жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен санағанды жақсы көрем
Бекітемін ______
Тақырыбы: Мен санағанды жақсы көремін. |
Мектеп: №26жбб |
||||||||||||||||||||
Күні:01.10.18 |
Мұғалімнің аты-жөні:Досмырза А Д |
||||||||||||||||||||
Сынып: 2 «Е» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары: |
2.1.2.4. ** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру, білу және қолдану. |
||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары: |
Барлық оқушылар үшін: |
||||||||||||||||||||
бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін білу және қолдану. |
|||||||||||||||||||||
Бірқатар оқушылар үшін: |
|||||||||||||||||||||
бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін білу және қолдану, 11– 18 сандарының бір таңбалы екі саннан тұратын құрамын білу және есептеулерді жылдам жүргізу. |
|||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар үшін: |
|||||||||||||||||||||
100-ге дейінгі ондықтан аттап қосу және азайту жағдайларында қосу кестесі негізінде жылдам есептеулер жүргізу |
|||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар үшін: ондықтан аттап қосу және азайту тәсілін түсіндіру, 11–18 сандарының құрамын жасау. Пәндік лексика мен терминология: 11–18 сандарының бір таңбалы сандардан тұратын құрамы, қосу мен азайтудың компоненттері және нәтижесі, қосу мен азайтудың байланысы, қосу кестесі. |
||||||||||||||||||||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: |
|||||||||||||||||||||
Қандай бір таңбалы екі саннан 11–18 сандарын құрауға болатынын айтып бере аласың ба? 11–18 сандарының құрамын біле отырып қосу мен азайтуды қалай орындауға болатынын түсіндіре аласың ба? 29–8 жағдайында сандарды қалай қосатынын түсіндір. 48–9 қалай азайтуға болатынын түсіндір. |
|||||||||||||||||||||
Жазу: |
|||||||||||||||||||||
11–19 сандарының құрамын, қосу кестесін жаз. |
|||||||||||||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар |
Қосу және азайту. |
||||||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт (минут) |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
|||||||||||||||||||
0–3
|
Ынталандыру. Қосу кестесін білу мен оны өмірде қолданудың маңыздылығы туралы әңгіме-дүкен ұйымдастырыңыз. Есептеулердің жылдам әрі дұрыс болу керектігін атап көрсетіңіз. Санай білу керек болатын өмірлік жағдайға көрініс көрсетіңіз. Сандар жазылған қиықшалар, монеталар және басқа есептеу материалын пайдаланыңыз. |
Сандар жазылған қиықшалар, монеталар және басқа есептеу материалы |
|||||||||||||||||||
4–6
|
Өзектендіру. 11–18 сандарының құрамын қайталаңыз. Математикалық диктантқа кестеден үзінді, 1–2 амалдан тұратын мәтіндік есептер кіргізіңіз. Оқулықтағы №1 тапсырма бойынша жұптық жұмыс: Кім көп теңдік құрайды? Тапсырманы жақсы орындауға қандай білімдері көмектескенін сұраңыз. |
Оқулық, дәптер
Сабақтың презентациясын қолдану |
|||||||||||||||||||
7–11
|
Мақсат қою (проблемалық жағдаят). Қосу кестесін қайталау және оны есептеулердің түрлі жағдайларында қолдануды үйрену. |
|
|||||||||||||||||||
12–29
|
Өздік жұмыс. Оқулықтағы №2 тапсырмадағы қосу кестесін дәптерге толтыр. Көлденең қатарлар мен бағандардағы қосылғыштар мен қосындыларды салыстыр. Тапсырма орындалғаннан кейін өзін-өзі тексеруді орындаңыз. Бағалау критерийлері:
Қиындықтарды түзету. Кестені игермеген оқушылар бар болса, сан құрамын қайталауды, дәптердегі №1 және басқа да осыған ұқсас тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз. |
Оқулық, дәптер |
|||||||||||||||||||
30–40
|
Өткенді қолдану. Оқулықтағы №3, 4, 5 тапсырмаларды мұғалім сараланған жұмысты ұйымдастыру үшін пайдаланады. Жаттығулардың әрқайсысы не оқулық тапсырмасы бойынша, не күрделіленіп орындалады. Мысалы, №4 тапсырманы уақытқа шығаруға болады. Барлық мысалдардың ішінен қосудың терімділік қасиетінің көмегімен ұтымды шешуге болатындарын табуды ұсыныңыз. №5 есептердің көптеген нұсқалары бар. Жұмысты оқушылар-дың деңгейіне қарай бөле отырып топта орындауға болады. Күшті оқушылар мейлінше көп нұсқалар құрап, олардың шешуін жазсын. Орта деңгейдегі оқушылар үшін әр құрастырған есептің моделін (сызба немесе қысқаша жазба) құру керек. Өздік жұмыс. Комбинаторлық есеп, оны кесте құру жолымен шығарады.
Сондай-ақ өздік жұмыс ретінде №1 тапсырмадағы 11–18 сандарының құрамын ауызша ойда санауды ұсыныңыз. 100 көлеміндегі сандарды ондықтан аттап қосу және азайту тәсілін меңгерген оқушылар үшін мысалдар ұсыныңыз: 35+8 45+ 9 55+6 77+9 12– 8 32 –6 48–9 92–8 |
Оқулық, дәптер |
|||||||||||||||||||
41–45
|
Рефлексия. Формативті бағалауда дәптердегі тапсырма критерийлері бойынша бағалаңыз. Сондай-ақ сабақтағы жұмыстың рефлексивті бағалауын жүргізіңіз. Бағалаңыз, оқушылар орындай ала ма:
Жетістіктер баспалдағын немесе өзін-өзі бағалаудың басқа тәсілдерін пайдаланыңыз. |
Жетістіктер баспалдағы |
|||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген