Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мен таңдаған өмір
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сагимбек Ермек Қасенұлы
Тарих және география пәндерінің мұгалімі.
«Найманбай атындағы орта мектебі» кмм
ШҚО Үржар ауданы, Мақаншы ауылы.
Ашық сабақ әзірлемесі.
Мерзімі : |
Сыныбы : 8 «в» |
Пәні: Тәрбие сағаты |
||||
Тақырыбы: |
Мен таңдаған өмір |
|||||
Мақсаты |
Өмір, бақыт, жақсылық пен жамандық, зиянды әдеттер жайлы кешенді баяндап, олардың аражігін ажырата алуға баулу және салауатты өмір салтын ұстануға, өз елін туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу |
|||||
Оқыту нәтижесі Табыс критерийлері |
Өмір, бақыт, жақсылық пен жамандық, зиянды әдеттер жайлы мәліметтер алады, олардың ара жігін ажыратуды үйренеді салауатты өмір салтын ұстануды, өз елін туған жерін құрметтеуді түсінеді.
|
|||||
Қолданылатын әдіс тәсілдер |
Миға шабуыл, СТО, АКТ, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, «Жеміс ағашы», «Бақыт ағашы». |
|||||
Сілтемелер |
«Сыныптан тыс іс-шаралар журналы», «тәрбие сағаты журналы», www.ustaz.kz, bilimdiler.kz , kk.wikipedia.org, goo.kz, www.youtube.com дидактикалық материалдар, |
|||||
Көрнекілігі және құрал жабдықтары |
Интерактивті тақта, сабаққа қажет материалдар (кеспеқағаз, маркерлер т.б) |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Кезеңдері |
Уақыты |
Мұғалімнің іс әрекеті |
Оқушының іс әрекеті |
Бағалау |
||
Ұйымдастыру |
1 минут |
Оқушылар назарын сабақ барысына аудару. «Түстерді таңдау » топқа бөлу. |
Топтарға бөліну. Сабақ барысына назарларын аудару |
Қолдау және мадақтау |
||
Қызығушылықты ояту |
5 минут |
І.«Өзін-өзі таныстыру» Оқушылар өзін-өзі таныстырады. 1. өзінің атынды айт 2. оны кім қойды 3. оның шығу тарихы 4. өзінің атының қандай мағына беретінін білесің бе 5. атының бас әріпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді айтуға болады. |
Топ ішінде берілген тапсырманы талқылау Алынған мәліметтерді өндеу. Сұрақтарға жауап беру. |
Формативті бағалау, мадақтау, жұлдызша тарату. |
||
Түсіну және талдау |
5 минут 3 минут 3 минут 10 минут 10 минут |
ІІ. «Өмір шексіз бақыт» Өмір жайлы ақын жазушылар мен философ ғалымдардың ой пікірлерін талдау. СТО сұрақтарын қою арқылы өмірдің мәні мен мағынасына үнілу.
(оқушылардың пікірлерін тыңдау,) ІІІ. Жақсылық пен жамандық. «Ақ қағаз бен қоқыс жәшігі» Менің жақсы және жаман жақтарым. Видео ролик «Жақсылық». Видео роликтен алған әсерлерін тыңдау, талқылау. ІҮ. «Құрсауда қалған ғұмырлар». 1)Темекі өлтіреді 2)Маскүнемдік азғындайды, аздырады, тоздырады. 3)Нашақорлық заман азабы Тақырыптары аясында видео көрсетілімдер көрсете отырып негізгі түсініктерді талдау. Топтық жұмыс. «Жеміс ағашы» Мақсаты: қоғамға жат қылық танылған маскүнемдік, нашақорлық жайлы оқушылардың түйген түсінігін саралау одан арылудың жолдарын көрсету. 1-ші топ маскүнемдік, 2-ші топ нашақорлық. Адам бойында кездесетін жаман қылықтарға, әуестікке қалай тап болады? Және одан қалай арылуға болады. |
Белсенді түрде сабақ барысына атсалыса отырып берілген сұрақтарға нақты әрі жылдам жауап беру.
Белсенді түрде берілген тапсырманы нақты әрі жылдам орындау Видеоны көріп отырып алған әсерлерімен бөлісу. Берілген тапсырманы топ ішінде талқылай отырып постер құрастыру Дәлелдер мен дәйектер үлгісін келтіру Дәлелдер мен дәйектерді саралап оқушылар жеміс ағашының гүлдеген және қураған үлгісін жасап түсініктеме береді Жасалынған жұмыстарды бағалайды |
Білім біліктерін бағалау. Өзара бағалау Формативті бағалау |
||
Ойды қорытындылау |
5 минут |
Менің таңдаған өмір. Өмірлік ұстанымдарын айту |
Қорытынды пайымдауларын айту Берілген тапсырмалады орындайды |
Өзара талдау салыстыру арқылы бағалау. |
||
Қорытынды |
2 минут |
Бақыт ағашы екі жұлдыз, бір тілек. |
Сабақатан алған әсерлерін айту. Тілектерін білдіру. |
Өзара бағалау, топ басшысының бағлауы, формативті бағалау. |
||
Үйге тапсырма |
1 минут |
Маскүнемдік және нашақорлық туралы қосымша мәліметтер іздестіру, хабарлама әзірлеу. |
||||
Рефлексия |
Сабақ мәтіні мен тапсырмалары:
Кіріспе. Мұғалім сөзі. Әрбір адам өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өту үшін адамдар бір –бірімен сыйластыққа болғанын жөн санаймын. Олай болса бүгінгі сабағымызда осы өзің таңдаған өмірім тақырыбы аясында өрбітуді жөн көрдім. Адам бойындағы асыл қасиет, оның мінезінің жарқын көріністері, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырата алуынан көрініс табатыны сөзсіз. Олай болса сабағымызды бастамас бұрын өзіміз таныстырып өтсек.
І. «Өзін-өзі таныстыру» Оқушылар өзін-өзі таныстырады.
1. өзінің атынды айт
2. оны кім қойды
3. оның шығу тарихы
4. өзінің атының қандай мағына беретінін білесің бе
5. атының бас әріпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді айтуға болады.
ІІ. «Өмір шексіз бақыт» Өмір туралы айтылған, жазылған толғаныстар аз емес. Өмір дегеніміз не? Оның нақты анықтамасы жоқ. Себебі, әр адамның санасында сан түрлі түсінікке ие. Өткенге көз жүгіртіп, өз заманының даналары өмір мен уақыт туралы не дегенін оқып көрелік…
Өмір – мұхит, уақыт — толқын. Абай
Өмір дегеніміз – күрес. К.Маркс
Өмірді сүйсең, уақытты оздырма, ол — тіршілік арқауы. Б.Франклин
Өмірдің шарты – күрес. Күрес тоқтаған жерде өмір де тоқтайды. В.Г.Белинский
Адамның өмірі уақыттан үнемдеген істерімен ұзарады. Ф.Коллиер
Уақыт – қолымыздағы бардың ішіндегі әрі арзаны, әрі нағыз қымбаты. Өйткені біз нені болса да уақыт арқылы аламыз. Я.Райнис
Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі — уақыт пен төзімнің жемісі. О.Бальзак
Зая кеткен әрбір сәт — істелмеген іс, түспей қалған пайда. Ф.Честерфилд
Уақытты босқа өткізу — ең ауыр шығын. Ж.Бюффон
Адам баласының табиғаты қызық қой, — байлығынан, бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды. Абул-Фарадж
СТО сұрақтарын қою арқылы өмірдің мәні мен мағынасына үнілу.
-
Өмір дегеніміз не?
-
Өмір деген несімен қымбат?
-
Өмірдің мәні не де?
(оқушылардың пікірлерін тыңдау, нұсқау, мадақтау)
ІІІ. Жақсылық пен жамандық. Адам өмірінде жақсылық пен жамандың қатар жүреді. Алайда адам сол екі қасиеттің бірін таңдаса соның жетегінде кететіні де сөзсіз. Жаман қасиеттерден арылып жақсы қасиеттерімізді жетілдіріп отыру біздің басты мақсатымыз болуы керек.
Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1 және 2 деп белгілеп, 1-ші бөлікке жағымды қасиеттерін, 2-ші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазу керек. Жағымды қасиеттерін өздерінде қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.
