Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мен таңдаған мамандық"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мен таңдаған мамандық
Кештің мақсаты:. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; жас мамандармен кездесу.
Өтілу барысы:
1. Кіріспе сөз.
2.Жас мамандармен таныстыру.
3. Бейнеролик
4. Жас мамандарға сөз кезегі
5. Ойын «Мамандықтар иесі», «Менің есімім», «Суреттер
сөйлейді».
6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
7. Қонақтарға сый.
8. Қорытынды.
1.Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мен таңдаған мамандық » атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Әдетте мектептен 8- 9 сынып оқушыларын көбіне қандай мамандықты таңдаймын немесе таңдаған мамандыққа қалай қол жеткіземін деген ойлар мазалайтыны анық. Сондықтан да мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге түрлі жас маман иелерін шақырып отырмыз. Бұл қонақтармен кездесіп, ой бөлісу, пікір алысудың маңызы өте зор. Кездесуімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Карбузов Қуандық Қожанұлына сөз береміз.
Атақты ғұлама Әл – Фарабидің сөзімен бастағым
келіп отыр.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз -
Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған
жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр.
Алдымен мамандық, мамандық таңдау деген не
екеніне қысқаша түсінік беріп өткенді жөн көріп отырмыз.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да
бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің
маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды
іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне,
бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Адам өзінің болашақ кәсібіне
әр түрлі жолдармен келеді екен. Біреулері үшін – ол ойға алған
арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, ал келесі біреулер
үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін –
әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң.
Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын.
Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз
бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын
боламыз
Әрбір мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін және өз бейімділігін тану қажет және өз-өзіне «Мен кіммін?», «Болашақта қандай маман иесі боламын?», «Өмірдегі менің орным қандай?» деген сұрақтарға жауап іздеу қажет деп ойлаймын. Э.Ф. Зеер айтқандай «Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі» дегендей мамандықты дұрыс таңдай білу алдағы өміріңнің сәттілігі деп түсіну керексің.
Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге осы мектебімізден түлеп ұшқан біздің оқушыларымыз ,кәзіргі таңда жас маман иелерін, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек.
2. Жас мамандармен таныстыру..
Кеше ғана мектеппенен қоштастық.
Таныс емес, өзгелермен достастық.
Ыстық екен балалық шақ өмірде,
Қалады екен өмір-бақи көңілде –деп, сөз кезегі жас мамандарда. Расында да, мына отырған жас мамандар кешегі мектеп бітіруші түлектеріміз. Мектеп бітірген соң студент атанып, жоғары оқу орындарда оқып, өздерінің сүйікті мамандықтарын алып шықты.
Сіздер енді мектеп бітірушілерге мамандық таңдау жөнінде өз пікірлеріңізді білдіріп, ақыл-кеңес айтып, ой бөліссеңіздер деген ұсыныс жасаймын.
1. Сейдахметова Нүргүл-әпкелерің Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академияда 4-курс студенті,мамандығы –киім дизайны
2. Рахимова Мөлдір.-әпкелерің
3. Мырзағали Азамат-ағаларың
3. «Мамандық түрлері» дайындалған бейнероликке назар аударайық.
Мамандық таңдау- адам өміріндегі аса жауапкершілікті қажет ететін кезең. Мектептің табалдырығын аттағандағы бүлдіршін 15-18 жас аралығында өмірлік жолын айқындауға тырысады. Өз өмірінде ойып орын алатын мамандық әлеміне сапар шегіп, қиялымен ақылына ерік бере отыра мамандық таңдайды. Кейде достарының таңдауына, кейбірі ата-ана ақылына сүйенеді. Тек ілуде бірі ғана жүрек үнін тыңдайды. Яғни мамандық таңдауда алдымен жүрекпен қалап, одан соң денсаулықпен қабілетіне, одан соң қоғамға тиімділігін де саралаған жөн. Өздеріңіз көріп отырғандай мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік.
4.Жас мамандарға сөз кезегі.
5. Ойын «Мамандықтар иесі», «Менің
есімім».
«Мамандықты тап».
Бұл ойынға барлық кешке қатысушы оқушылар жас
мамандар қатысады. Алдымен сіздерге мамандық аттары жазылған
парақтар беріледі. Шешуін тапсаңыздар ортада шығып мимикамен
көрсетіп ,
жасырылған мамандықтарды табу керек.
«Менің есімім».Бұл ойында оқушылар өз есімдерін атап ,бас әріптерінен келетін мамандық аттарын атап,сол мамандықтың қасиеттерін айтып береді.
6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
Ендігі кезекте оқушыларымыздың толғандырып, білгісі келіп жүрген сұрақтарына береміз.
1.Бұл мамандықты не үшін таңдадыңыз?
2. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деп
ойлайсыз?
3. Елімізді өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек
деп ойлайсыздар?
4. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек
деп ойлайсыз?
5. Адамдар мамандық таңдағанда біреуге еліктеп таңдайды екен,сізше кімге еліктедіңіз?
6. Өздерің қай уақыттан бастап
дайындалдыңдар?
7. Бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?
8 . Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
9. Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
10 Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
11. Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
12. Әттеген — ай,бекер таңдаппын деген шақтарыңыз болды
ма?
7. Қонақтарға сый.
8. Қорытынды.
Еңбек етсем, ертеңгі — бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер — уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да — жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен — өнеріме сенемін.
Арым — таза, ақ көңіл — адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне
кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде
апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап
ілім — білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді
еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға
тілектестігімді білдіремін. Олай болса «Мен таңдаған мамандық !» атты кездесу
кешімізге келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға
алғыс білдіреміз!.
5. Сұрақ – бізден, жауап —
сізден.
1. Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін
кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе
ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп
оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не
себеп?
2. ЖОО-да таңдаған мамандығын бір-екі жыл оқып, артынша басқа мамандықтарға ауысып жатқандар көп пе?
3. Студенттерден сұрайықшы, мамандықтарға өкінетін, «Қап, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма?» Әлде өздеріңізге ұнайды ма?
4. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жатқан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы, ұнайтын, ұнамайтыны, қалай түскенін сұрап білу үшін қонақтарымыздан сұрасақ.
5. Бүгінгі таңда агенттер мен менджерлер саласы өте үлкен сұранысқа ие, туризм болсын, жарнама агенттігі болсын, оған түсіп жатқан студенттеріміз де көп. барамыз, заңгер боламыз, басқа жұмыстар таңдаймыз.
Мамандық таңдауда адамның шоқжұлдыз сипаттамасын да ескерген абзал.
1. Тоқты белгісінде туылғандардың көбісі мектеп
қабырғасында жүргеннен болашақта қандай мамандықты таңдайтынын
бағамдай жүреді. Өздері еңбекқор, шаршағанды білмейтін жандар. Олар
өздерінің қандай саланы тез игеріп алып кететінін де біледі. Бұл
белгіде туылғандардан сатушы, білікті тіс дәрігері, хирургтер
шығады. Осы мамандықты таңдаған тоқтылардың көбісі үлкен жетістікке
шыққандықтары дәлелденген. Кәсіби спортшылар да жетерлік. Тоқтылар
билікке жақындау, мейлі тіпті бастық болмасын әйтеуір жеке кабинеті
болғанын қалайды. Бірақ олармен қандай бір келіспеушілік жағдайында
жеңемін деп ойламаңыз. Нәтижесінде жұмыстан шығып кетуіңіз ғажап
емес.
2. Торпақтар
нақты бір мамандықты таңдамайды. Біраз уақытқа
дейін кім болатынын ойланып жүреді. Бастысы өзінің материалдық
жағдайын жақсартуға септігін тигізетін кәсіп болса жетіп жатыр.
Табиғатынан салмақты болып келетін торпақтар өнерге бір табан
жақын. Бірақ көбінесе оны өзгелерге жария етпей, ішінде сақтап
жүреді. Олардан жақсы әнші, суретші, ақын, театр өнерінің маманы,
костюм шебері шығады. Егерде қолға алса аспаз, мейрамхалардың
қызметін басқарушы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе
алады. Тоқты белгісінде туылғандар мұғалімдікті да жақсы меңгереді.
Сәулетші, дизайнер болса да биік мақсаттарды бағындыра алады.
Бастысы алған жұмысын соңына дейін аяқтауға шыдамы жетеді.Сондықтан
олар ұжымда сенімге ие.
3. Егіздер
белгісінде туылғандар ақшаға бір табан жақындау
келеді. Сондықтан олардан жарнама бөлімінің, менеджмент бойынша
мамандық иелері шығады. Кәсіпкерлік саласында егіздер жақсы
жетістіктерге қол жеткізе алады. Бұл белгіде туылғандар құжаттармен
жақсы жұмыс жасайды алады және баяндама жазудың, аударманың шебері.
Шоу-бизнес пен кино өндірісі де Егіздер үшін қолайлы. Ол продюссер,
кеңесші бола алады. Жұмыстан кешікпеуге тырысады. Егіздер бастық
болуға ұмтылады. Алайда көбінесе орындаушы ретінде
қалады.
4. Шаян белгісіндегі адамдардың көбісінің мамандығыны
ата-анасы таңдайды. Олар нәзік, әрі жанашыр болғандықтан ана мен
балаға қатысты мамандықтардың иелері болады. Психолог, тәрбиеші,
акушер-дәрігер шаяндар өз мамандығының шебері. Бұл белгіде
туылғандардың бойынша аздар әртістік қабілет болады. Сондықтан олар
ұжымдағы әріптестерімен тез тіл табыса алады. Тіпті өзінің жанына
жақын емес мамандықты таңдаса да, оны осы қабілетімен игеріп кетуі
де ғажап емес. Шаяндардан білікті азпаз, кафе, мейрамхана,
барлардың үйлестірушілері де шығады. Қысқасы бұл белгідегі жандар
көп саланы меңгере алады, тек жұмыс беруші лайықты ақшасын
төлесе.
5. Арыстандар
үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ. Олар
болмашы нәтиже беретін жоспар, жобаларға уақыт кетірмейді. Үлкен
істерге қол созады. Сондықтан арыстан белгісінде туылғандардың
басым көбінен басшы, ірі компаниялардың жетекшілері шығады. Саясат,
кәсіпкерлік, мәдениетке араласса жақсы нәтижеге қол жеткізеді.
Арыстандарда ұйымдастырушылық қабілет өте жоғары болады. Таңдау
жасауда бұл белгіде туылғандар көп қателеспейді. Жұмысбастылығы
сонша кейде демалыс жайлы ұмытып та кетеді. Басшыларға бағынғысы
келмейді. Сондықтан көп қысым жасала берсе, жұмыстан кетіп қалу
олар үшін қиын емес. Арыстандар мемлекеттік қызметті жөн санайды.
Аздап жалқаулығы болмаса, еңбекқор.
6. Бикештер
мамандыққа мектеп қабырғасында жүргеннен аса мән
береді. Олар үшін әрбір жұмыстың мәні жоғары. Аса жауаптылығы оның
көптеген мүмкіндіктерге жолын ашады. Байсалды мінезі адамдарға
қамқор болуға септігін тигізеді. Бикештерден мықты медицина
мамандары шығады. Олар дәрігерлікті таңдаса үлкен жетістіктерге қол
жетізе алады. Көптеген белгілі медбикелер осы белгіде туылған.
Бикештер аса еңбекқор. Өзіне берілген жұмысты аса ұқыптылықпен және
мерзімінде орындайды. Оларға ұжымда сеніммен қарайды. Сондай-ақ
бизнесте, басшылық қызметте да бикештердің жолы болады. Олар
тыныштықты қалайтындықтан, шағын ұжымда және нақты кестесі бар
орында жұмыс істегені дұрыс. Оны сынай көрмеңіз, бәрібір өзінікін
дәлделдеуге тырысады. Ал өздері біреуді қатты
сынайды.
7. Таразы белгісінде туылғандар үшін мамандық таңдау аса
қиын. Көп ойланады. Оларды асықтырмаған жөн, әйтпесе үлкен қателік
жасауы мүмкін. Сондықтан шешімді өзіне қалдырған дұрыс. Іскерліке
қарым-қатынаста таразылар өте әділ, аса маңызды мәселелердің
түйінін тарқату олардың қолынан келеді. Олар саясатқа араласады.
Бірақ көп жағдайда қателік жіберіп алады. Білімін жақсы
жетілдіргенде ғана бұл бағытта үлкен жетістіктерге жетеді.
Таразылар құжаттарға мұқият емес. Сондықтан кәсіпкерлік ісімен,
ақшаға қатысты жұмыспен айнылыспағаны жөн. Олар үлкен ұжымда да
өздерін еркін сезінеді әрі өзгелер үшін ашық. Жұмыстағы талқылау,
бағалау келгенде таразылар белсенділік танытады. Олар жұмыста
қатал, өмірде жұмсақ адамдар.
