Материалдар / «Мен таңдаған мамандық» тәрбие сағаты 5 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мен таңдаған мамандық» тәрбие сағаты 5 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілері мен Машықкерлерге арналған тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2020
4068
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Машықкер: Нуракаева Шырын Куатовна

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен таңдаған мамандық»
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру. Мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету.Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

Тәрбие сағатының түрі : сынып сағаты
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: «Миға шабуыл», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер,шар,плакат, А4 бетшелері


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:/40 МИНУТ/


І. Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі 3минут

ІІ. Негізгі бөлім:

Топқа бөлу 2минут

«Амандасу» жаттығуы 2минут

Ойланайық,пікірлесейік 3минут

Білім қоржыны(жаңа ақпарат) 2минут «Күн мен түн» әдісі 4 минут

Сөздер қалашығы 3минут

Тапшы, қандай мамандық? 3минут Жағдаяттық сұрақтар 3минут «Әріпті мамандық»ойыны 3минут

«Психологиялық жаттығу» 3минут

«Ең жақсы» ойыны 3минут

Менен кеңес... 2минут

Ереже құрайық 3минут

Ән шырқайық 2минут

ІІІ. Қорытынды

Рефлексия.

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн, құрметті оқушылар. Бүгінгі «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» деп, «Мен таңдаған мамандық» атты тәрбие сағатымызды бастайық. Бүгінгі сабағымызды топқа бөлініп өтеміз, сондықтан «Дәрігер», «Ұстаз», «Әнші» атты 3 топқа өздеріңе ұнаған фигураларды таңдап, бөлінейік. Бөлініп болсақ топтар бір-бірімізбен өз топ атына байланысты актерлік шеберлікті іске қосып, амандасайық.

«Амандасу жаттығуы»

Мұғалімдер тобы: Сәлеметсіңдер ме оқушылар?!

Дәрігерлер тобы: Сәлеметсіз бе, кіріңіз!

Әншілер тобы: Ассалаумағалейкум, қазақ елі!

Рахмет оқушылар, орындарыңызға отыруға рұқсат!
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап болып отырсыз. Бүгінгі сабағымызда осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Электрик Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.
Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады.

Ойланайық, пікірлесейік
Айтыңдаршы, маман дегеніміз кім? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.
Оқушылардың жауабы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсмепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,-
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Оқушылардың жауабы: Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін.
Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мамандық дегеніміз не?
(Оқушылардың пікірлері сұралады)
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Білім қоржыны» (Жаңа ақпарат)«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.
«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.
Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, сыныптастарыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін.
«Күн мен түн» ойыны(оқушылар сұрақтарға жауап береді)
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
8.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
9. Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
10.Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
11. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
12.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
13.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

«Сөздер» қалашығы
• Ойын: «Сөйлеп тұрған кім?» Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы: 
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Көбейту мен бөлу – өзара кері амалдар»
- Көптеген жаңа әндер жаздырдым, бейнебаян түсіртіп жатырмын.
- Балалар, дәрумендер қабылдап, тазалықты сақтап жүрсеңдер, ауырмайсыңдар.
- Қылмысқа, құқықбұзушылыққа жол бермейміз.
- Ең әдемі, сәнді киім үлгілерін жасадым.
- Балалар, балмұздақ алыңдар, өте дәмді!
- Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын? 
- Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін? 
- Мен қуырдақ қуырып жатырмын,қазір дайын болып қалады
«Тапшы, қандай мамандық?» (Жұмбақтарды шешеді)
1. Үлгілерге қараймын,

Үй іргесін қараймын.

Өрнектерді оямын,

Терезесін қоямын. (Құрылысшы)

2.Елде сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып.

Қуантады қашан да,

____________ мамандық (Дәрігерлік)

3.Денсаулығын баланың,

Денсаулығын ананың.

Денсаулығын қарттың да,

Қамқорлыққа алады. (Дәрігер)

4.Өндіріске көптеген

Өрісі мол ток берген.

ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын

Мен арқылы өткерген. (Инженер)

5.Бойында шымыр алаулаған жалын,

Жақсылық жайы толғандырған жанын.

Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,

Ойлаумен жүр басқалардың қамын,(Милиционер)

6.Елім деп соғады жүрегім,

Ұлы Отанның түлегі.

Ол ел –қорғаның, Тыным таппай жүреді (Сақшы )

7.Қуантады халықты,

Асыға оны күтеміз.

Жақсылық хабар әкеліп,

Алыс -жақын туыстан. (Пошташы)

8.Оқу- білім арнасы,

Кім ол- оның анасы.

Дамытады ол адамның,

Ақыл- ойын, санасын.(Ұстаз)

«Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

3. — Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?

«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.
І - топ: «А», ІІ - топ: «К», ІІІ - топ: «Ж»
Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.
Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.
4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.
«Психологиялық жаттығу». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.
«Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар
екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен
Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Оқушыларға мынадай бір пайдалы мәлімет айтып өтейін.
Менен кеңес...Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

Ереже құрайық...

Қане, барлығымыз бірге мамандық таңдаудағы басты ережелерді құрастырайық. Мынадай ереже жазайық:

1)Дұрыс таңдау керек.

2)Икемділік.

3)Үлкен өнер, зор шеберлік.

4)Еңбексүйгіштік.

5)Білім.

6)Халқыңа көмегің тиюі керек.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?
Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?
Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?
Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Әннің сәні болмаса мәні оятар, – деп ағартушы ақын Абай айтқандай, кезекті әнге берейік.
Ән шырқайық: Ұстазым менің, ұстазым
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Осымен «Мен таңдаған мамандық» атты ұйымдастырылған тәрбие сағаты аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!

Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін! Сау болыңыздар!

Рефлексия.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!