Мен
шабыттанамын
(эссе)
Шабыт-адамдармен
интенсивті қарым-қатынас жасағысы және
белсенді жұмыс істегісі келуімен, сергек
күймен ілесіп жүретін жалпы көтеріңкі
көңіл күй. Шабыт-рух, рухтанушылық,
шығармашылық күштің пайда болуы. Шабыт
қашанда өздігінен келетіндей болып
көрінгенімен, ол, әдетте, бұған дейінгі
қажырлы еңбектің нәтижесі болып табылады.
Шабыт адамның көтеріңкі жалпы
белсенділігімен, қаракетінің ерекше
өнімділігімен, шығармашылықтың жеңілдігін
сезінумен, эмоцияның ұштасуымен
сипатталады.
Ертеде
Иса Пайғамбардан бір елші; сенің ең
жақсы көретін адамың кім? –деп сұраса,
-анам-депті, және екінші рет сұраса, тағы
да, «анам» депті, үшінші рет сұрағанда
«атам» деген екен». Осы хадиске сүйене
отырып, мен шабыттанамын өмірімдегі ең
жақсы көретін адамдарының амандығында,
олардың жан тыныштығын сезінгенімде.
Менің өмірімде де ең жақсы көретін адам
ол бірінші-анам.
Ана-бақыт,
ана-байлық, ана-гүл,
Осыны
естен шығармайық, достарым.
Ана
арқылы батыр және ақынбыз,
Тіршілігін
түрлендірген даланың.
Күнде
таңертен анаммен хабарласып ол кісінің
ауырмағандығын, аман-есендігін білу
мен үшін күнделікті әдет. Өмірде,
күнделікті жағдайда қандай қуаныш,
өмірімдегі қандай құбылыс болсын ең
бірінші анаммен бөлісуге асығамын.
Анамның әрбір жылы сөзі, қуанышымызға
марқайғаны мені шабыттандыра түседі.
Екінші-әкем,
«Әке баланың қорғаны»-демекші өмірдегі
қорғаным. Мейірімін аямай төгетін, қызым
–қызғалдағым –деп еркелетін жан.
Әкемнің көп сөз айтпаса да жаныма келіп
маңдайымнан сүйіп, басымнан сипап
балаларымның амандығын тілегені,
солардың қарны аш па, тоқ па деп сұрап
қамқорлық жасағаны мені шабыттандырады.
Мені
шабыттандыратын жан-әрқашанда жанымнан
табылатын, әрқашанда мені қолдайтын-өмірлік
жарым.
Әуеде
ұштан бүркіт қалықтайды,
Сүймеген
жар-жолдасын жарытпайды,
Сүйген
жармен өмірлік жолдас болсаң
Өлгеніңше
ол шіркін налытпайды-дегендей жарымның
сүйіспеншілігін, балаларына деген
қамқорлығы, отбасының қамқоршысы
ретіндегі адал істері мені шабыттандырады.
Менің
өмірімдегі-бақытым, байлығым-балаларым
Жаратушы Ие бізге дені сау бала сыйлады.
Содан асқан бақыт бар ма? Солардың
амандығы, жақсы оқып, өз еңбектерінің
жемісін көріп, халықтың игілігіне
жұмсаса, өмірден өз орындарын тапса мен
үшін одан асқан бақыт бар ма?! Балаларымның
амандығы, олардың қуанғаны, күлімсірегені,
тіпті бір ауыз «мама»- деп айтқан сөздері
мені шабыттандырады.
Мен
шабыттанамын-бауырларымның, туыстарымның,
жақын жандарымның амандығында. Қос
қанатымдай қос бауырымның амандығы,
олардың қуанышы, отбасыларының амандығы,
ешқандай жаманшылыққа жолықпай жақсы
өмір сүруі мені шабыттандырады.
Мен
шабыттанамын, шабыттананамын, шабыттанамын!