400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен шешім қабылдай аламын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда мұғалімдердің,оқушыларға тренинг жасатуға көмегі тиер деген ниетпен жарияладым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мен шешім қабылдай аламын»

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамытып,өмірге деген сенімін ояту. Өз
шешіміне қанағаттанатындай тәрбиелеу. Махаббаты мен сеземін қатар ұқтыру. Оқушыларды тура жолға үгіттеу.
Барысы:

«Тыныштық сәті».

(Жәй музыка қосылып қойылады. Мұғалім(тренинг) дауысын бәсеңдетіп мәтінді оқиды. Ал оқушылар көздерін жұмып ойға шомиды. Оқушылардың шешім шығара алатынын дәлелдеп көреміз)

1.Мұғалім: Мен көшеде келе жатырмын. Қасымда ешкім жоқ. Айдалада адасқан жан секілді жалғызбын. Келе жатсам алдымнан үлкен қақпа шықты. Ол қақпаны ашқым келді. Алайда қақпаны ашар болсам іші қорқынышты көрінді.

Бірақ қызық болатынына сенімді едім. Батылым жетсе ашып қызыққа кенелермін. Батылым жетпесе осы қақпаға кірмей басқа жолмен кетемін. Мен шешім шығардым. Енді сол жолмен келе жатырмын. Қате қадам жасамағаныма сенімдімін. Екі көзім жан-жағымда, аяқ асты тасты байқамай қалдым. Сол тасқа сүрініп құладым. Аяғым қатты ауырып қалды. Әрі қарай жүрерімді не жүрмесімді білмедім. (сұрақ қоямын)

Бірақ бар күшімді жинадым да орнымнан тұрып, алға қарай жылжыдым. Бірақ тұрып жатып ойландым. Мына тасқа басқаларда сүрінбесін деп оны жолдан алып тастағым келді, бірақ ішімдегі ашулы сезімім оны алма дегендей болды. Сәл ойланып шешім шығардым. Шешімім өзіме ұнады. Мен қате таңдау жасамадым. Әрі қарай жүре бердім. Мен қандай кедергі болсада, мақсатыма жететініме сенемін. Міне, дүптеген жеріме жеттім.Мен шешім қабылдай аламын.

Мұғалім:

1. сұрақтың жауабы: Бұл тыныштық сәтінде қандай шешім қабылдай алғандарыңызды білгілеріңіз келсе мені мұқият тыңдаңыздар.

Бұл «тыныштық сәтінде» қақпаны ашқан болсаңыз: сіз - батыр, батыл, келешекке жоспар құра білген, қызыққа қызығып жүретін, өз ортасынан да қызықты қалайтын жансыз;

Бұл «тыныштық сәтінде» басқа жолмен кеткен болсаңыз: сіз - бойында қорқыныш сезімі басымырақ, болашағына аса сенімді емес, бірақ өз мақсатына сүрінседе жете алатын, өз ортасы өзіне аса қызық емес жансыз;

Бұл «тыныштық сәтінде» сол тасты жолдан ауырсаңызда алып қойсаңыз: сіз – көпшіл, достарыңызды бағалайтын, оларға сенетін, көмек керек кезде қол ұшын бере алатын, достарыңызды қатты жақсы көретін жансыз;

Бұл «тыныштық сәтінде» сол тасты жолдан ауырып алмасаңыз: сіз – көпшілікті ұната бермейтін, достарыңызға көбі көңіліңіз толмайтын, оларға сенім арта бермейтін, көмек керек кезде санасатын, достарыңызды аса қатты ұнатпайтын, бір сөзбен айтқанда өзімшілдеу жансыз.

Picture 2


2. Мұғалім: Ал оқушылар келесі «Ашуым айналсын күлкіге» сәті арқылы, ашуларынан арылады.

Бұл сәтте 5 оқушы таңдап алынады. Олар ортаға шығып көңілді әуенге билейді. Кейін әрқайсысына үрленбеген шарик беріледі. Осы аптадағы барлық ыза-ренішін осы шарикты үрлеп, жару арқылы ұмытады.





3.Мұғалім: «Ситуациядан оңай шығып» үйренейік.

Бұл сәтте оқушылар өз еріктерімен ортаға шығады. Оларға ситуациялық сұрақтар қойылады. Шұғыл түрде тығырықтан оңай шығып, шешім қабылдай алатынын байқаймыз.

1.«Егер ата-анаңмен қыдыруға шыққанында, сен басқа бағыттағы пойызға мініп кетсең не істейсің?»

2.«Егер сен ата-анаңнан тығылып, шылым шегіп тұрғаныңды көріп қойса не істейсің?»

3.«Егер сен үлкен қалада жалғыз өзің адасып кетсең не істейсің?»

4.«Егер сенің досың қылмыс жасап қойса, сен оны басқалараға айтар ма едің?»

5.«Егер сен анаңа ерте келемін деп, бірақ отырыстан кеш қайтып қалсаң не істейсің?»



4.Мұғалім: «Тізбектей» жалғанып, көңіл күйімізді көтерейік.

Бұл сәтте орнында отырған оқушылар ретімен сөздер айтады. Яғни, сөздер арқылы сөйлем құрайды. Мысалы, бірінші партадағы оқушы «Алматыдан» десе, екінші оқушы «апорт» десе, үшінші оқушы «алдым» дейді. Тізбекті осылай жалғап кете береді.





Тренинг өз соңына жетер алдында «Сергіту сәтін» жасайық.

Яғни бір оқушыны шығарып кез-келген өлең қосамыз, сол өлеңге қандай қимылдар жасаса, барлық оқушылар орнынан тұрып қайталайды.





Мұғалім: Тренингтің нәтижесінде барлық оқушылар сергіп, өмірге құштар бола түседі.

«Шешімді шығара білген адам, болашығыңа мақсат қоя блген адам»

Оқушылар өз мақсаттарыңа дұрыс шешім қабылдап жетіңдер!

Осымен тренинг өз мәресіне жетті. Атсалысып қатысқандарыңызға рақмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
805
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі