400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен қазіргі заман педагогімін

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар арасында сайысқа қатысып, эссе жазуда ең жоғарға ұпай алдым. Эссе жазуыма үлкен көмегін тигізген қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалі Тажигулова Жарқынай Султансиховнаға үлкен алғысымды айтқым келеді.Сайыстан ІІ орын алып, төбем көкке жетті.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мен - қазіргі заман педагогімін

«Алақай, музыка апай келе жатыр» , «жаңа ән үйрететін шығар»,

«сен өткендегі әнді жаттап келдің бе?» деген нәп - нәзік бүлдіршіндердің дауысы мен сабаққа кіріп келе жатқанда жарқын – жарқын шықты.

Иә, бүлдіршінмен жұмыс жасау – мен үшін үлкен бақыт.Соның ішінде балабақша балдырғандарымен жұмыс жасау қандай керемет десеңші.Сөзбен жеткізіп те айта алмаспын....

Мен кішкене кезімде мектеп сахнасында әнімді айтып, көпшілік алдына шығып, сайыстардан бұйырған орындарды алып жүрдім.Осылайша бала кезден басталған арманым Орал қаласындағы педагогикалық университеттің музыка факультетіне оқуға түсірді. Құдіретті музыканың ырғағымен бес жылдың қалай өтіп кеткенін білмей, өз ауылым Форт –Шевченко қаласына қайтып келіп, «Айгөлек» балабақшасына музыка пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым.Шын жүрегіміммен қалаған мамандығымның иесі болып, сары уыз балапандарға ән үйреткенімде, менен бақытты адам болмайтын.Өйткені, кішкене баланың ниеті де, жүрегі де аппақ емес пе?

Не айтсаң да , «Апай, апайлап»,бірден үйреніп алатын.

Балабақшадағы бүлдіршіндерді аппақ қар немесе аппақ мақта дер едім.Оларды кірлетуге ешқашан жол жоқ.Өйткені, оларды тап – таза күйінде тәрбиелеп келе жатырған бірінші ата – анасы болса, екінші, балабақшадағы тәрбиеші апайлары мен сабақ беретін пән мұғалімдері бар.

Алдымдағы кішкентай бүлдіршіндердің дауысы үйге барсам да, құлағымнан кетер емес.Қазір өзімнің жанұям, екі балам болғандықтан, оларға да музыканың қыр – сырын үйретуден бір жалыққан емеспін. «Үйде – бала, жұмыста тағы бала, қалай қиын болмайды? » деген құрбыларымның сөзіне мен өзімнің сүйікті қызметіммен мақтанамын, баламен жұмыс жасау – бақыттың бақыты деп жауап беретінмін.

Әлемдік деңгейге жету үшін президентіміз мұғалімдер мен тәрбиешілерге жағдай жасап, жаңаша бағдарламаларды ұсынып жатыр емес пе?

-Әркімді заман сүйремек, 

заманды қай жан билемек

заманға жаман күйлемек,

замана оны илемек - ұлы Абай айтпақшы, көштен қалмай заман ағымымен балабақшадағы бүлдіршіндерге сабақтарымды түрлендіріп өткізіп,құрастырмалы керемет домбыра, электронды киіз үйді тиімді пайдаланып, топтық, жұптық жұмысты бала деңгейіне қарай жүргізіп келемін.Еңбек ете жүріп, жас болсам да, небір сайыс, байқауларға да бағымды сынап қатысып, алдыңғы орындарды да алып жүргендігімді үлкен мақтанышпен айтар едім.



«Музыка – халық жанының, оның дерті мен қайғысының, ұмтылысы мен
шабытының көрнісі» деп ұлыларымыз айтпақшы, музыкасыз өмірді көз алдымызға елестетудің өзі қиын. Ал сол музыканы буыны қатпаған балапандарға үйрену – ол нағыз қазіргі заман педагогының ерен еңбегі деп бағалар едім.

Музыканы сүю арқылы бүлдіршіндер бір – бірін, Отанын, бауырларын, жерін сүю сияқты аса құнды қасиеттерді бойына дарытып, нағыз патриот болып тәрбиеленеді. Ендеше, мен өзімді аз да болса, қоғам үшін, ел үшін қызмет көрсетіп келе жатырған нағыз заманауи үлгідегі педагогпын деп үлкен әріппен айтар едім.Білмеген тоқсан тоғызымды жетілдіруде әлі де еңбектеніп, семинар, сайыстарға қатысып, заман атты теңіздің толқынында кемемді есе берер едім.Сол кеменің кедергіге ұшырауына жол бермес едім, қажырлы күш – қуатымды тек еңбектену жолында аямас едім.

Қазақстанның көк туын желбірете білетін қазіргі заман педагогтары жасасын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.10.2018
445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі