400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен таңдаған мамандықтағы - математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен таңдаған мамандықтағы - математика. Бұл дарынды балдармен жұмыс. 11 сыныптар арасындағы презентациялық сайыс, яғни мини жоба қорғау. Болашақтағы таңдап отырған мамандықтарыңдағы матиматиканың рөлін айқындап көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен таңдаған мамандықтағы – математика.

Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, математика әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, өмірдегі математиканың маңызы туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта математика пәнің дұрыс меңгеріп, қызығушылығын арттыруға себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, таңдаған мамандығындағы математиканың маңыздылығы туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер

Математикамен бала күннен бастап қоректеніп,

оның бұлтартпайтын дәлелдемелерін бойына

молынан сіңірген адам ешбір алдамышқа

оңайлықпен жол бермейтін шындықты

қабылдауға дайын тұрады.

Гассенди П.

Өту барысы

  1. Негізгі бөлім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мен таңдаған мамандықтағы математика» атты презентация сайысқа қош келдіңіздер!
    Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

“Жемісті, жақсы иісті бәйшешек

Аралайық пайдасын көрем десек

Ұғымдағы милы жастың ойын қозғап

Үйретер талай тәлім, талай есеп “ – деп Шәкәрім атамыз айтқандай математика нақты ғылым болғандықтан ол барлық ғылымдармен байланысты.. Яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі, оны не үшін керектігін қазір оқушылар дайындаған материалдардан көретін боламыз. Сіз дайындаған материалды бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

  1. Абилова Г.Р.

  2. Рахметова Ш. Х.

  3. Жаймуханова С.Ш.


Әділқазылар оқушылар дайындаған материалдың көркемдігін және тақырып бойынша жинаған материалдардың мазмұндылығын 5 балдық бағамен бағалайды. Осы бойынша 1,2,3 орындар анықталады.

  • Математика сіздің өміріңізге қалай әсер етеді?

  • Сіз таңдаған мамандықтағы математиканың рөлі?

Әр сыныптан 3 оқушы дайындаған материалдарын көрсетеді. Әр оқушыға 2-3 минуттан уақыт бөлінеді. Кім бірінші қорғайтыны жерибе арқылы анықталады.

  1. Мадиева Алтынай 10 орыс «Математика в медицине»

  2. Қабдығалиев Нұрдаулет 10 а

  3. Калекенов Бахтияр 10 орыс «Математика в профессий оператора по добычи нефти и газа»

  4. Муксимова Анель « Математика в профессий экономиста»

2) «Математика бізге не үшін қажет?» деген тақырыпқа видиосюжет.

3) Психологиялық тренинг.

«Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.
Жауап.
1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.
2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.

4).Қорытынды. «Ең үздік презентация» номинациясы бойынша оқушыны анықтау.

1 орын Мадиева Алтынай

2 орын Мухсимова Анель

Қорыта айтқанда, құрылыс саласы қазіргі таңда өте жақсы дамуда, сонымен қатар білікті, мықты мамандарға зәру. Егер де сурет салуға, түрлі сызба бағдарламаларымен  жұмыс жасауға икеміңіз болса, қала көркін келтіретін әсем де биік, мықты ғимараттар салғыңыз келсе, кірпіш қалап, арманыңыздағы  үйіңізді өз қолыңызбен тұрғызғыңыз келсе, өз қажеттілігін ешқашан жоймайтын, қызықты   қиынды математика ғылымын жақсы меңгер.

Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!













М.Әуезов атындағы орта мектеп










Тақырыбы:

«Мен таңдаған мамандықтағы – математика»


Өткізген: Казиева Ш.Т.































2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
1348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі