400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен Қ.И.Сәтбаев өмірі туралы не білемін? (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда Сәтбаев атамыздың еңбегі ел есінде мәңгі қалады. Біз осы атамыздың артына қалдырған еңбектері мен зерттеген жерлері , атқарған игі істері арқылы мақтанамыз. . Қ.И.Сәтбаев ұлт мақтанышы. Сәтбаев кім деген сұраққа былай жауап береміз - Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті. Биыл 2019 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен Қ.И.Сәтбаев өмірі туралы не білемін?

Қаныш Сәтбаев – ұлттың ұлы тұлғалары қатарынан орын алған, ғылымда Кеңес одағының өзін мойындатып, есімі Дүниежүзіне танылған, 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен, талантты ұйымдастырушы, кемел парасат иесі.

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы 1899 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақкелін болысы, Шадра (қазіргі Сәтбаев) ауылында дүниеге келген.Қаныштың әкесі Имантай Сәтбайұлы Омбы қаласындағы медресседе білім алған. Анасы Әлима Исақызы Қаныш 5 жасқа келгенде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым Тасболатқызының тәрбиесінде өсті. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Сәтбаев 1911-1914 жж Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алған.1914 ж Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түсті. Онда Ж.Аймауытов, М.Әуезов сияқты көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған.1918 ж семинарияны бітірген соң Семейдегі пед. Курста мұғалім, 1920 -21 ж.Баянауылда халық судьясы болды. 1921 ж күзде Томск технол.институтының тау-кен факультетіне оқуға түсті.1926 ж институтты бітірген соң Қазақ АКСР-і Халық шаруашылық орталық кеңесінің ұйымдастыруымен Мәскеу қаласына «Атбасцветмет» тресінің геология бөлімін басқаруға жіберілді. Сәтбаев бұл істі қарқынды жүргізу мақсатында Қазақстанға қайтып оралды. 1929 ж Қарсақбай мыс ком-ның геогоргия барлау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Көп ұзамай комб-ның бас геологы болды. 1941-1964 жж КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі президиумы төрағасының орынбасары(1941-42), төрағасы (1942-46), Қазақстан ҒА-ның президенті (1946-52) болды. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен шеттетілді. Қызметтен босаған соң Қазақ КСР Геология институтының директоры болып еңбек етті.1955 ж Қазақ КСР ҒА-ның президенттігіне қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған ғұлама ғалым 1964 жылдың 31 қаңтарында Мәскеуде қайтыс болды.

Сонымен қатар Сәтбаев Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның металлагендік және болжам картасын жасауда (1952-58)ж көп еңбек сіңірді.Жезқазған мыс балқыту комбинаты дүние жүзіндегі түсті металлургияның ірі кәсіпорындарының бір болып саналады. Сәтбаев минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай т.б аймақтарды зерттеді. Жезқазған-Ұлытау ауданында мыстан басқа темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасады.

Сәтбаев атамыз КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1942ж),Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958), 4 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстанның қала, ауылдарында Сәтбаев есімімен аталатын жүздеген көше, 40-тан астам мектеп,т.б.ғалым ескерткіштері бар. 641 ғылыми еңбектің авторы, оның 534-і орыс, 98-і қазақ, қалғаны басқа тілдерде жарық көрді.Оның есімі Қазақстан ҒА-ның Геология ғылымдары институтына , Жезқазған кен-металлургия комбинатына, бір қалаға, Алматы, Балқаш, Атырау,Қарағанды, Қызылорда, Семей қалаларындағы көшелерге, бір планетаға берілген.Сәтбаевтың құрметіне Жоңғар Алатауы Жотасындағы мұздық пен шың берілді. Еліміздегі ең жоғарғы тех.оқу орны Қазақ Ұлттық техникалық университетіне Сәтбаев есімі берілген. 1999 жылы Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде аталып өтті.

Бүгінгі таңда Сәтбаев атамыздың еңбегі ел есінде мәңгі қалады. Біз осы атамыздың артына қалдырған еңбектері мен зерттеген жерлері , атқарған игі істері арқылы мақтанамыз. . Қ.И.Сәтбаев ұлт мақтанышы. Сәтбаев кім деген сұраққа былай жауап береміз - Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті.

Биыл 2019 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толып отыр.







Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

«Құрық орта мектеп-гимназиясы»

Кубенова Мадина география пәні мұғалімі











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
2528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі