400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен қазіргі заман психологімін"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздақ еңбегім туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы







«Мен қазіргі заман психологімін»

(ЭССЕ)





Дайындаған: Калиаскарова Индира Мияссаровна













2019 жыл





Мен қазіргі заман психологімін

Әр мамандықтың өз қиындығымен қатар қызықты кездеріде бар. Әрине мамандықтар көп. Дегенмен, өмірден көп мамандықтардың ішінен білімділікті, біліктілікті, іздемпаздықты, мейірімділікті талап ететін мамандық бұл- педагогикалық- психологиялық мамандық. Міне осы киелі мамандықты жүрек қалауыммен тандап,алдыма жан-жақты икемделген Қазақстанның болашағы қазақ азаматтарын тәрбиелеу мақсаты қойдым. Мен қазіргі заман психологімін . Себебі, мен жаңалық пен жаңашылдыққа жаным құмар жантанушымын. Мен қазақ елінің болашағы жалынды жастарды тәрбиелеу үшін үнемі ізденіс үстінде жүретін психологпін.

Психолог ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып,жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті тұлғаны білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шыға алады. Осы жолда менде еңбек етудемін. Демек тек жаңашыл психолг -болашақ кепілі! Міне осы ұранмен өскелең ұрпақты сауатты да салауатты, өнерлі де мәдениетті, шымыр да ширақ етіп тәрбиелеу мақсатында күнделікті жұмысты нақтылы оймен жоспарлап, әртүрлі тәсілдерді қолданып,оқушыларымды жаңалыққа жетелеп отыру – менің күнделікті жауапты ісім. Осы жауапты істі атқаруда мен түрлі тринингтер мен шебер сыныпты қызықты әрі нәтижелі етіп өткізіп, ұтымды қолдана білу мақсатында психологтік шеберлігімді арттырып келемін. Мен маман ретінде өз бетімше ізденіп, оқығандардан тәлім алып, өз жұмысымда жаңа технологияларды тиімді пайдаланып жүрмін деп сенімді айта аламын. Себебі мен әр ісіме ұқыпты даярланып , оны көрнекі құралдарды пайдалану арқылы тартымды, әсерлі етіп өткізіп жүргенім әріптестеріме аян.

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті психолог керек. Шығармашылық – адамның өмірінде өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Оқушының шығармашылығын үнемі психолог, ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Шығармашылық жұмыстарды орындату , балалардың бақылау, байқау қабілеттері артып, бір заттың әр алуан белгісін аңғара білуге үйретеді. Ал, осыған сай қазір білім беру жүйесінде қарқынды өзгерістер болып жатыр. Ол өзгерістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды талап етеді. Заман талабына сай жұмыс жасау, оқытудың жаңа технологиясын еңгізу арқылы белгілі мақсатқа жетуді көздеймін.

Мен баланың , жалпы адамның жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде оқушыларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Ал ұстаздардың бойына сенімділік пен сабырлылық, сергектік,мейірімділік сынды қасиеттерді сіңіруге тырысамын. Себебі мен осы міндеттерді атқара отырып мектебімізде түрлі жұмыстар атқарудамын. Атап айтсам, түрлі тақырыптарда тринингтер , сауалнамалар, бақылау жұмыстарын жүргіземін.

Қазіргі кезде қоғамға қажетті мамандықтар тез бейімделуді, ептілікті,

шапшандылықты, ерекше ойлау қабілетін, қиындықтан шыға білуді , адамдармен тіл табыса білу өнерін қажет етеді. Бұл қасиеттердің барлығы да шығармашылық жолдан басталады.

Оқушылардың өзін-өзі тануға ұмтылуы , ізденуі табиғи құбылыс. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Ал , қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел ,шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді тұлға даярлау әр психолгтан талап етіліп отыр. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды білім берудегі басты бағытым деп білемін.

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деп атап айтқан қанатты сөздері ойыма оралады. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Мектеп- кеме, білім- теңіз,

Бұл екеуі бір егіз.

Ғалым , дана, данышпан,

Тәлім алған ұстаздан.

Жаңашылдық жаршысы,

Балаларға қамқоршы,

Білімімен әрқашан,

Алға бассын қолға алған игі ісі.


Ұстаздар қауымы- әрқашан биік шындардан көріне берсін!!!

Назарларыңызға рахмет.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі