400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Мен-Тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сайыс сабақта оқушылар өздерінің білімдерін көрсете алады. Онда тарихтан, әдебиеттен сұрақтар кездеседі. Оқушылар өздерін жан-жақты көрсете алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің тарих, құқық пәнінің мұғалімі: Орынбасарова Ақжарқын Сегисхановна


Сайыс сабақтың тақырыбы: Мен – Тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағымын.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік-еркіндігім,елдігім,

Елім дербес,өзге елдермен тең бүгін.

Тәуелсіздік – азаттығым,арманым,

Алдағы арман,қуанышым сол менің.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік тәу етемін бір саған,

Бабаларым талай ғасыр аңсаған.

Ұраны боп мәңгілікке азат күн,

Тарландары қыршын кеткен қазақтың.

1-жүргізуші: Қайырлы күн,қадірлі қонақтар,құрметті ұстаздар және мектеп оқушылары! 1991 жылы 16 желтоқсанда біздің елімізде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Ата заңы қабылданды. Құрметтіұстаздар мен оқушылар,сіздердің назарларыңызға Тәуелсіздік күніне арналған «Мен-Тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағымын» атты сайыс ойынымызды бастаймыз.

2-жүргізуші: Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам Әнұраны.

(ҚР Әнұраны орындалады)


1-жүргізуші: Балалар,осы мерекеге байланысты біздің бүгінгі ойын – сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әрқашан да білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден,адал,аппақ ниетпен,- деп ортаға 7 «А»-7 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз. (Топқа бөлеміз).

2-жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты-деп қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

.........................................................................................

.......................................................................................

.........................................................................................

........................................................................................

1-жүргізуші: енді екі топпен таныстырып өтейік.

1-топ: «Тәуелсіз Қазақстан»

Ұраны: «Бірлік қайда болса,ерлік сонда»

2-топ: «Нұрлы болашаққа жетелейді»

Ұраны: «Отан үшін отқа түс,күймейсің»

Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.

1-бөлім: «Викториналық сұрақтарға жауап»

2-бөлім: «Жеті жұрттың тілін біл»

3-бөлім: «Кім тапқыр»

4-бөлім: «Мұны білесің бе?»

5-бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

6-бөлім: «Қызықты сөздер»

7-бөлім: «Ымды түсінбеген,дымды түсінбейді»

8-бөлім: «Мақалды жалғастыр»

2-жүргізуші: 1-бөлім: «Викториналық сұрақтарға жауап»

1-топқа сұрақ.

Еліміздің рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба,Әнұран)

Мемлекет туымызда не бейнеленген,оның түсі қандай? (Тудың түсі көгілдір,ортасында күн,күннің астында қыран құс,оң жағында қазақтың ою-өрнегі)

Мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

Ата заң қашан қабылданды? (30 тамыз 1995 жылы)

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні. (16 желтоқсан1991 жыл)

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебені қашан алды? (1997 жылы)

«Үш бәйтерек» аталған қайраткерлер кімдер? (Сәкен,Бейімбет, Ілияс)

Абайды дүние жүзіне танытқан кім? (Мұхтар Әуезов)

1-жүргізуші:

2-топқа сұрақ.

Мемлекеттік Елтаңбамызда не бейнеленген? (ортасындашаңырақ,екі жағында тұлпар, жоғары жағында жұлдыз,астында «Қазақстан» деп жазылған)

Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уәлихан)

Қаз. Респ. Рәміздер күні.(4 маусым)

Тіл қандай құрал? (Қатынас құралы)

Алматыда Тәуелсіздік монументі қай жылы ашылды? (1996 жылы)

Тұңғыш Президент күнін алғаш рет қашан тойладық? (2012 жылы 1желтоқсан)

Үш биді ата (Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би)

«Оян,қазақ» шығармасының авторы. (Міржақып Дулатов)


2-жүргізуші:2-бөлім: «Жеті жұрттың тілін біл»

1-топқа сұрақ

Тіл тас жарады, тас жармаса ....... жарады. (Бас-голова)

Дәлелсіз сөз ....... тең. (желмен-ветерок)

Ине көзінен сынады, шешен .........сынады.(сөзінен-слово)

Піл көтермегенді ......көтереді. (тіл-язык)

Жеті жұрттың тілін біл,.......... түрлі ілім біл. (жеті-семь)

Шешеннің сөзі ортақ,........... қолы ортақ. (шебердің-мастер)

Қаһарлы сөз қамал ................. (бұзар-разрушать)

Бас кеспек болса да .........кеспек жоқ. (тіл-язык)

Айтылған сөз атылған .... тең. (оқпен-пуля)

1-жүргізуші:

2-топқа сұрақ.

Бал тамған тілден ... да тамар. (у-яд)

Тауды ,тасты жел бұзар,.... сөз бұзар. (адамзатты- человечество)

Жақсы сөз .... ырыс (жарым-половина)

Жақсы байқап ..... жаман шайқап...... (сөйлер-говорить)

Тіл қылыштан .... (өткір-острый)

Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ...өсіреді.(ой-мысль)

.....уы тісінде,адамның уы тілінде.(жыланның-змея)

Тілден артық ...... жоқ.(қазына-клад)

Сүңгі жарасы бітер,тіл ....бітпес.(жарасы-рана)

2-жүргізуші: 3-бөлім: «Кім тапқыр»

Жұмбақ жасырылады, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң жауабына сәйкес мақал-мәтел айту керек.

1-топқа сұрақ:

Шыңдары шырқау,көшіп жүр бір тау (түйе)

Мақал: Көрмес түйені де көрмес.

Жайған жастық сөгілді,аппақ мамық төгілді. (қар)

Мақал: Қалауын тапса қар жанар.