8. Сарышаяндар
белгісінде туылған жандар эмоцияға берілгіш,
сонымен қатар өзінің мүмкіндігін көрсете алатын адамдар.
Қысылтаяңда өз жолын тез табады. Олардан шахтер, репортер, хирург
мамандықтары жақсы шығады. Іскерлік қарым-қатынаста өзін еркін
сезінетін жандар. Адамдармен үнемі байланыста болатын мамандық
иелері осы белгіде туылғандардан көп шығады. Сарышаяндар үнемі алға
ұмтылып жүреді. Өзгелерге өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынады.
Өзінің күшіне, білім мен біліктілігіне арқа сүйейді. Олар аса қиын
келіссөздерді шешуге келгенде таптырмас адамдар. Кейде жұмыста
жалқаулыққа бой алдырады.
9. Мергендер
бала күніне карьерада биік белестерді бағындыруды
армандайтындар. Көбінесе өз күшіне сенеді. Аса қиын мамандықтарға
жаны құмар. Тіпті спортта да қауіпті түрін таңдайды. Мерген жұмысты
беріліп атқарады және оны өзгелерден де талап етеді. Ол сөзсіз
көшбасшылыққа ұмтылады. Басшылық тарапынан сыйластықпен қарауын
немесе керісінше ашық қарсыласуға тәуекел етеді. Бұл белгіде
туылғандардың саяхат жасағанды жақсы көреді. Олардан жақсы
спортшылар, аң аулаушылар, репортерлер шығады. Ойынхана,
мейрамхана, қонақ үйлердің жұмысын басқару, үйлестірудің шебері.
Қоғамдық, саяси қайраткерлікке қызығады. Бастық болған жағдайда
әділ болады. Жалғандықты жаны сүймейді. Мұнысы ұзақ уақыт
қалыптылықты ұстап тұруға көмектеседі. Сондай-ақ артық әңгімені
тыңдамайды және тез ұмытады.
10. Тауешкілер
бірі бала кезінен мамандықты таңдайды, енді бірі
ата-анасының таңдауына құлақ асады. Кеш шешімге келуі де мүмкін.
Бұған қарап тауешкілер үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ
екендігін аңғаруға болады. Олар кез-келген кәсіпті игеру кетеді.
Еңбекқорлығының арқасында. Тіпті шаршағанын да аңғармай қалады.
Іскерлік қарым-қатынаста және шағын ұжымда өзін еркін сезінеді.
Тауешкілерден білікті тіс дәрігері, сәулетші, мұғалім, фармацевт,
кітапхана қызметкерлері шығады. Көпшілік қашатын қазазбастылық оған
ұнайды. Кез-келген мамандықта ол басшылыққа қол жеткізуді қалайды.
Байсалды мінезіне орай, өзін ұжымда сыйлағанын жөн
санайды.
11. Суқұйғыштар
үшін кәсібилік аса маңызды. Сондықтан тек қана
жетістікке жетуді көздейді. Жұмысты аса ұқыптылық, жауапкершілікпен
орындайды. Жаңа ұжымда өзін еркін сезінбейтін секілді көрінеді.Оның
орны әріптестері үшін тек өзге қызметке ауысқанда ғана білінеді.
Суқұйығыштар өзін ойын өзгерте бермейді және өзін талқылауға жол
бермейді. Педагогика, білім беру, әлеуметтану, психология саласында
биік жетістіктерді бағындыра алады. Олардан мықты сәулетші, заңгер
шығады. Бұл белгіде туылғандар аса іскер сондықтан сырт сөздерге
аса мән бермейді. Өзіне бағаны аса жоғары қояды суқұйғыштар.
Өйткені өзінің мүмкіндігін жақсы біледі. Ақшаны үнемдей
алады.
12. Балықтар
жылдамдықты қажет ететін мамандыққа аса құмар.
Олар жетекшілік жұмыстарды жаны сүйеді. Мемлекеттік қызметтен гөрі,
шығармашылық ортада жұмысты жасағанды қалайды. Олардан жақсы
мұғалім, журналист, кино өнідірісіндегі мамандар шығады.
Қайырымдылық шараларын ұйымдастырудың да шебері. Көбінесе пайданы
ойлай бермейді. Балықтар жазушы, суретші, әртіс бола алады. Әрине
таланты болса. Ұжымда өзіне бағытталған теріс пікірлерді тез арада
жоюға тырысады.
«Өз жұлдызыңды жақ» (Сынып бойынша презентация, жоба құрастырып,
таңдаған мамандықтарының мақсатын, мазмұнын, қырлары мен өмірлік
сырлары жөнінде айтып шығу).
Қорытынды: Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.
«Жетістікке жету — өз қолыңда!» кездесуі
By admin on 09.01.2017 Кәсіби бағдарлау жұмыстары
Мақсаты:
Мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп,
таңдау мүмкіндіктерін шешу.
Оларды өз пікірін еркін айтуға,
басқаның пікірін сыйлай білуге,
жүйелі ойлауға баулу және адам өмірінде мамандықтың алатын орны,
маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Әдіс —
тәсілі:
кездесу,
әңгімелесу,
психологиялық жаттығу,
сұрақ —
жауап.
Кездесу бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз
2. Қонақтарды таныстыру
3. Сұрақ бізден –
жауап сізден (қонақтармен пікірлесу)
4. Презентация
5. «Менің таңбам»
(психологиялық тренинг)
6. «Жағдаяттық сұрақтар»
7. «Ең жақсы мамандық»
ойыны
8 . Жетістікке жетудің 7
қадамы
9. Шеберлік класы
1. Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар,оқушылар, қонақтар. Баршаңыз да бүгінгі «Жетістікке жету- өз қолыңда» кездесу кешіне қош келдіңіздер! Әдетте мектептен түлеп ұшқалы отырған 11 сынып оқушыларын көбіне қандай мамандықты таңдаймын немесе таңдаған мамандыққа қалай қол жеткіземін деген ойлар мазалайтыны анық. Сондықтан да мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге түрлі маман иелері, елге елеулі, халыққа қалаулы, ауылымыздағы бетке ұстар ағаларымыз бен апаларымызды шақырып отырмыз. Бұл қонақтармен кездесіп, ой бөлісу, пікір алысудың маңызы өте зор.
Алдымен мамандық,
мамандық таңдау деген не екеніне қысқаша түсінік беріп өткенді жөн көріп отырмыз.
Мамандық –
қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты,
жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау –
өте жауапкершілікті және маңызды іс.
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына,
қабілетіне,
бейімділігіне,
қалауына сүйену керек.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді екен.
Біреулері үшін –
ол ойға алған арманның орындалуы,
отбасы дәстүрін жалғастыру,
ал келесі біреулер үшін –
жаңалыққа,
дербестікке талпыныс,
үшінші біреулер үшін –
әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң.
Әрбір мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін және өз бейімділігін тану қажет және өз-өзіне «Мен кіммін?», «Болашақта қандай маман иесі боламын?», «Өмірдегі менің орным қандай?» деген сұрақтарға жауап іздеу қажет деп ойлаймын. Э.Ф. Зеер айтқандай «Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі» дегендей мамандықты дұрыс таңдай білу алдағы өміріңнің сәттілігі деп түсіну керексің.
Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• — Біздің болашағымыз –
біздің мамандығымызда;
• — адамның болашаққа апаратын жолы;
• — адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• — мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• — оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• — ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі,
ұнату,
таңдау,
арманыңды іске асыру;
• — мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• — келешекке қойған жоспары,
мамандығын ойдағыдай бітірсе,
игерсе сол
• — адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
2.
Қонақтармен таныстыру.
1. Мектебіміздің түлегі А.Қалыбеков ауыл әкімшілігінің кітапханашысы Мусалин Жайсан апайымыз
2. Мектебіміздің түлегі Стоматолог-техник Шынтілеуов Сәкен ағамыз
3. Стоматолог-
дәрігер Омаров Бақыт ағамыз
3.
Сұрақ бізден –
жауап сізден (қонақтармен пікірлесу)
Әрине таңдау жасау оңай емес.
Ең бастысы адам еңбекке қабілетті,
зейінді болуы қажет және ағаларымыздың ақыл-кеңестерін тыңдағанда артық етпейді деп ойлаймыз.
Олай болса бүгінгі кешіміздің қонақтарынан сұрақтарға байланысты өздерінің ойларын білдіріп отыруларын сұраймыз.
Ендігі кезекте оқушыларымыздың толғандырып,
білгісі келіп жүрген сұрақтарына береміз.
Қатысушыларға берілетін сұрақтар:
Білікті маман болу үшін адам ең алдымен немен қарулануы қажет?
— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан,
қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде,
нені басшылыққа алу қажет?
— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп,
нені үйренуі қажет?
— Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
— Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
— Әттеген —
ай деген шақтарыңыз болды ма?
4.
«Презентация»
Жүргізуші:
рахмет,
өте жақсы.
Қараңыздаршы,
біздің алдымызда 3
білімді адам тұр:
Олар ақылды,
белсенді,
тәуелсіз,
тәрбиелі,
ғылым мен білімді меңгерген патриоттар.
Біз өзімізді толық білімді адамбыз деп әлі елестете алмаймыз деп ойлаймын,
біз тек сондай болуға ұмтылыс үстіндеміз,
сол идеалға жету жолындамыз.
«Идеалдан қашықтық»
жаттығуы
Қазір орнымыздан тұрып,
әрқайсысымыз өзіңізді идеалдан қандай қашықтықтамын деп есептейсіз,
сол жерге барып тұрасыз.
Дәл қазіргі кезде білімді адамнан әр түрлі қашықтықта тұрмыз.
Ал енді біз қазір бәріміз бірігіп осы қашықтықта тұрмыз.
Енді менің қасыма келіп бір кірпіштен аласыз (қызыл түсті қағаздан жасалған).
Осы кірпіштерден біз идеалымызға дейін жол саламыз.
«Жол салу»
жаттығуы
Енді әрқайсысымыз «қасиет»
жазылған кірпішімізді дауыстап айтып жерге қойып білімді адамға жол саламыз.
Бүкіл кірпіштер салынып болғанда оқушылар дәл тақтаның алдына жетеді.
Сонымен бізге білімді адамға жету үшін:
мақсат,
ниет,
ынта,
еңбекқорлық,
табандылық,
оптимизм,
жігер,
батылдық,
шыдамдылық,
ақылдылық,
жүйелілік,
алға ұмтылушылық,
қызығушылық,
білуге ұмтылу,
қайрат,
төзімділік,
намыс қасиеттер қажет екен.
Сонымен біз жеттік,
жолымыз ауыр болды-ау.
Иә,
білімді адам болу оңай жұмыс емес екендігіне көзіміз жетті.
5.
«Менің таңбам»
(психологиялық тренинг)
Мен жақсы істей аламын
Өзімді жақсы сезінетін орта
Ең үлкен жетістігім
Мен сенетін үш адам
Өзім туралы естігім келетін үш сөз –
деген сөздер жазылған парақшалар қонақтарға таратылып,
толтырып,
талданады.
Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?
Слайдпен көрсету.
– Компьютерді білу;
– Бірнеше тілді,
ағылшын тілін білу.
– Адамдармен қарым –
қатынас жасай білу.
– Өз тауарын,
қызметін өткізе білу.
– Тез шешім қабылдап,
бастамашылық жасау.
– Үнемі білім алуға,
қайта оқуға бейімділік.
6.
«Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың,
бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы.
Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді,
бірақ ол мамандық саған ұнамады.
сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз,
ойландыратын жағдай болды ма?
Болса не істер едіңіз?
7.
«Ең жақсы мамандық»
ойыны.
Қатысушыларға мынадай сұрақ береді,
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп мамандық
Ең жасыл мамандық
Ең тәтті мамандық
Ең жауапты мамандық
Ең салмақты мамандық
Ең қарым-қатынасы күшті мамандық
8.
Жетістікке жетудің 7
қадамы
Мамандық таңдау –
адам өміріндегі ең жауапты кезең.
Талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынуды жөн көрдік.
Бірінші қадам:
Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар.
Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін.
Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасының жолын таңдайды.
Біреулер ЖОО —
ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады,
ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен,
оған атүсті қарау –
жеңіл ойлылықтың белгісі.
Сондықтан,
бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп,
байыппен қабылдаңыз.
Екінші қадам:
Дұрыс шешім өз қолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз.
Ата-аналардың,
достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз.
Олар не айтса да,
бұл –
сіздің тағдырыңыз.
Үшінші қадам:
Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз.
Немен айналысқанды қалар едіңіз?
Қандай пәндер ұнайды?
Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз?
Адамдармен,
әсіресе,
бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба?
Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
Төртінші қадам:
Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз:
өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын?
Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін?
Барлық ақпараттарды пайдалана отырып,
болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз.
Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын,
мекемелермен танысуға шығыңыз.
Программист болғыңыз келсе,
компьютерлік ойындарды ғана тұтпай.
Ең болмаса қарапайым бағдарлама жасап көріңіз.
Дайындық курстарында жазылсаңыз,
тіпті жақсы.
Ең дұрыс тәсіл –
жазғы демалыс кезеңде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз,
таңдауыңыздың дұрыс бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
Бесінші қадам:
Сұранысты да назар ұстаңыз
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы.
Қарапайым жол:
бос орындарға жарияланған байқауларда,
интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз.
Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор.
Осы мәліметтерді ескере отырып,
таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында,
қалай даярлайтынын анықтаңыз.
Алтыншы қадам:
Мамандар не дейді?
Егер күдік —
күмәннан арыла алмасаңыз,
онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз.
Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады.
Сондай —
ақ,
қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялықтестілер бар.
Жетінші қадам:
Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп,
өзіңізге ұнаған негізгі 5 — 10
позицияның тізімін жасаңыз.
Одан кейін парағыңызды екіге бөліп,
оң және кері жақтарын тізіп,
сынақ тәсілін жүргізіңіз.
Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз.
Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп,
ең соңғы шешім қабылдаңыз.
9.
Шеберлік сыныбы.
Ендігі кезекте бүгінгі қонақтарымыз,өз істерінің шеберлері өз кәсіптерінің қыр-сырын айтып,
оқушыларымызға осы мамандықтар жайлы толық мағлұмат беруін сұраймыз.
Кері байланыс:
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз,
ойландыратын жағдай болды ма?
Қорытынды:
Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем,
ертеңгі —
бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер —
уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да —
жеңеріме сенемін,
Ақыл,
сана білім мен —
өнеріме сенемін.
Арым —
таза,
ақ көңіл —
адалдыққа сенемін,
Абыройлы,
ақ ниет —
адамдыққа сенемін!-
дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім —
білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап,
егеменді еліміздің ертеңі —
болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
Кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-
бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
-
Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
-
Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе сөз: Мектептен түлеп ұшқалы отырған 9-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, ата-аналармен және кешегі түлектер, бүгінгі жас мамандармен кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Жүргізуші: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш.
Түседі естеріңе қызықты кеш.
Сағыныш бойды билеп келгендерге,
Мектептің есіктері ашық әр кез.
Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн.
Қосыңыз әр қайсыңыз жақсы бір үн.
Сырласып отырайық, ән салайық,
Мауқымыз басылғанша осы бір күн –
Деп, құрметті қонақтар, 11 сынып оқушыларының «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға» атты пікірлесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонақтарын ортадағы белгіленген орындарына жайғасуларын өтінеміз.
1.«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» деп ұстаздар атынан Шанықұл ағайды ортаға шақырамыз.
-
«Баланың бас ұстазы – ата-анасы» демекші ата-аналардың атынан Рысбике апайды қошеметтеп ортаға шақырамыз.
-
«Кешегі шәкірт – бүгінгі жас маман» деп осы, қазір жұмыс істеп жүрген осы мектеп түлектерінің атынан Гүлнұр апайды ортаға шақырамыз.
-
«Бала – біздің болашағымыз» деп, енді ортаға мектеп бітіруші түлектерді ду қол шапалақтап қарсы алайық.
— Ал құрметті қонақтар, кешімізді ара қарай әнмен жалғастырайық. Сіздерге арнап Айзада Жұмадінованың орындауында саздық сәлем, қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Әрбір түлектің асқар арманы, алдыға қойған мақсаты бар. «Мен кім болам?» деп ойланып,мақсат қойып жүрген шәкірттердің ой-арманын бейнелейтін «мамандықтар» мәселен мыналар:
Жүргізуші: Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз — тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады.Ұстаз ата-анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш-жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді.
Ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!(Шанықұл ағай өмірбаян)
Жүргізуші: Ұстаздар оқушыға басын иген,
Кей кезде тіпті оған кішірейген.
«Сыйға – сый, сыраға — бал» деген сөздің
Болмаса ережесін бұза білген.
Өйткені, ұстаз – ана, ұстаз – дана.
Мамандық ол ерекше, жеке-дара – пікірлесу кешіміздің алғашқы сұрағын ұстаздар атынан келіп отырған Шанқұл ағайға қойсақ.
Сұрақ:
Жүргізуші: Бітіруші түлектер ағайға қояр сұрақтарыңыз болса, сөз кезегі сіздерде.
