400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен таңдаған мамандық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды оқи отыра, жас мамандардың педагог мамандығына сүйіспеншіліктері артып, педагогикслық қолдау табады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Эссе: «Мен таңдаған мамандық»


Кашкинбекова Ж.Т

тәрбиеші

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, «Ақбота» балабақшасы

Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі – мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын. Өйткені мен де бала бағбаны – тәрбиешімін. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің  дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні. Ақбота балабақшасында бүгінде тамырың теренге жайып, мәуелі бәйтеректей жайқалып, сол бәйтеректің жапырақтарындай кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеп жатқаныма да жиырма жылдан астам уақыт өтіпті. Бүлдіршіндердің пәк жүрегінен шыққан сөздеріне қуанып балаша мәз боламын. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт! Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен  айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен  сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.

Балабақшада тәрбиеші болу – кез келген өнер сияқты көп қырлы және ауыр еңбек. Әртүрлі жағдайларға байланысты тәрбиешінің түрлі рөлдерге жиі енуіне қажеттілік болып жатады: балалар үшін ол барлығын білетін ұстаз да, ойын кезіндегі жолдасы да, жан-дүниеңді түсінетін және қиын сәтте қол ұшын беретін жақын адам да. Тәрбиеші дегеніміз – балалардың ақыл сұрап баратын данасы, ересек досы.

Менің ойымша, жақсы тәрбие беру – бұл бақшадағы материалды меңгерудің жоғары көрсеткіштері ғана емес, ең біріншіден ол – балалардың қуануы, күлімдеуі. Баланы сүйе білу дегеніміз – ол көп ойлану, іздену, қандай да бір жаңа жолдарды ашу, керек десеңіз үйреншікті әдеттеріңді өзгерте білу.

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда балабақшаның, тәрбиешінің ең басты міндеті – рухани бай, жеке қабілеті дамыған тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп-тамырынан нәр алып жатады. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, мектепке дейінгі білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың, бүлдіршіннің қабілеті, ептілігі мен дарындылығын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, болашағына жол ашуына түрткі жасауымыз қажет. Еліміздің ертеңі – ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып, өз алдына отау тігіп, өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті – әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрлерімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі бүлдіршіндерді өсіру.

Елбасымыздың салиқалы саясатын іске асыру үшін өзіміздің жан-тәнімізді де, күш-жігерімізді де, сүйіспеншілігімізді де, өмірге құштарлығымызды да аянбай, бере білуіміз қажет. Бұл жерде, әрине, оларға өз бойындағы жақсылықты ғана дарытқан жөн. Өйткені, тәрбиеші – адамды жасаушы адам. Ол табиғаттың таңғажайып құбылысын – баланы, өзінің нұрлы ақылымен, жылы жүзімен тәрбиелейді. Болашақ үшін қызмет ету – парасаттылық, ал парасаттылық – сен адамдарға, қоғамға, халқына, бала өсіріп отырған әрбір отбасына әкелетін қуаныш.

Бақшадағы бала биікке самғар мұзбалақ қыран құстың балапаны іспетті, оған ерекше күтім, жан жылуы керек. Егер баптаушысы білімді, білікті, мейірімді болса, ол қара қанат балапанның қанаты бақша «ұясында» қатайып, «мектеп» деген белеске барғанда, сол жерге қонғанда тегеуріні мықты болады. Ал мықтылығы – оның дүниетанымында, сауаттылығы мен адамгершілігінде. Егер де мен әр баланы талаптандыра білсем, бұл үлкен бақыт қой, себебі «талпынған бала – талпынған құстай, құмары қанбас, алысқа ұшпай» демекші, бұл балалар – әрбір тәрбиешінің еңбегіндегі бір-бір асу ғой.

Балабақшада жұмыс істеу кезінде мен өз мамандығымды таңдағандығыма ешбір күмән келтірмедім. Менің ойымша, тәрбиеші – өте қызықты мамандық: сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді, ал мен болсам, олардың өмірімен бірге өмір сүремін, табыстарына қоса қуанамын. Мен шығармашыл болуға ұмтыламын, сондықтан да болар, маған тек балалар бауыр басып қана қоймай, олардың ата-аналары да жиі келіп жатады. Біз олармен бірігіп, әр баланың балалық шағын бақытты ету үшін көп күш саламыз.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі