400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен сенің өміріңнің жалғасымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Пән: Өзін – өзі тану

Күні: _______________

№: 19-20

Сыныбы: 10

Тақырыбы: Мен сенің өміріңнің жалғасымын

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, жанашырлық, бауырмалдық

Мақсаты: Оқушыларға ата – ананың қадірі туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. 

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»

Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.

2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №18 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №19, «Ұлыма хат» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Автор өзінің әкесін неліктен шамшыраққа ұқсатады?

  2. Автордың «Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасына ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен мықтап дәріс беріп кеткен екен» деген сөздерінен не ұқтыңыз?

  3. Автордың әкесінің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз?

  4. Әкесі неліктен әрқашан айналасына көмек көрсетуге дайын болды?

  5. «Өмір аспанында өз қанатымен ұша алатын қыран екеніңді балапан кезіңде көрсет» деген тұжырымға өз өміріңізден мысал келтіре аласыз ба? Алған асуларыңыз, шыққан биігіңіз қандай? Қалай жеттіңіз? Кімге (неге) сүйендіңіз?

  6. Қыран құс туралы аңыздан өзіңіз қандай ой түйдіңіз?

  7. Адам мақсатына қол жеткізуі үшін не істеуі керек?

  8. Сіз ата-анаңызға қалай көмектесесіз? Нақты мысал келтіріп, сыныптастарыңызбен ойыңызды бөлісіңіз.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Ата-ананың қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас. Бауыржан Момышұлы

- Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Б. Момышұлы.

... Тағы бір жай ойыма оралады...

Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немеге, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?» – деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып:«Ассалам-алейкум, аталар» деп әр сөзді қадап-қадап айттым. Бұған әрине бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «әлейкүм ас-салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді» – дейтін. Міне, әке тәрбиесі осы.


  • Атасы немересіне не себепті риза болды?

  • Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сендер өз әдептіліктеріңді қалай көрсетесіңдер?

  • Өзіңнің ризашылық алған кездерің туралы әңгімелеп бер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

3-тапсырма. Төменде берілген қанатты сөздермен танысып, бүгінгі күні сіз үшін қайсысы өзекті екендігін айтыңыз. Ойыңызды нақты мысалмен дәйектеңіз.

• Сен адамның ізгілікті қасиетін бағала, Жақсы киім, жалған жүзді жүрісіне қарама. Насыр Хұсырау

• Ұлым, босаға қанша биік болса да – табалдырықтан еңкейіп, басыңды иіп атта. Халық даналығы

• Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол. Абай

• Жігіт қадірі өнерімен өлшенер болар. Мұхтар Әуезов

• Ата – кәрі тәжірибе, бұрнағы күн. Әке – кеше мен бүгін. Бала – бүгін мен ертеңгі күн. Немере – қалыс. Тіршілік еш нәрсені ұмытпаған. Ғабит Мүсірепов

• Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды. Халық даналығы

• Әке даңқын асырғың келсе, әкеден асып кетуге асық. Халық даналығы

• Ата-анасын налытқан32, кім екендігін танытқан. Халық даналығы

• Ұл мен қыздың шын еркіндігі тыңдай білер балалардан шығады. Василий Сухомлинский


6. Топпен ән айту.

Әке туралы жыр

Сөзі Мұхтар Шахановтікі

Әнін Нұрғиса Тілендиевтікі

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.


7. Үй тапсырмасы.

1. №19 – сабақ. Отбасы туралы мақал – мәтелдер жазып келу

2. Келесі сабақ. №20, «Бақ туралы аңыз» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
6433
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі