«Мен таңдаған өмір»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мен таңдаған өмір»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмір, өмірдің мәні, отбасы және таңдаған мамандық жайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен таңдаған өмір»

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін керемет сый, баға жетпес құндылық және де кей жағдайларда ерекше мүкіндік.
XXI ғасыр – технологияның дамып, белсенді қолданылып, адам өмірінің маңызды бір бөлігіне айналған заманы. Бұның бір жағынан жағымды әсері болса, екінші жағынан зияны
көп. Әлі де саналары толық қалыптасып үлгермеген, ненің жақсы-жаманын айырмайтын жас балалар сан түрлі гаджеттердің кесірінен бос уақытын тиімді пайдалана алмай, оқу белсенділіктері төмендейді. Балалар интернет желісінде көретін тұлғаларына қызығушылығы артып, олардың істеп жатқан ессіз қылықтарын қайталап, өздеріне зиян келтіруге дейін барып жатыр. Егер де отбасында балаға керегінше көп көңіл бөлінбесе, баланың интернетке тәуелді болу қауіпі жоғарылайды. Өйткені, бала ата-ана тарапынан бақылаудың болмайтынын біліп, өз бетімен кетіп, теріс әрекеттер жасап, тиым салынған сайттарға кіріп интернетке деген тәуелділігі одан сайын артады. Ал телефонға деген тәуелділіктің алдын алып, дер кезінде қолға алынбаса, оны жеңу қиынға соғады. Санасы керексіз ақпараттармен уланған бала, өз жолынан адасып, басқаның арбауына тез түсіп қалады. Сол себептен де қазіргі мектеп психологтарының атқаратын профилактикалық бағыттағы жұмыстары көбейіп, атқаратын міндеттері еселенді. Баланың өз-өзіне қол жұмсауына, өз-өзіне және басқалар тарапына қиянатқа баруына себепкер болуы мүмкін негіздер саны өлшеусіз көбеюде. Бірақ бала тәрбиесіндегі болуы мүмкін барлық жағымсыз жағдаяттардың алдын алудың нақты жолдары бар. Олар: отбасы, ата-ана мейірімі, достарының қолдауы, жақындарының түсінуі, мектеп психологының және мұғалімдердің бірлесе жұмыс атқаруы. Соңғы кездері қоғамда белең алып келе жатқан оқиғалардың түп-төркініне мән беретін болсақ, отбасында мейірім көріп, ата-ананың жылуын сезіне өскен бала, күн шапағы сияқты келешекте басқаларға да өз нұрын таратып, айналасына сәуле шашып тұрады. Әдетте ондай балалар ақжарқын, кез келген ортада еркін сөйлеп, ортаға тез кіріп кете алатын, білім мен қатар өнерге де белсенділіктері жоғары тұлғалар болып қалыптасып жатады.
Өмір – күрес. Сол үшін де әр балаға кез келген қиындықтың уақытша және де ондай қиындық кез келген адамның өмірінде болуы мүмкін екендігін түсіндіріп, қандай жағдай болғанда да мұңаймай, көңілдерін түсірмей, қатарынан қалмай, сөйлейтін жерде үндемей қалмай, өз пікірін ашық жеткізе алатын, арман-мақсаттарына адаспай жетулеріне кеңес, бағыт-бағдар дер кезінде берілуі керек. Мектептегі психологының күнделікті жұмысында кездесетін проблемалық бір тақырыпты алып қарайтын болсақ, қалған тақырыптар өздігінен тізбектеле бастайды. Мектеп психологының жұмысы аса үлкен жауапкершілікті талап еткенімен де, балалармен жұмыс жасаған өте қызықты, жан-жақты керемет процесс.

Білім саласында жұмыс атқара отырып, талай іс-тәжрибе, дағды жинадым, бір орында қалып қоймау мақсатында тек психология саласында ғана жұмыс істеп қоймай, әр түрлі салаларда өз-өзімді байқап көрдім. Жұмысқа келгеннен маған барлыған үйретіп, өз көмектерін, ақыл-кеңестерін аямай, кемшілігімді жасырып, жақсылығымды асырып келе жатқан әріптестерімнің алар орны ерекше. Осы ретте мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәні мұғалімі қызметін атқаратын Доланова Гүлден Құрмашевнаның алар орны ерекше. Гүлден Құрмашевна тек әріптесім ғана емес, сонымен қатар мектептің тұғыры мықты, еңсесі биік болуының кепілі- тәрбиеде екенін көрсетіп, бала жүрегіне жол табудың алтын кілтін ұстатқан алғашқы жан. 6 жылда ол кісіден үйренгенім көп, ал әлі де үйреніп, білетінім одан әлде-қайда көп.

Қазіргі таңда мен «Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» КММ-де балалар психологы болып жұмыс атқарудамын. Жолдасым екеуміз 3 баланы тәрбиелеп, бақытты отбасы құрып отырмыз. Өз басым мектеп психологы болып жұмыс атқаруды үлкен мәртебе, өмірлік жетістік деп санаймын. Мектебіміздің әр оқушысының жеткен жетістігі мұғалім мен оқушы арасындағы өзара сыйластық, құрмет, маңдай термен келген үлкен еңбектің нәтижесі деп білемін. Армансыз адам, қанатсыз құспен тең демекші, келешекте білім саласындағы жұмыс өтілімді одан әрі қызықты, әрі пайдалы ету мақсатында екінші жоғарғы білім алып, магистр дәрежесін алуды көздеп жүрмін. Менің ойымша қарқындап, ғарыштап дамып келе жатқан заманның талабына сай ешбір маман жеткен жерінде тоқтап қалмай, оқып, білім алудан шаршамай, үздіксіз ізденіс үстінде жүруі тиіс.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.12.2024
170
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі