400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"мен тәрбиешімін" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен тәрбиешімін.

Қазіргі заман талабы – жаңартылған білім негіздеріне негізделіп отыр. Ол дамыта оқыту, даралап – деңгейлеп, болжап оқыту. Олай болса аталған жүйе ұстаз атты жандардан терең білімді, үлкен жауапкершілікті, шығармашылық пен зор еңбекті талап етері сөзсіз.

Қазіргі заман иесін тәрбиелеу, әлемдік білім деңгейіне көтеру, өркениет өріне шығу оңай іс емес.

Тәрбиеші – ол ұстаз, ол – бапкер.

Ұлы ғұлама – ұстаз әл – Фараби: «Балаға ең алдымен дұрыс тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деп бекер айтпас керек.

Тәрбиеші еңбегігінің күрделілігі – әрбір бүлдіршіннің жүрегіне жол таба білуде.

Бүгінгі тәрбиеші жан – жақты сауатты, ұлттық мәдениетімізбен, салт – дәстүрімізді бойына сіңірген, тарихын терең зерделей білетін, рухани дүниесі бай, өзін де өзгені де сыйлай білетін, қиялы ұшқыр жандар.

Тәрбиеші – ұстаз, ол – саяси сауатты, заман ағымына сай жан – жақты білімді, бала жанын тани білетін, онымен үндесе алатын психолог. Сонымен бірге оның бойында өз ісіне деген құштарлық, балаға сүйіспеншілік болу керек.

Дана бабаларымыз, «Білгенім – бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз» деп бекерге айтпаған. Сондықтан әр маман өз кәсібі негізінде үздіксіз іздену, үнемі үйрену жолында болу керек.

Мен, «Бәйшешек» тобында 2 – 3 жасар бүлдіршіндермен жұмыс жасаймын. Оқыту мен тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі патриоттық сезімдерін дамыту, яғни ұлттық нышандарды тани білу, оларды қастерлей де құрметтей білуге баулу. Мен осы жолда өз тобымда «Менің Қазақстаным», «Ұштаған – менің ауылым» атты танымдық шаралар өткіздім. Ондағы мақсатым өз еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Менің бағдарламалық жүйе бойынша әдістемелік тақырып бағытым, мақсатым «Тақырыптық ойындар арқылы балалардың сөздік қорын дамыту». Осы мақсатта сюжеттік – рольдік ойындар арқылы балалардың сөздік қорын байытып, өз ойларын тиянақты жеткізе білу, үйренген жаңа сөздерін дұрыс қолдана білу, өзара қарым – қатынасқа түсе білу дағдыларын қалыптастыру.

Атап айта кетер болсам, әр мереке кездерінде мерекелік ертеңгіліктер өткіземін. Сонымен қатар ұлттық салт – дәстүріміз негізінде «Тұсау кесу» рәсімін сахналық көрініс арқылы көрсеттім.

Балаға білім беру, білім бере отырып – тәрбиелеу әрбір тәрбиеші – ұстаздың басты міндеті де борышы. Аяулы да сүйікті ұстаз дәрежесіне жету, әр бүлдіршіннің мәңгі есінде қалу ол оңай іс емес. Ол жылдар бойы төгілген тердің нәтижесі. Ұлы Абай: «Адам өмірге келгенде екі түрлі мінезбен келеді; бірі – ішсем, жесем, екіншісі – білсем, көрсем. Біріншісі – тән азығы, екіншісі – жан азығы». Олай болса Ұлы данышпанның нені меңзегенін дұрыс түсіне отырып, бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі ел болашағы екенін естен шығармайық.

Мен өзімнің «Тәрбиеші» мамандығын таңдағаныма мақтанамын. Өйткені мен елімнің ертеңін тәрбиелеп, баулып отырмын.



Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Ұштаған ауылы

МКҚК «Арай» балабақшасы

І сәбилер «Бәйшешек» тобы тәрбиешісі

Жусупова Гаухар Турдыгуловна



































МКҚК «Арай» балабақшасы









ЭССЕ



Тақырыбы: «МЕН ТӘРБИЕШІМІН»







Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Ұштаған ауылы

МКҚК «Арай» балабақшасы

І сәбилер «Бәйшешек» тобы тәрбиешісі

Жусупова Гаухар Турдыгуловна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
288
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі