп
шығару міндеті ұстаз мойнына жүктелгендіктен, бұл маман иелері
кәсібіне бей-жай қараған емес.
Ұстаздық
– қадірі мен қасиетіне бас иетін ерекше мамандық. Талай әкім де,
хакім де сол ұстаздың алдынан түлеген. Өміріне тәрбие мен білімнің
қазынасын сыйлаған ұстазын қалай ұмытсын?!
«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге
дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деген
ұлттық кәсіби театр
өнерінің негізін салушы Серке Қожамқұловтың
даналық сөзі осыған дәлел.
Әрине,
ұстаз аты – мәңгілік. Ел болашағы, дамуы, жаңаруы – бәрі біліммен
ғана астасады. Жаһандану заманында әлемдік білім беру деңгейіне жол
бастап, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру заман талабы
болып отыр.
«Білім –
теңіз, ұстаз - кеме», шегі жоқ ұшан-теңіз нәрін судың қоректілеріне
өз деңгейінде бере біліп, су бетіне шығара білгені – мұғалім
шеберлігінің жемісі. Заман талабына сай мұғалім білімі мен
біліктілігін шыңдап, жаңашылдыққа жаны жақын болуы қажет. Өйткені,
өмірдің заңы даму, ілгерілеу, алға озу, шәкіртін жеке тұлға деп
тану. Қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық мамандықтың ауыр
жүгін арқалаудағы түйгенім – шәкіртті тұлға деп тану арқылы оның
пікірімен санасып, талап пен тәртіптің тізгінін тек орындату
шартынан алшақтатып, оқушының психологиялық жағдайын басты назарда
ұстау керектігі болды. Осы мақсатқа негіз болған 3-деңгей
бағдарламасының мазмұны ашық күнге шуақты нұр шашқандай болды.
Өткен ғасырда ең қадірлі болған мамандықтың өз бағамын енді
тапқандай, ұстаздық мамандықтың екінің басына берілмейтін бақ
екеніне көз жеткіздім. Әңгімелесе жүріп жұптастық, жұптаса жүріп
топтастық, топтаса жүріп ой бөлістік, бір-бірімізге түрткі болдық.
Бірінші бетпе-беттен алған ресурстарымызды тәжірибемен ұштастырдым,
аз сөйлеп- көп тыңдауды, тәрбиелей-басқаруды үйрендім. Бірге жүріп
кітапханаға барып, ғаламтормен жұмыс жасап, жас ерекшелігін сай
ақпарат беруді ескере отырдым. Өз бетімен ғаламтор пайдаланудың
жолдарын сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта да бағыттай отырдым.Әр
қадамын «Неге?», «Қашан?», «Қалай?» деген сұраулармен астастырып
жүруге үйреттім. Болашақтың тұтқасы ұлттық тәрбиемен қаруланған
сапалы білімде екенін әр кез жадынан шығармауға қадай отырып,
келешекте жаңаша мазмұнмен өмірге икемдей берілген білімнің маңызы
зор екенін ұқтым.
Ұстаз
бойында құндылықтың бәрі бар, сол құзыреттілігін білім алушыға
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып,
өзіндік жұмыс жасауына жол көрсетіп, бағыт беруші ролін атқарса,
теориялық білімін практикада сапалы жеткізудің нағыз шыңын
айғақтайтын болады.
Жаңа даму
үрдісі алға басқан кезеңде зияткер, шығармашылық әлеуеті мол тұлға
етіп тәрбиелеу – тек жаңашыл педагогтің ғана қолында дер едім.
«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демекші,өз пәнінің қыр-сырына
ғана үңіліп қоймай, еліміздің ұлттық рухани құндылықтарын өмірдің
мәнімен бағыттап, оқушы бойына дарытқан мәдени, білікті маман ғана
кәсіби ұстаз болары хақ!