400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен сені түсінуге тырысамын…»

Материал туралы қысқаша түсінік
окушыларга
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен сені түсінуге тырысамын…»

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Қажетті құрал жабдықтар:  шарлар, бала тәрбиесіне арналған жаднама , «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, тірек сигналдары, т.б.
Сабақтың түрі: Тренинг
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған «Мен сені түсінуге тырысамын…»
атты тренингке қош келдіңіздер! Бүгін біз мектебімізге өздерінің ой-пікірлерін бөлісуге тікелей осы тақырыпқа қатысы бар маман иелерін қонаққа шақырып отырмыз.
Шақырылған қонақтар:
1. Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Бейсебаева Жанар
2. Әлеуметтік педагог: Сағындықова Арман

3.Талымгер: Табылдиева Айман

4. 7-8 сыныптардың ата-ана және оқушылар
Сіздермен бас қосып пікір алысумыздағы мақсатымыз – ата-ана мен мектеп озара байланысты одан әрі жақсарту. Алдымен бір-бірімізбен танысып алайық. («Есімдер аллитерациясы» жаттығуы жүргізіледі)
— Есіміңіз кім-Балаңыздың есімі- Балаңыздың жағымды қылығы (ата-анасы)
Жүргізу барысы:
1.Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»

2.Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылады.
3. «Жанұя бақыты» жаттығуы

5. «Диаграмма құрастыру» жаттығуы

6. Жаднама тарату.
7.Қорытындылау. «Тілек шамы» жаттығуы

Психотренинг
«Жанұя бақыты»
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер,қалам,май шам,ватман қағаз, шар.
Психолог: Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты :«Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана баласымен бірлесе отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.
Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
«Диаграмма құрастыру» жаттығуы
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз
Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру.
Ата-анаға:
1. Ұйқыға
2. Мектепке
3. Отбасымен қарым-қатынасқа
4. Үйірмеге
5. Достарына
6. Үй шаруасына
7. Жалғыз болуға
Диаграмманы қорытындылау

VІ.Қорытындылау.
«Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.













































Мен және жанұям (тренинг сабақ)

Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Оқушылар мен ата - анасының арасындағы қарым - қатынасты нығайта түсу. Сондай - ақ, «мектеп - ата - ана», «оқушы – ата - ана» байланыстарын бір жолға қою.
Күтілетін нәтиже: бала мен ата - ананың арасында жылылық орнату.
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе сөз.
2. «Біз біргеміз!» жаттығуы
3. «Идеалды отбасы» жаттығуы.
4. «Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы.
5. «Жалғасын тап» ойыны.
6. Қорытынды.
Барысы:
1. Кіріспе сөз. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын тренинг - сабақтардың маңызы орасан зор.
2. «Біз біргеміз!» жаттығуы.
Мақсаты: Отбасындағы қарым – қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата - аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
«Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы аналары баласын тауып алуы керек.
Талдау:
1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
3. «Идеалды отбасы» жаттығуы.
Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді? Онда ата - аналар қандай қызмет атқарады? Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай? Ата - аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес, сурет түрінде бейнелеуге болады.
Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата - аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде, ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады. Ал бала барлық уақытта ата - анасын тыңдайды, айтқан нәрсенің барлығын істейді. Ата - аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.
4. «Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы.
Аналар мен балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады.
Сұрақтар:
1. Балаңыздың аты - жөні...
2. Балаңыздың ең жақын досы...
3. Сүйікті пәні...
4. Сүйіп тыңдайтын әні...
5. Сүйікті тағамы...
6. Жақсы көретін түсі...
7. Көзінің түсі...
8. Аяқ киімінің өлшемі...
9. Шаршағанда не ашуланғанда демалатын орны...
10. Жақсы көретін мұғалімі...
5. «Жалғасын тап» ойыны.
Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырамыз.
Талдау: өлең шумағын бір - бірден оқып талдайды.
6. Қорытынды: Мәселен, мен былай құрастырдым:
Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА. – деп бүгінгі «Мен және жанұям» атты тренинг - сабағымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 мамыр
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі