Қарағанды
облысы
Шет
ауданы
Алтайбаев негізгі орта
мектебі
Түгелбаева
С.М педагог-психолог
Тақырыбы: Мен таңдаған
жол
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау,
олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандық тобы,
таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып,
мамандықтарға деген ынта-ықыласың, қызығушылықтарын арттыру.
Мамандық таңдауға психологиялық қолдау
көрсету.
Міндеттері:
-
кәсіптік мамандық таңдаудың
негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік
беру;
-
кәсіптік мамандықтарға деген
ынта-ықыласың, қызығушылықтарын анықтау;
-
кәсіптік бағыт-бағдар
беру;
-
мамандық таңдауда оң шешім
қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін
тануға жетелеу.
-
Көрнекілігі: ақ парақтар, мамандық аттары
жазылған карточкалар, суреттер
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Сәлемдесу, қатысушыларды екі
топқа бөлу.
Мамандық тандау-жасөспірім
жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ
басқан жас ұланның алдындағы мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты
біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдауда оқушылар белгілі
жазушы , ғалым Ж.Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты
еңбегінен де жақсы ақыл-кеңестер алуына болады. Автор мамандықтың
жаманы жоқ, бірақ, мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай
күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе дейді.Кеибір жастар мамандық таңдау
ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.Осыдан
өз мамандығына қанағат тандаушылық,реніш сезімдері болып,тіпті
алдарына жоспарда құрғысы келмейді.
Профессия – латын сзінен шыққан,
«professio» - анықталған іс, мамандық дегенді
білдіреді.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі
болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін еңбек қызметінің маңызды
бөлігі.
1.Танысу
Қатысушыларға шеңбер боиымен
өзі жайында айту ұсынылады.
ІІ. Негізгі
бөлім.
Мамандық таңдау – өте
жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің
қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Қоғамның дамуында мамандық иелерін жоғары кәсіби біліктілікті,
еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы
бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап
етеді.
2. жаттығу Келісемін,
келіспеймін.
Бұл тапсырманы орындау үшін
оқушылар өзі келісетін, келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып,
пікірлерін ортаға салады.
Мысалы:
-
мамандық бір-ақ рет және
біржола таңдалады;
-
мамандық таңдау қалтаның қалың
болуына байланысты;
-
отбасы мен достарыңның ақылына
сүйеніп мамандық таңдауға болады;
-
қартайғанда да мамандық
таңдауға болады;
-
жақсы білім алу үшін, қымбат
оқу орнына түсу керек;
-
ақша болса, мамандық қажет
емес;
-
мамандық таңдауда психологтың
көмегі қажет;
-
мамандық таңдау – күнкөріс
қамы.
-
таңдайтын мамандығымды болашақ
табысым анықтайды.
3.Ойын «Ең
жақсы» .
«Үйренем десең жалықпа,
мамандық сырын анықта»
Қатысушылар екі командаға
бөлінеді.Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі,қазір сендерге
бірнеше мамандыққа мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтуларын
керек мысалы,ең ақшасы көп мамандық..Қай мамандық ең ақшалы болып
табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық
мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп мамандық
қандай?
Ең жасыл мамандық
қандай?
Ең тәтті мамандық
қандай?
Ең күлкілі мамандық
қандай?
Ең жауапты мамандық
қандай?
Ең салмақты
мамандық?
Ең қарым-қатынасы күшті
мамндық қандай?
Әр топ өзінің жауап нұсқаларын
береді.
4. Таңдаған мамандығың
туралы білесің бе?
Мақсаты: оқушының мамандық туралы
жоспарын айқындау.
Нұсқау: Берілген сұрақтарға
«ия» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет.
-
Таңдаған мамандығыңның мазмұны
туралы білесің бе?
-
Болашақ мамандығыңа қоятын
талаптарды, еңбек ақысы туралы білесің бе?
-
Таңдаған мамандығыңды қай оқу
орны дайындайды?
-
Таңдаған мамандығыңа жеке
қасиетің, қабілетің сай келе ме?
-
Таңдаған мамандығыңа білімің
сай келе ме?
-
Таңдаған мамандығыңды игеруге
мектептегі пәндердің қайсысы қажет екендігін білесің
бе?
5. Бұл қай мамандық?
ойын.
Бұл ойында оқушылар төмендегі
берілген сипаттамаға сәйкес белгілі бір мамандық иесін анықтауы
тиіс.
-
Жұмыс құралы: техника,
транспорт
-
Еңбектің мақсаты: қызмет
көрсету.
-
Еңбектің орындалуы:
отырып
-
Еңбектегі қарым-қатынас
ортасы: адамдармен.
-
Еңбектегі жауапкершілік: өмір
және денсаулық
-
Жұмыстың ерекшелігі:
күнделікті табыс
-
Жұмыстың ауыртпалығы: жүйке
қызметінің бұзылуы, әртүрлі аурулардың жұғуы, заң бұзушылық,
төменгі сатыдағы мамандық
-
Жұмыс уақыты: нақты уақыты
көрсетілмеген, ешкімге тәуелді емес.
-
Сол жұмысқа қажетті білімнің
деңгейі: орта білім, арнаулы орта білім, жоғарғы
білім
-
(Жауабы:
Таксист)
6. «Әріпті мамандық»
ойыны.
Екі топқа бір әріптен
беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп
тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан
мамандықтарының қыр – сырын айтулары
керек.
7. Егер де мен
......болсам.......
Оқушылар көп нүктенің орнына
өздері таңдаған мамандықты қойып, сол мамандық таңдаудағы
мақсаттары жайлы ойларын қысқаша түйіндеу
қажет.
Жоғарыдағы тапсырмаларды
орындай отырып, оқушылар мамандық таңдаудың маңыздылығына көз
жеткізеді. тренинг соңында мамандық таңдауда ұстанатын негізгі
ережелер жөнінде кеңес беріледі.
Есіңде жүрген жөн
болар...
-
Мектептегі оқу пәндері нақты
мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың
ұнайтынын білдірмейді. Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл
аудару.
-
«Егер мамандық сенің досыңа
ұнаса, саған да ұнайды» деген қорытынды жасауға
болмайды.
-
Мамандықтың мазмұны, қызықты
қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере
алғанда ғана сенің таңдаудағы ой – ниетің салмақтана түспек. Сән
қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс
істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы
мүмкін.
-
Алдағы өмірлік жоспарың қандай
болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса
пайдалы. Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп,
оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген
жағдайда қосалқы меңгерген мамандық болу
керек.
-
Мүмкіндігіңше таңдаған
мамандығыңның өзіңнің денсаулық жағдайыңа сәйкес келетіндігін
ескеру қажет.
8. Суретті тест. Тренингтен
алған әсерің
Қатысушыларға ақ параққа
күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ
таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол
берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің
суреті – тренингке қатысушының толық
қанағаттанғаны көңілденгені.
Бұлттың
суреті – алған әсері
төмен.
Жаңбырдың
суреті – ешқандай әсер
алмағаны.
Гүлдің
суреті – көңілді, жақсы әсер
алғаны.
Сізге тренингте не
ұнады?
Не ұнаған
жоқ?
Өзіңізді жақсы түсіне алдыңыз
ба?
Мамандық таңдай алдыңыз
ба?
Тренинг – сабақ керек пе, ол
мамандық таңдауда көмектесе ме?
Қорытынды.
Ж.Аймауытов « Мамандықтың
жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай
күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе » деген
екен.
« Отанның болашағы,
мемлекеттің келешегі жастардың қолыңда, олардың өрісті ойы, өркенді
ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында
биік белестерге жетеді» деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бүгінгі
тренингімізді аяқтаймын.