400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен шабыттандырамын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен шабыттандырамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен шабыттандырамын.

(эссе)

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның асылдығы.

Ғафу Қайырбеков

Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде ұстаз алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар....

Мен балаларды жанымдай жақсы көрем.... Өйткені бала мен үшін пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса да шын қуанып, ренжісе де шын ренжиді. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады.

Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, аңғал, қандай таза еді. Әр бала өзінше бір әлем... Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл... Ұстаз мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс бұлтарысы көп өмірге даярлап, тәрбиелеп, қанаты қайырылмайтындай етіп, ұшыруда емес пе?!

Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер сирек... Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы ұстаздық еткен жанды нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай.

Мұғалім мамандығы –шабытты еңбек. Оның шеберлік шыңы-бала танымының, түсінудің үдерісіне ендіру, ізденіс пен жаңалықа ұмтылдыру, шығармашылыққа баулу. Бақыттың үлкені-еңбегіңнің жемісі ойдағыдай болуы. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім-шабыттандырады.-дейді. Мен оушыны шабыттандыру арқылы, ол оқушыны түсінуге, кемшіліктері мен артықшылықтарын, жақсы қасиеттерін табуға тырысамын. Себебі, бір оқушыға « Жарайсың», «сен дарынсың», сен бүгін мені қуанттың деген сөздер шабыт беретін болса,енді бірі «менен асқан оқушы жоқ» деп тоқтап қалуы мүмкін. Ондай жағдайда керісінше «сенің бұдан артыққа шамаң келеді» деген сөздермен мақсатын айқындай, талпындыра түсемін. Өзім сабақ беретін 11 сыныптарға ҰБТ-ға дайындық барысында тест тапсырмаларын талдай отырып олардың ары қарай біле түсіне, тоқтап қалмай тесттен өте жоғары балл жинауына шабыттандыра отырып көмектесемін. Әрбір баланың бойынан кішкентай болса да жақсылық нәрін тауып соны ту етіп ұстап, биік адамгершілік құндылықтарға жетелеуге тырысамын әрбір сабақтан шыққан оқушы шабыттанып шығуына өз жүрек жылуымды беруден аянбаймын, бойындағы күшіне деген сенімін асыра түсуге күшімді жұмсаймын

Мынау менің сыныбым. 6 «а» сыныбы. 13 қыз, 13 ұл бала. Тұрдымұрат, Жантуар, Дулат, Аружан, Айсана, Назым.......Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені, олар менен ең жақын жанашырындай үміт артады, қуанып қарсы алады, сырларын бөліседі. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыңа келеді.Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі мен бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем олармен бірге балаша қуанып, шабыттанамын, шабыттандырамын, мына өмірге балаша қарағым келіп кетеді.

Әр үйдің үміті болған шәкіртімнің жан шырағын жаға білсем, нағыз адам етіп, тәрбиелей алсам, жүрегіне ұлт, ел деген киелі ұғымды ұялатып, Абай атамыз айтқан толық адам тұлғасын қалыптастыра алсам-менің ұстаздық мұрат, мақсатым осы болмақ...

Бала....Ұрпақ... Бүкіл адамзат баласының тірлігінің мәні. Қай заманда, қай ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тіршілігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде-ұрпақ тәрбиесі.

Өзімнің ұстаз, мұғалім ретінде, жалпы адам ретінде түйгенім-адам ұрпағымен ұлы, марқаяр мақтанышы, жанын күйзелтер күйініші де-өзегін жарып шыққан ұрпақ тағдыры.

Бүгінгі қоғам жан-жақты білімді, өзгелермен еркін қарым-қатынас жасай білетін, өз ойын еркін де ұтымды жеткізе білетін, дені сау, рухы таза ой-өрісі биік, өз алдына мақсат қоя білетін, соған жеткізу жолында табандылық пен шыдамдылықты, еңбекқорлықты бойына сіңірген жеке тұлғаны талап етеді.

Еліміздің бүгінгі мақсаты бәселекелестікке қабылетті 50 дамыған мемлекет қатарына кіру болса, оның бірден-бір алғы шарты-қазақ ұлтының тәрбиесі.

Болашақта ұлттық тәлім-тәрбиеден нәр алған, бойында намысы бар ұрпақ ел экономикасының гүлденуіне ат салысатын, халқының қамын ойлайтын нағыз азамат болып шығары анық. Сондықтан ұлттық тәрбиесіз, ұлттық намыс, ұлттық намыссыз ұлттың гүлденуі мүмкін емес. Ұрпақ тағдыры-бүтіндей ұлттың тағдыры.

Жоғарыдағы тәрбие туралы өз ойымды саралай келе, менің өз ұстанымым мен мақсатым мынандай:

-Қазақстандық патриотизм сезімін орнықтыру;

-Болашақ ұрпаққа саналы, сапалы білім беріп, елін-жерін көркейтетін білімді тұлға жасау;

-Өз пәнін жете меңгерген, бүгінгі заман талабына сай, бәсекеге дайын болу;

-Моральдық, эстетикалық, этикалық және руханияттық тәрбиеге қажетті ұлттық мәдени құндылықтарды тәрбиеге терең бойлату;

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлей, арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді., іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.05.2019
394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі