Материалдар / Мен таңдаған өмір
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен таңдаған өмір

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналарған арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
531
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналар трениг


Тақырыбы: «Мен таңдаған өмір»

Мақсаты: Ата-аналар арасындағы жағымды қарым-қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал ету, өзін өмірдің бір бөлшегі ретінде сезіндіріу, өзін және өзгені бағалай білуге көмектесі.

Жас ұрпақты рухани жаңғырту бақытты бойынша ата-анасымен бірлесе отырып отаншылдыққа, оттанды сүйуге, халқымыздың тарихын жетте білуге, аталарымыз салған жолды дамытуға, қазақ халқының мәдинеті мен өнерін, дәстүр-салтын жеттік білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Психолог:Қош келдіңіздер ата-аналар әріптестер.

Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингімізді бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп өмір жолында пайдалану. Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасынын тәрбиесін алады. Сондықтан отбасы – адам заттын аса қажетті, әрі қасиетті алтын белгісі.

Тренинг ережесі: Сенімділік, сыйластық, жақын араласу.

Барысы: Ата-аналар шеңбер жасап тұрады.

1.Сәлемдесу. Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір-бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

І-нұсқа: алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір-бірімізге күлімсірей қарайық.

ІІ-нұсқа:бір-бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.

ІІІ-нұсқа:оң жіне сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.

  • Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз?

  • Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала, жанұя,отағасыт.б.)


«Мен таңды қалай қарсы аламын?» жаттығуы

І. «Доппен жаттағу». Бала сіз үшін кім? Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала –болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.

ІІ. «Өзіңді теңей біл» Әркім өзін бір затқа немесе бір табигат құбылысына теңейді. Мысалы: Мен бұлақпын, мен адамдарды, жануарларды сусындандырамын. Мен өмірге керекпін.

ІІІ. «Сиқырлы қоржын» Ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам қоржыннан аяқталмаған сөйлем бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды.

1.Ең үлкен қорқыныш бұл-....

2.Мен мынадай адамдарға сенбеймін ...

3.Мен ренжеймін, егер...

4.Мен қуаныштымы, себебі....

5. Баланы үнемі қолдап отырса...

6.Мен үшін бақыт деген ...

7.Отбасының қорғаны кім?

8.Баланы сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінсе, сіздің әрекетіңіз.

9.Мақалды жалғастыр. «Бала жас шыбық...» (қалай исең, солай иіледі).

«Ана бауырындағы бұлақ ....» (бала жағасындағы шырақ)

10.Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалса не істер едіңіз?

11.Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз?

12.Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

13.Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс-әрекетіңіз?


IV. «Өтінемін» ойыны. Мен сіздерге бірнеше нұсқаулар айтамын. Сіздер іс-қимылмен көрсетесіздер. Мен «өтінемін» сөзін қосып айтқанда ғана қимылды жасайсыздар. Мысалы: Өтінемін, қолымызды көтерейік. Өтінемін билейік. Ал, енді бір-бірімізді құшақтайық. Өтінемін, бір-бірімізге қарап жымиыңыздар. Ал енді қабағымыды түйеміз.

«Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы.

1.Балаңыздың туған күні?

2.Тәрбиешілеріңізді аты-жөні?

3.Балағыз қандай өлшемді аяқ-киім киеді?

4.Балағыздың сүйікті асы қандай?

5.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.Балағызды еркелетін қандай сөздер айтасыз?

7.Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызңызға ұандай сөз түседі?

8.Балаңыздың ең жақын досы кім?


Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

Тапсырма:

Балам бақытты болсын десем не істеуім керек?

Ата-анам бақытты болсын десем не істеуміз керек?




«Майшам»

«Тілек шамын» жағамын. Бқл шамды жаққан себебім, арқашан алдарыңыз осы жарық секілді ашық, жарық болсын, аттарыңыз сөнбесін деймін. Бір-біріне тілек айту. Құрметті ата-аналар, бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Олай болса, отбасында балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беріге атсалысайық. «Отбасы» атауының мәнінде тереі үнілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сезінеміз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.


Ән Ата-аналарға арналған орындайтын Айдос.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін, мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерде ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып біз сіздермен қоштаспаймыз келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!