Ән «Ұстазым» орындайтын І. Шүкіртаева
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Жаңағы орындалған әннің мәтінін тереңінен түсіндік деп ойлаймын. Туып өскен ауылымыздың ыстық екеніне, кеше ғана өзіміз оқыған мектептің біз үшін қымбат екеніне көзіміз жеткендей. Бүгінгі оқушыларымыз да үлкен бір тебіреністе болған шығар деп ойлаймын.
Жүргізуші:
Кеше ғана мектеппенен қоштастық.
Таныс емес, өзгелермен достастық.
Ыстық екен балалық шақ өмірде,
Қалады екен өмір-бақи көңілде –
деп, сөз кезегі жас мамандарда. Расында да, мына отырған жас мамандар кешегі мектеп бітіруші түлектеріміз. Мектеп бітірген соң студент атанып, жоғары оқу орындарда оқып, өздерінің сүйікті мамандықтарын алып шықты.
Сіздер енді мектеп бітірушілерге мамандық таңдау жөнінде өз пікірлеріңізді білдіріп, ақыл-кеңес айтып, ой бөліссеңіздер деген ұсыныс жасаймын.
Жүргізуші: Гүлнұр апайға қояр сұрақтарыңыз болса.
Ән: «Ұстазым» орындайтые С. Кәрімова
Жүргізуші: Сен арқылы үміт-от жанатындай,
Әр секундың мәңгілік сағатындай.
Алдыңдағы ақ парақ-адалдығың,
Ақ халатың аққудың қанатындай ақындарымыз жырлағандай қашанда адам жанының арашасы бола білетін, ақ халатты абзал жандар еңбегі ерекше. Бүгінгі кешімізге келіп отырған дәрігер қонағымыз Амангелді ағай өмір жолымен таныстырып өтейік.
Жүргізуші: Кешімізге қош келдіңіз! Дәрігер адам жанының бағбаны дейді. Менің ойымша дәрігер күрделі мамандық, осы күрделі жолды қалауыңыздың себебі неде?
Жүргізуші: Рахмет. Түлектер қояр сұрақтарыңыз болса.
Олай болса сізге арнап Сырымның орындауындағы әдемі өлең жолдарың қабыл алыңыз.
Жүргізуші: Ата-ананың арманы – баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: «Жақсы бала – Сүйік, жаман бала — күйік» деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата-ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды. Кешіміздің қонағы Рысбике апайдың қысқаша өмір жолына тоқталсақ.
Жүргізуші: Ақылмен толтырып саналарын,
Таудай боп өсті міне балаларың.
Шуағын бар әлемнің сыйлайтын,
Қуаныштарың құтты болсын аналарым –
деп, сөз кезегі ата-аналар сіздерде. Мамандық таңдау жөнінде балаңызға қандай ой салдыңыз, балаңыздың таңдаған мамандығына көңіліңіз толама?
Апайға қояр сұрақтарыңыз болса.
Рахмет апай, сізге арнап Гаухар мен Айзаттың орындауында «Орыс биі» қабыл алыңыз.
Жүргізуші: Кеше ғана сәби болсаңдар, бүгінде мектептен ұшып, арман қуғалы отырған түлексіздер, ал келешекте бүгінгі ата-ана, ұстаздармен, дәрігерлермен иықтас болатын өміріміздің мұраттарын жалғастырушы ұлы күшке айналасыздар. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.
Жүргізуші: Өздеріңді өкшелеген бауыр бар.
Ертіп жүрсең – боласыңдар бауырмал.
Жол айрықта дұрыс бағдар берсеңдер,
Әрқайсының шығатын бір шыңы бар – дей келе бүгінгі кешімізге келіп отырған мамандарға бітіруші түлектер атынан алғыс білдіру үшін ортаға Ақынтаны шақырамыз.
Құрметті қонақтар! Сіздерге бір тапсырма болайын деп тұр. Кешімізге келіп отырған апай ағайлар 11- ші сынып түлектеріне қандай тілектер білдіресіздер, сол ойларыңызды қағаз бетіне түсіріп, естелік ретінде ұсынсаңыздар.
Жүргізуші: Сенбе жұртқа тұрса
да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан.
Жүргізуші: Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір,
Қанаттар балғын талмасын –
деп, құрметті қонақтар, бүгінгі 11а сынып оқушыларының ұйымдастыруымен болған «Мен кім болам?» атты кездесу кешімізді аяқтаймыз. Жақсылықта, қуанышта кездесейік!