400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Мен құзыретті ұстазбын

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман талабына сай алдыңа келген оқушының біліміне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз ойы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен құзіретті ұстазбын


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің-жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген. Осыған орай бүгінгі мұғалімдердің алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, олардың қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін, яғни жан-жақты, еркін шығармашылығын дамыту міндеттері тұр.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім беру-шығармашыл мұғалімнен оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игеруді, шығармашылықпен еңбектенуді талап етеді. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың дербес қабілетін, белсенділігін, қалыптастырып, білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырады, өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге жол салады.

Қазіргі кезеңде осындай жаңа технологияларды педагогикалық үрдіске енгізу мақсатымен мемлекетіміз түрлі шаралар ұйымдастырып,елеулі өзгерістер еңгізуде. Білім саласындағы өзгеріс әрбір ұстаздың ойын қозғаусыз қалдырмайтыны сөзсіз. Осы орайда мен өзімді

"Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға" дегендей балаға үйретуді мақсат еткен құзіретті ұстазбын деп санаймын. Олай дейтін себебім еңбек жолымды осы бір, әр бір үйдің тентегін, әрбір үйдің еркесін бір сыныпқа топтастырып, олардың жүрегінен орын табуға бар еңбек күш - жігерімді жұмсаймын. Алдыма келген шәкірттеріме өзінің оқушы екенін сезінуіне жол ашамын. Ендеше отыз үйдің тентегін бір мақсатқа жұмылыдырып, бір сыныптың оқушысы екендігін сезіндіре отырып, білім алуына бағыт -бағдар беру қажырлы еңбекті талап етеді.Осындай еңбектің нәтижесін көру үшін білім -білік дағдыны шыңдап, оны тәжірибеде ұтымды пайдалана білу деп ойлаймын. Оқушының шығармашылығын шыңдауда -жаңа технологияның орны ерекше деп білем. Соның ішінде өз тәжірибемде кеңінен жаттық қолданып жүрген әдісімнің бірі- АКТ.АКТ-ны өзім ғана қолданумен шектелмеймін. Оқушыларыма тиімді қолдана білуін үйрете отырып талап етемін.Себебі қазіргі заман оқушылары комьпютер, планшет, телефонды , ғаламторды қолдана біледі. Өз тәжірибемде қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы және қоғамдық пәндер сабақтарында оқушыны шығармашылыққа баулу үшін мынадай жұмыстар жүргіземін.

  • оқушыларды шығармашылық жұмысқа жетелей отырып,оларға тарихи құндылықтарды үйрету.

  • оқушылардың ой- өрісін кеңейту мақсатында қоғам тарихына, халық тарихына адамдардың өмір тіршілігімен қызметіне, салт- дәстүріне сыни көзбен қарай білуді үйретемін.

  • оқушыларды бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеймін.

Осы еңбегім арқылы "Жақсы ұстазды шәкіртіне қарап таны"деп халық даналығы айтқандай шәкірттерімнің де қол жеткізген жеткізген жетістіктері баршылық. Оның айғағы - оқушыларымның түрлі сайыстарға, байқауларға қатысып, жетістіктерге жетуі.

Ендеше еңбек жолымдағы қол жеткізген тәжірибемді шыңдай түсу үшін аянбай еңбек етудемін. 45 жыл еңбек өтілім болсада 45 минуттық сабағыма мұқият дайындалуды басты қағида санайтын құзыретті ұстаз Бимендин Болат мен боламын ... деп ойымды аяқтаймын.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі