Материалдар / Мен сені жақсы көрем-Тәуелсіз Қазақстаным
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен сені жақсы көрем-Тәуелсіз Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу. Туған жерін ардақтап, аялап өз үлесін қосу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
1611
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

КММ «ОҚУШЫЛАР ОРТАЛЫҒЫ»






ЭССЕ

Тақырыбы: «Мен сені жақсы көрем-Тәуелсіз Қазақстаным»











Орындаған: Мусреева Айша

6 сынып оқушысы

Жетекші: Кабдолгалиева Майхан Улыкпановна



Ақтау 2022

Мен сені жақсы көрем-Тәуелсіз Қазақстаным

Туған жер – әр адам үшін қастерлі де қасиетті ұғым. Туған жерге, туған елге деген махаббат әр адамды алға жетелеп отырады.

Туған жер. Туған ел. Осы екі ғана “туған” және “жер”  сөзде  қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?!  Туған жер- мен үшін киелі ұғым.

Ол – менің әлпештеген аяулы анам. Асқар таудай тірегім - әкем, бауырым, туған-туысым, ата-бабам және менің дүниеге келген, кіндік қаным тамған туған жерім.   Туған жердің тағдыры Қазақстан азаматтарының патриоттық сезімінің тереңдігі мен күшіне байланысты. Кешегі өткен заманда ата – бабаларымыз мынау байтақ жеріміз үшін аянбай күресіп, тер төккен.

Қазақстан – ол біздің ортақ және кең байтақ жеріміз, ата-бабамыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен алып берген мекеніміз.

Мен Қазақстанда өмір сүрген әр жанды  бақытты  деп айта аламын. Себебі, оның жері қазынаға бай және 130-дан астам ұлт өкілі бейбітшілікте өмір сүруде. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы біздің еліміздің басты байлығы деп ойлаймын. Ол әрине, ықылым заманнан қазағымның қанына сіңген өз жері секілді кеңдігінің, жомарттығының  арқасы. Қазақ халқының атамекенді ардақтау сезімі өте терең . Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы қадір- қасиетін жанымызға ана сүтімен , ана тілімен дарытып, ақ ниетпен бекітуіміз тиіс.
Бүгі
нгі бейбіт өмір сүруіміз осындай рухы биік бабаларымыздың арқасы екенін түсініп, елім деп еңіреген батырларымызды келешек ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет .

1991 жылы желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды. Биыл Қазақстанымыздың тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Осы жыл аралығында Қазақстан бүкіл әлемге өзінің дара дербес ел екенін дәлелдей білді.Жеке шекарасы ,мемлекеттік рәміздері, діні мен тілі, салт-дәстүрі, экономикасы, ұлттық құндылықтары мен мәдениеті бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

Отанымызға, туған жерге деген сүйіспеншілік, халықтың қажетіне жарап, ұрпақтың мұратының орындалу жолында қызмет ету , әр азаматттың адамзаттық борышы. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен , бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды.


Менің туған жерім – Каспий теңізі жағалауындағы ең әдемі, көркіне көз тоймайтын көрікті 362 әулиелі киелі Маңғыстау шаһары . Каспий теңізінің көңіл толқытар толқындары, сайраған құстары , қойнауы тарихқа толы кең жазық даласы, көз тоймас табиғаты, осының бәрі менің жаныма жақын, әрі ерекше ыстық. Каспий теңізі бойыма күш беріп.арманыма қанат бітіреді. Туған жер, осы сөзді естігенде жаны елжіремейтін  бірде-бір адам жоқ шығар деп ойлаймын. Неткен киелі жер едің! Туған жерім, кіндік қаным тамған жерім мақтанышым– Маңғыстау. Мен киелі Маңғыстауда дүниеге келгенімді мақтан тұтамын Маңғыстауда қасиетті - Бекет ата,Оғланды ата, Масат ата, Шопан ата, Шақпақ ата,Сұлтан Үпі ата және басқа да қасиетті жерлері бар.

Әр адам дүниеге келгеннен-ақ өзінің туған жерін, елін, қастерлеу қажет. Туған жеріңді қастерлеп, сүю әр адамның адамзаттық борышы деп білемін. Қазақта:

Акқу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды – дейді.

Шетелге қыдырып кетсе де, әр адам өз туған жерін сағынады. Туған жерін аңсап тебіренбейтін ақын жоқ шығар. Әр ақын өзінің туған жерін жырға қосып Отанына, еліне, жеріне  деген махаббаты  мен сүйіспеншілігін

ризашылығын білдіреді.

Біздер жастар болашақта өз елімізге, туған жерімізге адал қызмет етіп, елімізді көркейтуге өз үлесімізді қосамыз. Қазір біз ата-бабаларымыздың ерлігі мен табандылығының арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің дамуы қарқынды түрде жүруде.

Мен өз Отанымды, құдіретті жерімді, туған елімді сүйемін. Білімді, білікті, патриот жастардын арқасында Қазақстанның әлі де өсіп өркендеп,дамуына сенімдімін.

Атам қазақ «Елдің даңқын -ері шығарады, ердің даңқын -елі шығарады» - деп айтқан.  Мен өз елімді ,жерімді  қорғап , бағалап өтемін.  Ал патриоттығымды білдіру үшін өз  елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қосам. Елбасымыз айтқандай «Болашақ-білімді жастардың колында» -демекші біздің болашағымыз өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!