Бәрекелді балалар бір сәт болсын жағымсыз жаман қылықтар дан арылуға алғашқы қадамымызды бастадық. Өміріміздің әр сәтінде кері әсерлерді жағымсыз қылықтарды ізгі жолымыздың басты кедергісі ретінде алып тастап мүлдем ұмытатын болсақ бастар жолымыз әр-қашан ашық боларына кәміл сенемін.
Видео ролик «Жақсылық». Видео роликтен алған әсерлерін тыңдау, талқылау.
ІҮ. «Құрсауда қалған ғұмырлар».
Адам өмірі мәнді мағыналы өту үшін аянбай еңбек етіп тер төгеді. Алайда әр түрлі жағдайларға байланысты жаман әдеттерге жол беріп алатын жандар да кездеседі.
-
«Темекі өлтіреді»
Видео ролик «Темекінің зияны»
Темекі шегу - уытқорлықтың бір түріне жатады. Оның уыттылығы негізінен никотинмен айқындалады және жеңілірек түрде болса да, уытқорлықтың жалпы заңдылықтарымен сипатталады. Темекі тартатын адамдардың денесіне оның түтіні уытты әсер етеді. Ол организмді уақытша сергітетін әсер етіп, артынан жүйке жүйесін тоздырады, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді.
Темекі шегу жас балалық шақта, ересек адамдарға еліктеуден және өзінің ер жеткенін көрсету үшін мақтаныш ретінде басталады, әйелдер тым толып кетуден сақтану үшін шылым тарта бастайды. Артынан никотиннің әсеріне организмнің бейімделуі болып, темекі шегу әдетке айналады. Шын мәнінде темекі шегу организмде май түзілуіне қажетті ферменттерді тежеп, саміруден сақтандырады, көңіл – күй қобалжуларын басады. Бірақ оның зиянды жақтары бұл көрсетілгендерден әлдеқайда басым болатынын ескеру қажет. Темекі шегетін адамдардың орташа өмір жасы оны шекпейтіндерге қарағанда қысқа болатыны белгілі.
Темекінің түтінінде
-
көміртегі тотығы,
-
никотин,
-
3,4 - бенз(а) пирен,
-
азот тотықтары,
-
никель,
-
хром,
-
кадмий т.с.с көптеген зиянды заттар болады.
-
«Маскүнемдік азғындайды, аздырады, тоздырады»
Видео ролик «Маскүнемдік»
Маскүнемдік дегеніміз не?
Маскүнемдікке қандай жағдайдаларда тап болады деп ойлайсындар?
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді.
Видео ролик «спортшы Ардақ Назаров Алкоголдің зардаптары»
-
«Нашақорлық заман азабы»
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.
Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді.Ұлыбритания,Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі.
Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.
Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет.......
Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.
«Жеміс ағашы»
Топтық жұмыс. Мақсаты: қоғамға жат қылық танылған маскүнемдік, нашақорлық жайлы оқушылардың түйген түсінігін саралау одан арылудың жолдарын көрсету.
1-ші топ маскүнемдік,
2-ші топ нашақорлық.
Адам бойында кездесетін жаман қылықтарға, әуестікке қалай тап болады? Және одан қалай арылуға болады.
Оқушылар жеміс ағашының гүлдеген және қураған үлгісін жасап түсініктеме береді.
Қорытынды:
Менің таңдаған өмір. Өмірлік ұстанымдарын айту
Адам әрқашан өзі таңдаған жолмен жүретіні сөзсіз алайда сол таңдау жасаған жолы кемелді болашағының қай бағытта өрбитініне байланысты болмақ. Жақсылықты, ізгіліктікті, адалдық пен мейрімділікті бойына жиған адам өмір арпалысында өз жолын тауып адаспай аңсаған армандарына жетеді. Олай болса өмір жолын таңдаған тұста тағдыр арбауына түсіп адасып қалмайық.
Рефлекция. Бүгінгі сбақтан алған әсерлерін және достарына, өздеріне арналған тілектерін жазып, «тілек» ағашына апарып жапсырады.
Үйге тапсырма. Маскүнемдік және нашақорлық туралы қосымша мәліметтер іздестіру, хабарлама әзірлеу.