400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен студенттерге өз денсаулығына өзі жауапты екендігін түсінуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.»


Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адам еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.


Адам тағдырына балта шабатын осы зиянды заттардан сақ болу мақсатында өз ойымды қағаз бетіне түсіргелі отырмын.


Есірткі - бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.Есірткінің негізгі түрлеріне: апиын, кокаин, көкнәр, гашиш, марихуана жатады. Мұның барлығы адам ағзасына өте зиянды. алғашында дәмін көруге үйретеді де, кейін өзіне тәуелді етіп қояды, табылмаған жағдайда ұрлыққа, адам өлтіруге дейін барады. Есірткінің 25 пайызы Ауған елінен келеді екен. Есірткі өлім тамшысы. Нашақорлық пен темекі аздырар адам баласын.


Жас достарым, міне жат қылықтың аяғы неге апарып соғатынына көзімізді жеткізгім келді. Жақсы әдетті айтып, салауатты өмірді сүру өз қолымызда екенін түсіндіруге барынша тырыстым, біздің көшпенді тіршіліқ кешкен ата-бабамыз салауатты өмір сүрді, ұрпағының аман сау , азып тозбауын қадағалады. Сол дәстүрді сақтап, бүінгі ұрпақ біздер мен сіздерге қоршаған ортаны, денсаулығымызды күтіп , терең білім алып , саналы азамат болуға , болашақ еліміздің тұтқасы болар азамат болып қалыптасуымызға ұмтылуымыз керек. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты өмір» деген нақыл сөзбен қорытындылағым келіп отыр.



Сондықтан да ең жарқын жастық шағымызда деніміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор жасайық! Жастық шақтың тамырына балта шабылмасын.
Өзіміздің өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті есірткі сияқты зиянды заттарға әуес болмайық. ХХІ ғасырдың азаматтары, жас достарым ғаламдық дертке жол бермейік. Ертеңгі жарқын болашақ біздің қолымызда. Тәуелсіз қазақ елінің дені сау, парасатты, мәдениетті, сауатты еңбекқор адал ұлдары мен қыздары болып өсейік!

#УПНДПКЗО

Тоқташова Гүлназым Оразбекқызы

Төребай би ауылы, № 199 орта мектебінің 11-сынып оқушысы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2021
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі