400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен-сынып жетекшімін" таныстырылым.Портфолио

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған таныстыру. Портфолио - әрекеттер жиыны. Сынып жетекшінің портфолиосы өлең шумақтармен тізбектелген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәлемдесу.


Қайырлы күн, ардақты әріптестер!

Ақ ниетті, пәк көңіл тілектестер!

Өзгелердің баласын баласынан

Кем көрмей тәрбиелер, ниеттестер!


Құштарлық ол- ақ ниеттер жалғасы!

Даналық ол - білімдіктің арнасы.

Даралық ол- ізденістің жемісі!

Ұстаздық ол – тағылымдылық айнасы !


Мына өмір - жасампаздық дәуірі ,

Қуантатын шәкірттердің бар үні.

Портфолио - әрекеттің жинағы,

Таныстырсам айтылатын анығы!



Сыныбыммен шаттанам мен әрдайым,

Жаңа білік ,табамын әр күн сайын

Махамбет атындағы мектептенмін..

Жетекші Дошахова Құралаймын!


Ағылшын тілі пәнінен дәріс берем,

Үштілділік тұғырын ұстап бекем...

Шежірелі қойнауы тұнған тарих

Жарсуатым- туған жер асыл мекен


Таныстырсам 10 - шы «а» сыныбым бар!

Тәрбиемен беретін ілімім бар!

4 жыл бойы жалғасқан жетекшілік,

Қиындықпен алмасар қызығым бар!


Сыныбымның 12 жұлдызы бар!

Озаты да , екпінді ұл- қызы бар..

Болашаққа - ертеңгі дүниеге...

Кірпіш болып орнымен нық қаланар..!


Сыныбыммен әр сәтім, қымбат маған !

Шәкірттерге ізгілік жол арнаған ,

Өр намысты , ақ көңіл, адал жүрек

Асылдардан жалғасқан тек- нәр алған!






Тапқыр қиял - жаңалыққа ой ғашық!

Жетістігі сыныбымның мол нәсіп!

Әр оқушым - бөлек әлем мен үшін!

Тәлімі зор , шабыт алсам ойласып.


Дарынды да, еңбекқор да мол шығып,

Алға қойған биік мақсат нар сынып.

Олимпиада ,байқаулардан жүлдегер,

Жарып шығып бәйге алғандар бар сынып


Өзін- өзі басқаратын саналы,

Бір ұжым боп қалыптасқан даналы...

«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас» болып.

Сыныбымның жайнап келед ажары..


Білім іздеп тынбайды ол төгіп тер,

Сыныбымды жұмылдырар бірлікке.

Айтолқыным – озатыммен мақтанам

Болашаққа «Алтын белгі» үміткер!


Есімханым - мектебімнің мақтаны!

Сегіз қырлы өнері бар қатпарлы.

Екпіндісі оқудың, һәм спортшы.

Құйқылжытқан баянды саусақтары..


Елбасының «Мәңгілік ел» тұғырын ,

Алға ұстап бағамдаймыз әр жолын.

Сегіз арна - сара бағыт ұстаймыз,

Сіңіруге адамдықтың ілімін!


«Рухани жаңғыруға» үн қосып,

Келеміз біз өрге ұмтылып,бел асып..

Ұлттық дәстүр тәрбиенің тамыры,

Ұлы мұрат - ертеңіме жалғасып.


Саламатты өмір салтын жақтаймыз!

Спортпенен денсаулықты сақтаймыз..

Ар-намысты ардақтап ,алға ұстап

Бабалардың ақ үмітін ақтаймыз!


Әрбір шара сыныбыма жүктелген,

Мақсатына жетіп жатыр діттеген..

Көшбасшылар, дарындылар басшы боп

Жаңа формат жаңалықпен ізденген..


Басты тәртіп - оқушылық ереже...

Құқығымыз ,міндетіміз - дәл меже

Өзін-өзі басқаруға үйренген,

Қалыптасқан ұжым бүгін бар бізде..




Төртінші жыл жетекші боп келемін.

Ізгіліктен жанға шуақ теремін!

Жаңартылған білімнің бар мазмұны,

Жеті модуль жаңалыққа сенемін.




Дарындылар - сыныбымның діңгегі,

Ізденісі, ұсынысы іргелі.

Даналардың қалған бізге «сынығы»,

Парасатқа жетелейтін із мені!



«Қиын бала» ұғымы жоқ сыныпта!

Барлығы да нәр алған тек тұнықтан.

Бірін-бірі жетелейтін бауырмал,

Жол таба алар қиындықтан ,тұйықтан!


Ата- аналар сыныптан зор үмітте ,

Балаларын сыйластыққа үйреткен.

Жасыратын сырлары жоқ ұстаздан

Мектеппенен байланыста, бірлікте!


Жиналыстар, отырыстар мол бізде ,

Сұхбаттасу ,араласу қол үзбей.

БАҚ арқылы, желі арқылы қатынас,,

Жалғасуда құйылғандай көп ізбен..


Баршаңыздың ісіңіз сәтті болсын!

Талабыңыз тәлімді құтты болсын!

Бейбітшіл берекелі кең еліме!

Мәңгілікке сарқылмас ырыс қонсын!



Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
27.04.2019
5451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі