400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен қазіргі заман педагогымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен өз мамандығымды құрметтеймін және барлық шәкірттерімді, мектебімді шексіз сүйемін. Өйткені, әр бала, келешек тұлға мектеп қабырғасында өзі қалайтын мамандығы жайлы толғанады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен қазіргі заман педагогымын


Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Мен өз мамандығымды құрметтеймін және барлық шәкірттерімді, мектебімді шексіз сүйемін. Өйткені, әр бала, келешек тұлға мектеп қабырғасында өзі қалайтын мамандығы жайлы толғанады. Сол кезден бастап, ойымды өсіріп, қызығы да, қуанышы мол жұмысымның куәсімін. Өйткені, мен білім беретін бастауыш сынып оқушылары-балдырған жеткіншектер. Өзім қуанамын, әр бала балалық шағын еске алғанда еріксіз сауатын ашқан, келесі кезеңге бағыт бергені ұстазы жадында тұрады. Мен үшін ұстаз мамандығы үлкен мәртебе. Нәтижесінде бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қаламын. Олай дейтінім мұғалім еңбегі үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем екен, үйренсем екен деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған. Ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын берген осынау байтақ даланы бізге мұра етіп қалдырды. Сол дүниені жаңартатын да, түрлендіретін де-білім мен ғылым. Біздің мойнымызда маңызды міндеттер-алдымыздағы жас ұрпаққа отаншылдықты, ұлтжандылықты қалыптастыру арқылы, жан-жақты дамыған, ойы бүгінен озып, ертеңге бағытталған, арманы биік өткені мен бүгінін таразыға салатын, біліммен өзін мойындататын, қазақ елінің мақтанышы болатын жастарды тәрбиелеу деп білемін. Сол үшін қазіргі заман талабына сай-жаңашыл болуға, ізденімпаздық, ізеттілік пен ізгілік жаршысы болуға талпынамын. Әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы - ұстаз берген білімде. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Бұл нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан келеді деп сенгім келеді. Білім беру процесінде оқытудың инновациялық технологиялары жедел қарқынмен енгізіліп жатқан қазіргі дәуірде, жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың біліктілігін арттыруды көздеймін. Бұл әр сабақ барысында дәлелденеді. Біздің берген біліміміз оқушының білімімен өлшенеді. Қазіргі заман мұғалімі рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашылық тұлға ретінде көрінуі тиіс деп ойлаймын. Жоғары білімді шығармашылық тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты болады. Дамудың алғы шарттарына кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі, шығармашылық қабілетінің дамуы, өзіндік жеке педагогтік тәжірбиесінің дамуыда жатады. Жақсы мұғалім-оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген кәсіби деңгейі жоғары интеллектуалдық шығармашыл әлеуеті мол тұлға. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет-заманға сай жаңашылдық. Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Біз қай кезде бақытты боламыз, алдымыздағы шәкіртіміз асуларды бағындырып, биіктен көрінгенде, еліміздің білімді азаматы болғанда. Ендеше парасатты, жаңашыл, дарынды, ізденімпаз, ізетті, ізгілікті, таланттарды шығару өз қолымызда дер едім.


Бастауыш сынып мұғалім: Төлепбергенова Алтын

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі