Материалдар / "Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бірінші байлық – денсаулық» демекшi, ол әрбір адамның ең асыл құнды, бір жоғалса қайта қалпына келмейтін асыл мұрасы деп білемін. Өмiрге келген соң өмірімізді мәнді де сәнді етіп ұзақ ғұмыр сүруіміз «мен» деген жеке тұлғаның өз қолында. Әрбiр тұлға өз денсаулығына немқұрайлы қарамауы керек. Адамға өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сол қамшының сабындай қысқа өмірді дұрыс бағалай алмай, болашағына балта шауып, зиянды әрекеттерге бас ұратындар бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2022
308
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен саған есірткі жалы айтып беремін...»

«Бірінші байлық – денсаулық» демекшi, ол әрбір адамның ең асыл құнды, бір жоғалса қайта қалпына келмейтін асыл мұрасы деп білемін. Өмiрге келген соң өмірімізді мәнді де сәнді етіп ұзақ ғұмыр сүруіміз «мен» деген жеке тұлғаның өз қолында. Әрбiр тұлға өз денсаулығына немқұрайлы қарамауы керек. Адамға өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сол қамшының сабындай қысқа өмірді дұрыс бағалай алмай, болашағына балта шауып, зиянды әрекеттерге бас ұратындар бар. Сол зиянды әрекеттердің бірі, ең қауіптісі ол – есірткі. Есiрткі аты қандай жағымсыз болса, адам өміріне де тигiзер зияны соншалықты қауіпті. Есірткі – бұл адамның сана-сезімін, көңіл-күйін бұзатын ең зиянды улы зат. Есірткі адамның есінен ауыстырып, құмарлық желігіне ұшыратып, онсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жеткізеді. Алайда көзім жеткені бір күні теледидар қарап отырғанымда маңызды кино басталды. Басында мән беріп қызықпағаным рас, дегенмен өмірден алынған кино екенін түсіндім. Ондағы басты кейіпкер атақты ханшайым болатын. Оның СПИД ауруын жұқтырып, сол барлық мансап, құрмет беделдің барлығы түкке тұрғысыз болып қалғанын суреттейді, жұмыстан кетеді, әбден әбігерге түседі. Ешкімге керексіз қалған бейбақ жан індеттен құтылудың жолын, арылудың амалын іздеп жүргенде өмірден озады. Сондықтан, мұндай жаңсақ қадамға бармай «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» абзал. Еліміздің жарқын болашағы жастарымыздың, жеткіншектеріміздің қолында, әрбір ата-ана, ұстаз, айналасындағы жастардың ойына ой сала жүрсе жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауы хақ. Десек те қазіргі уақытта есірткінің зиянын біле отырып, оған қарсы тұра алмай, өз өмірлерін қор қылып жүрген жастарымыз қаншама? Қоғамымызда тек жастар ғана емес, ересек кісілер де өзінен кейінгі болашақ жас ұрпаққа үлгі болудың орнына оларға кері әсерін тигізуде. Есірткіні бір қолданған адам, бастапқы өміріне ешқашан орала алмайды, кейбір жандар ермек үшін дәмін татып, енді біреулері алаңсыз тәуелді болып қалуы мүмкін. Осы жағдайлардан кейін олар өмірге деген құштарлықты, талпынысты, бет жүзіндегі әсем күлкісі және отбасындағы сенімінен айырылып, үмітін жоғалтады. Есірткіні шылым тәрізді дүкеннен кез-келген уақытта сатып ала алмайсың, бағасы да қолжетімсіз. Қатты қажеттілік туындаған жағдайда есірткіге тәуелді адам кез келген іс-әрекетке барып, ұрлық немесе құқық бұзушылық оқиғаларына тап келіп, қоғамға зиянын тигізіп жатады. Қоғамға кері әсерін тигізетін нашақорлар бұл әдеттен оңайлықпен арыла алмайды. Дұрысы есірткіні мүлдем қолданбағаны абзал. Сондықтан денсаулыққа көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанған жөн. Уақытты тиімді пайдаланып кітап оқып, спортпен шұғылданған жөн. Барлық адамдар өздерін залалы көп зиянды әрекеттерден аулақ ұстаса, онда ол өзі үшін де, өзге үшін де жасаған ізгі істерінің бірі болар еді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, әрбір жан өзін жанжақты дамытып, мейлінше жақсы қасиеттер мен игі істерге бет бұрса, бағыты айқындалып, болашағы жарқын болары анық. #есірткігеқарсы#

128 негізгі мектебінің

9-сынып оқушысы

Ақбота МАЛИКОВА





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