«ЖББ №17 орта мектебі»
КММ-сі
«Мен сені жақсы
көремін»
(дөңгелек
үстел)
/Ата-ана мен
оқушылар/
2018-2019 оқу
жылы
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынасты жақсартуға, жақсы көру сезімдерін байқау, балаға
деген сүйіспеншіліктерін нығайтуға ықпал
ету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,
слайд
Керекті құрал–
жабдықтар: 6- орамал ,плакат А3
формат,фломастер
Әдісі:
пікірталас
Жұмыс
түрі: дөңгелек
үстел
Психологиялық бағыты: психоконсультация
Психолог сөзі:
Сіздерді бүгінгі «Мен сеніжақсы көремін !» атты психологиялық бағыттағы дөңгелек үстелге қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Яғни біздер баламыздың нәресте кезеңінде өзіне көңіл аудартып, өмірге «МЕН» деп
айқайлап келетіні,жарық дүниеге бір пенде келгенін өзінің бақырып-шақыруы арқылы сезіндіреді. Бірақ «Менді» біліп
туған сәби,өзгенің көмегінсіз,тәрбиесінсіз,үлкеннің
ақылынсыз,екінші қасиетті бойына дарыта алмайды.Туа біткен қасиет пен жүре түзелер қасиеттердің екеуі екі бөлек.Бірі өзімшілдігі оңай дамыса,өзіне ркін таныта алса,ал екіншісі адамды сүю оңай шаруа емес. Сондықтан отбасынд аата-ананың балаға деген сүйіспеншілік сезімі қаншалықты жоғары деңгейде болса, баланың психологиялық-физиологиялық
дамуы қалыпты жағдайда қалыптасады.
- Олай болса, түйіні терең ойларыңызды ортаға салсаңыздар.
- Қазір мен сіздерді екі топқа бөліп, топтық жұмыс жасауда 2 сұрақ ұсынамын.Сол сұрақ төңірегінде сіздер пікірлеріңізді плакатпен жұмыс жасау арқылы қорғап шығасыздар?
1 сұрақ:Өз балаңызды жақсы көру деген нені білдіреді?
2 сұрақ:Неліктен кейбір ата-аналар өз балаларын жақсы көрмейді? Себебі не?
- ата-аналардың пікірлері тыңдалады.
Психолог сөзі:Жарайсыздар! Рақмет сіздерге! Ал енді «Әке мен бала»
арасындағы шағын диалогке назар аударсаңыздар.
* Әкесі науқастанып,ауруханада жатыр.Қызы әкесінің халін білуге алыстан келіп тұр еді.
- Ләззат келіпті гой
,қызым менің!Қане саған жақсылап қарап алайыншы! Қасыма отыршы.
- Қалайсың әке? Халің қалай?-деп сұрады Ләззат
- Нашар,қызым,нашар.Аз ғана өмірім қалды-ау деймін....
- Әке қойшы,олай демеші!
- Тоқтай тұр,Ләззат менің саған айтарым бар.Мен осында жатып көп ойландым.Сен туралы, анаң туралы,өмір жайлы.....Сонда түсінгенім:
сен мен үшін өте қымбатсың,сен –менің қуанышымсың,қанымсың.Бірақ мен
өмірімде саған ең басты маңызды сөздерді, сені қалай жақсы көретінімді айтпаппын. Мен сені әрқашан жақсы көрдім,Ләззат,бірақ сонны саған ешқашан айтпадым.Жақсы көретінімді неге әрдайым
айта бермедім деп өкініп жатырмын..... деген екен.
Психолог сөзі:
Біздің балаларымыз да әрқашан бізден осы сөздерді күтеді.Ендеше балаларыңызға жақсы , жылы сөздерді жиірек айтып отырсаңыздар деймін.
Ата –ана бала көзімен қарағанда қандай әсерде болатындарыңзды байқап көру мақсатында «Бала мүсіні» атты көріністі ұсынамын.
Психолог сөзі:Баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын. Қатысушыларға
әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамал мен байлап тұру тапсырылады.
Менің кішкентай қызым бірінші сыныпта оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз, автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш, бәрін білгісі кеп тұрады, тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды. Мен қызымның қолынан алдымда, жүгіре жөнелдік.
-
Мама,аннау не, қарашы!-деді қызым.
-
Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара,сүрінесің де жүресің!
Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА
ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым сөздерді тура
мағынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен
көзін байлаймыз) Біз әрі қарай мектепке асығып кетіп барамыз.
Автобусқа мініп, мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім. Екеуміз
кешегі күнді талқылай бастадық. Қызым мұхият тыңдап, содан соң
былай деді.
-
Мама,мама, құстың сайрағанын
естимісің? Сағат деген ағай кім?-деді.
-
Мен, неге сен үлкендердің
әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсың ғой, үлкендердің
әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен
қызымның құлағын байлаймыз)
Біз а втобустан түсіп, жолмен
жүгіріп келеміз.Мен кешігіп қаламыз ба деп
қайта-қайта сағатыма қарап
келемін.
Бүгін қандай күн,тамаша
болады! Мама мен Малика күтіп отырған
шығар
, мен оған фантик әкелемін
дегенмін,анау ше..... –деді.
-
Қойшы! Не былшылдап кеттің ,уақыт жоқ,онсызда кешігіп келеміз.Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП!
(орамалмен аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдым да, әрі қарай жылжыдық. Қызым үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып, қолынан салып жібердім.
-
Осы сенің қолдарыңа тынным жоқ екен. Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ!
(орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып, оған айқайладым.
-
Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы? Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен
аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап, кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.
-
Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек,
жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел
қолыңды! Қолы қол емес имек сияқты, я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара, сүрінбей, соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Неғып үндемей қалдың, мен сенімен сөйлесіп тұрмын ғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайладым.
-
Неге жылайсың? Неге жылайсың
деймін мен саған. Жылайтындай не болды? Мені
ұятқа қалдырдың ғой ! Мен
кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп,әрі қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі
үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін
және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.
Ата-аналардың ой
пікірлерін тыңдау
-
Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?
-
Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?
-
Кішкене болса да
бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздарма?
Қорытынды:
Психолог сөзі:Жақсы! Керемет ой
білдірдіңіздер!
Атақты жанұялық терапевт Вирджиния Сатир
балаңыздың дұрыс қалыптасуына күніне бірнеше реет құшақтаудың оң әсер беретінін айтқан. Яғни
балаңыздың өмір
сүруі үшін
4
рет құшақтау өте қажет болса, ал
өзін жақсы сезіну
үшін кем
дегенде 8
рет құшақтау керек деп есептеген.
Ал баланың интеллектуалдық жағынан дамуы үшін-
күніге 12
рет құшақтау қажет деген.
Ересектер үшін де өте қажет екенінде айтқан. Бала өзі ата-ана
құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды. Бала өзін риясыз
қабылдайтынын сезініп өсу керек. Балаңыздың психологиялық дамуына
көмектесе отырып, эмоционалдық жағынан қоректендіреді. Бала осындай
белгілерді алмаса, онда эмоционалдық проблемалар, мінез-құлқындағы
ауытқушылықтар пайда болып, тіпті психикалық –жүйке ауруларына да
ұшырауы мүмкін.