Желден желігеді,судан шегінеді. (от)

Мақал: Отан оттан да ыстық


1-жүргізуші: 2-топқа сұрақ

Жылт-жылт етеді,жырадан өтеді. (су)

Мақал: Судың да сұрауы бар.

Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (көз)

Мақал:Көз қорқақ,қол батыр.

Сылдырдан қорқады,шошынып жортады. (қоян)

Мақал: Қоянды қамыс,ерді намыс өлтіреді.

2-жүргізуші: 4-бөлім: «Мұны білесің бе?»

1-топқа сұрақ.

Жеті атаны білесің бе? (әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

Үш байлықты ата. (денсаулық,ақ жаулық,бес саулық)

Төрт түліктің пірлері. (Ойсыл қара,Қамбар ата,Зеңгібаба,Шопан ата)

Жетті жұтты атаңыз. (құрғақшылық,жұт,өрт,оба,соғыс,топан су,зілзала)

Үш қуат.(Ақыл,жүрек,тіл)

1-жүргізуші:


2-топқа сұрақ

Жеті қазынаны ата (ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрікат,қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы)

Үш арсызды ата. (ұйқы,тамақ,күлкі)

Төрт құбыланы ата. (батыс,шығыс,оңтүстік,солтүстік)

Жеті қат көкті ата. (Ай,Күн, Шолпан,Есекқырған(Меркурий),Қызылжұлдыз (Марс),Сатурн,Мүштәри(Юпитер)

Үш нәрсе аз болса да көп болады. (қайыр-садақа,сауап,дұға)



2-жүргізуші: 5-бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»А,Е,Ә,К,Ж,Б,С,Қ,Н,О

1-топқа сұрақ

Бос уақытта не істейсің?

Жасың нешеде?

Аспанда қанша жұлдыз бар?

Бақа қайда мекендейді?

Ең әдемі есім.

Неден қорқасың?

Бақыт деген не?

Қандай кітап оқисың?

Тәуелсіздікті қашан алдық?

Абай кім?

Оқу құралы.

Бір қала аты.

Қандай адам батыр?

Дене мүшенің бірін ата.

Спорттың қай түрімен айналысасың.

Адам көркі не?

Ақ халатты жандар деген кім?

Суретке кіммен түсесің?

1-жүргізуші: 2-топқа сұрақ

Гүлдің қай түрін ұнатасың?

Қалаға қашан барасың?

Қой баққанды ұнатасың ба?

Автокөлік атауы

Қараңғылықты ұнатасың ба?

Досың қандай адам?

Тойға кіммен барасың?

Билей аласың ба?

Айнадан кімді көресің?

Гүлді неге егесің?

Балықтың қандай түрін білесің?

Қазіргі көңіл күйіңіз қандай?

Жаңа жыл несімен қызықты?

Қай аспапта ойнай аласың№

Атың кім?

Қазіргі уақытта не істеп тұрсың?

Бастық болсаң не істер едің?

Оқу құралы.

2-жүргізуші:

6-бөлім: «Қызықты сөздер»

1-топқа сұрақ

Карта. (Жер көлемінің кішірейтілген нұсқасы)

Нумизматика. (Ақша айналымының тарихын зерттейтінғылым)

Шекпен. (түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқыкиім)

Конституция. (Ата заң)

Саба,торсық,келі,күбі. (қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары)

1-жүргізуші:

2-топқа сұрақ

Шаңырақ (киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғары бөлігі)

Геродот. (батыстың «Тарих атасы»)

Тымақ. (түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі)

Томирис. (Сақтардың патшайымы)

Кебеже,абдыра,жастық ағаш. (үйдің негізгі жиһаздары)


2-жүргізуші: 7-бөлім: «Ымды түсінбеген,дымды түсінбейді»

1-топқа берілетін сөздер:

Қоян,Қасқыр,тауық,аю,ұялы телефон,сиыр,күннің көзі,ағаш,көзәйнек,аққу,арыстан,фотоаппарат,футбол,сағат,дәрігер,мұғалім,құрылысшы,сот,полиция,диктор,диджей.

1-жүргізуші: 2-топқа берілетін сөздер:

Тіс ысу,жүгіру,тамақ әзірлеу,компьютерде жазу,өлең оқу,жуыну,кір жуу,билеу,шашты жөндеу,гитарада ойнау,жылау,ренжу,ашулану,шаршау, сатушы,әнші,балерина,аспазшы,тігінші,кондуктор,шофер

2-жүргізуші: 8-бөлім: «Мақалды жалғастыр»

Кемшіліксіз (дос) іздеген адам (доссыз) қалады.

Дұшпан (күлдіріп) айтады,дос (жылатып) айтады.

Жаңылмайтын (жақ) жоқ,сүрінбейтін тұяқ (жоқ)

(киімнің) жаңасы жақсы, (достың) көнесі жақсы.

(көп) ақшаң болғанша,көп досың (болсын)

Досы көппен (сыйлас),досы жоқпен (сырлас)






1-жүргізуші:

Досы (жақсының) өзі де жақсы.

(Дос) басқа қарайды, (дұшпан) аяққа қарайды.

Ақылсыз (достан) ақылды дұшпан (артық)

Досың мың (болса да аз), (дұшпаның) біреу болса да көп.

(Доссыз) адам тамыры жоқ (ағашпен) тең.

(Білімдімен) дос болсаң,сасқанда ақылын айтар

(Білімсізбен) дос болсаң,топ ішінде бетің қайтар.

1-жүргізуші:

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана

2-жүргізуші:

Туған жері-түп қазығы,айбыны

Туған тілі-сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр,салт-санасы-тірегі

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мен-Тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағымын» атты сайыс ойынымызды аяқтаймыз. Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін зор алғыс білдіреміз. Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі