Материалдар / Мен таңдаған жол (9 сынып) тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен таңдаған жол (9 сынып) тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен таңдаған жол 9 сынып тренинг ашқы сабақ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мен таңдаған жол

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Мамандық таңдауға психологиялық қолдау көрсету.

Міндетттері:

-мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру.

-мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын анықтау;

-кәсіптік бағыт-бағдар беру;

-мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.

Қатысушылар: 9 сынып оқушылары

Мерзімі:

Өткізетін жері: Акт залы

Көрнекіліктер: Ақ парақтар, мамандық аттары жазылған карточкалар, суреттер.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, қатысушыларды екі топқа бөлу.

Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдындағы мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндетті тұрады. Мамандық таңдауда оқушылар белгілі жазушы , ғалым Ж.Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты еңбегінен де жақсы ақыл- кеңес алуына болады. Автор мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұнің кез-кезгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе дейді. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағат тыңдаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспарда құрғысы келмейді.

Профессия- латын сөзінен шыққан, «profession»- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

  1. Танысу

Қатысушыларға шеңбер бойымен өзі жайында айту ұсынылады.

ІІ. Негізгі бөлім:

Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қоғамның дамуында мамандық иелеріне жоғары кәсіби біліктілікті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті , қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

2 жаттығу Келісемін келіспеймін.

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар өзі келісетін, келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, пікірлерін ортаға салады.

Мысалы:

-мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады;

- мамандық таңдауда қалтаңның қалың болуына байланысты;

-отбасы мен достарыңның ақылынасүйеніп мамандық таңдауға болады;

-қартайғанда да мамандық таңдауға болады;

-жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орынана түсу керек.

-ақша болса мамандық қажет емес;

-мамандық таңдау- күнкөріс қамы;

-таңдайтын мамандығымды болашақ табысымды анықтайды.

3. Ойын «Ең жақсы»

«Үйренем десең жалықпа, мамандық сырын анықта»

Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынандай нұсқау беріледі, қазір сендерге бірнеше мамандыққа мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулырың керек, мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.

Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:

Ең ақшасы көп мамандық қандай?

Ең жасыл мамандық қандай?

Ең тәтті мамандық қандай?

Ең күлкілі мамандық қандай?

Ең жауапты мамандық қандай?

Ең салмақты мамандық ?

Ең қарым-қатынасы күшті мамандық?

Әр топ өзінің жауап нұсқаларын береді.

4.Таңдаған мамандығың туралы білесің бе?

Мақсаты: оқушының мамандық туралы жоспарын айқындау.

Нұсқау: берілген сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет.

  1. Таңдаған мамандығыңның мазмұны туралы білесің бе?

  2. Болашақ мамандығыңа қоятын талартарды, еңбек ақысы туралы білесің бе?

  3. Таңдаған мамандығыңа жеке қасиетің, қабілетің сай келе ме?

  4. Таңдаған мамандығың қөай оқу орын дайындайды?

  5. Таңдаған мамандығыңа білімің сай келе ме?

  6. Таңдаған мамандығыңды игеруге мектептегі пәндердің қайсысы қажет екендігін білесің бе?

5. Бұл қай мамандық? Ойын.

Бұл ойында оқушылар төмендегі берілген сипаттамаға сәйкес белгілі бір мамандық исесін анықтауы тиіс.

  1. Жұмыс құралы: техника, транспорт

  2. Еңбектің мақсаты: қызмет көрсету.

  3. Еңбектің орындалуы: отырып

  4. Еңбектің қарым-қатынасы: адамдармен

  5. Еңбектегі жауапкершілік: Өмір және денсаулық

  6. Жұмыстың ерекшелігі: күгнелікті табыс

  7. Жұмыстың ауыртпалығы: жүйке қызметінің бұзылуы, әр түрлі аурулардың жұғуы, заң бұзушылық, төменгі сатыдағы мамандық.

  8. Жұмыс уақыты: нақты уақыты көрсетілмеген, ешкімге тәуелді емес.

  9. Сол жұмысқа қажетті білімнің деңгейі: орта білім, арнаулы білім, жоғары білім.

(Жауабы Таксист)

6 .«Әріпті мамандық» ойыны

Екі топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтардың қыр- сырын айтулары керек.

  1. «Ойшылдар» интеллектулды ойыны (Жауабы)

Адам-табиғат 100 (жануарлар, өсімдіктер, жер бедері, ауа, су)

Адам-табиғат 300 (агроном)

Адам –табиғат 500 (ветеринар)


Адам-техника 100 (редактор)

Адам-техника 300 (автомеханик)

Адам- техника 500 (технолог)


Адам-адам 100 (заңгер)

Адам-адам 300 (инспектор)

Адам-адам 500( жаттықтырушы)


Адам-белгілеу жүйесі 100 (хатшы)

Адам-белгілеу жүйесі 300 (экономист)

Адам-белгілеу жүйесі 500 (нотариус)


Адам-көркем бейне 100 (архитектор)

Адам-көркем бейне 300 (фотограф)

Адам-көркем бейне (скульптор)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!