«Мен саған есірткі жайлы
айтып беремін...»
Бірінші байлық денсаулық
демекші – ол әрбір адамның ең асыл құнды, бір жоғалса қайта қалпына
келмейтін асыл мұрасы деп білемін. Өмірге келген соң өмірімізді
мәнді де сәнді етіп ұзақ ғұмыр сүруіміз «мен» деген жеке тұлғаның
өз қолында. Әрбір тұлға өз денсаулығына немқұрайлы қарамауы керек.
Адамға «өмір» тек – бірақ рет беріледі. Сол бірақ рет берілетін
өмірімізді дұрыс бағалай алмай, өмірімізге балта шауып, зиянды
әрекеттерге барып жататынымыз сөзсіз. Сол зиянды әрекеттердің бірі,
ең қауіптісі ол - ЕСІРТКІ. Есірткі аты қандай жағымсыз болса, адам
өміріне де тигізер зияны соншалықты қауіпті. Есірткі – бұл адамның
сана сезімін, көңіл күйін бұзатын ең зиянды улы зат болып табылады.
Есірткі адамның есінен ауыстырып, құмарлық желігіне ұшыратып,
есірткісіз өмір сүре алмайтын жағдайға жеткізеді. Алайда көзім
жеткені күндердің күнінде телефидар қарап отырғанымда маңызды кино
басталды. Басында мән беріп қызықпағаным рас, дегенмен өмірден
алынған кино екенін түсіндім. Киноның басты кейіпкері атақты
ханшайым болатын. Оның «СПИД» ауруын жұқтырып, сол барлық мансап,
құрмет беделдің барлығы түкке тұрғысыз болып қалғанын суреттейді,
жұмыстан кетеді, әбден әбігерге түседі. Ешкімге керексіз қалған
бибақ жан, бар арман тілегі осы індеттен құтылсам екен, құтылудың
жолын іздеумен өмірден озады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол
іздеген» абзал.
Еліміздің жарқын болашағы
жастарымызыдың, жеткіншектеріміздің қолында, әрбір ата-ана, ұстаз,
айлаласындағы жастардың ойына ой сала жүрсе жаман әдеттен бойларын
аулақ ұстауы қақ. Десекте қазіргі уақытта есірткінің зиянын біле
отырып, оған қарсы тұра алмай, өз өмірлерін қор қылып жүрген
жастарымыз қаншама? Қоғамымызда тек жастар ғана емес, ересек
кісілерде өзінен кейінгі болашақ жас ұрпаққа үлгі болудың орнына
жас ұрпаққа кері әсерін тигізуде. Есірткіні бір қолданған адам,
бастапқы өміріне ешқашан орала алмайды, кейбір жандар ермек үшін
дәмін татып, енді біреулері алаңсыз тәуелді болып қалуы мүмкін. Осы
жағдайларден кейін ол адамдар өмірге деген құштарлық, талпынысты,
бет жүзіндегі әсем күлкісі және отбасындағы саған деген сенімін,
үмітін жоғалтады. Есірткіні шылым тәрізді дүкеннен кез-келген
уақытта сатып ала алмайсың, бағасыда тым қол жетімсіз. Қатты
қажеттілік туындаған жағдайда есірткіге тәуелді адам кез келген
іс-әрекетке барып, ұрлық немесе құқық бұзушылық оқиғаларына тап
келіп, қоғамға зияннын тигізіп жатады. Қоғамға кері әсерін
тигізетін нашақорлар бұл әдеттен оңайлықпен арыла алмайды. Дұрысы
есірткіні мүлдем қолданбағаны абзал. Денсаулық сақтай білу үшін
салауатты өмір салтын ұстана білу керек. Уақытты тиімді пайдаланып
кітап оқып, спортпен шұғылдануға кеңес беремін.Барлы қ адамдар
спортпен шұғылданып, зиянды әрекеттерден аулақ болса, онда ол
өмірдегі ең жақсы ізгі істердің бірі болар
еді.
Тобықтай сөзді түйіндей келе,
әрбір жан салауатты өмір салтын ұстанып, өмірге деген көзқарасы
әрдайым шуақ шашып, тұғыры – биік тұлға болып қалыптасуын
тілеймін.
№128 негізгі
мектебі
9 – сынып
оқушысы
Маликова Ақбота
Акимжанқызы